Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесі



бет13/13
Дата12.09.2023
өлшемі85,36 Kb.
#106971
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Бақылау сұрақтары
1. Метапәндік сабақтың оқыту үдерісінде ұйымдастырып жүрген сабақтан ерекшелігі неде?
2. Метапәндік сабақты ұйымдастыру жолдарын атаңыз.



1

№ 15
дәріс

Метапәндік нәтижелер

  1. Метапәндік білім

  2. Метапәндік білік

  3. Метапәндік дағды



Мақсаты: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін бастауыш сынып оқушыларын метапәндік нәтижелерге қол жеткізуі үшін қажетті білім, білікпен қаруландыру.


Метапәндік нәтижелер – оқушының оқу үдерісі барасында меңгерген оқу әрекеттері (танымдық, реттеуші, коммуникативті). Метапәндік нәтижелерді қалыптастыру негізінде оқу әрекетінің барлық компоненттерін (танымдық және оқу мотиві, оқу мақсаты, оқу міндеті, оқу іс-әрекеттері мен амалдар) толыққанды меңгеруді көздейтін «оқи алу қабілеті» жатыр.
Метапәндік білім беру нәтижелері оқушылар бойында мыналар дамытылады деп болжайды:
- философиялық және жалпы пәндік мектеп пәндерін оқу кезінде саналы түрде пайдалану есебінен түрлі пәндік аумақтардағы сенімді бағдарлану;
- ақпараттық-логикалық сипаттағы негізгі жалпы оқу біліктерін, дербес оқу қызметін ұйымдастыру біліктерін, ақпараттық сипаттағы негізгі әмбебап біліктерді, білім алудың негізгі әдісі ретінде ақпараттық үлгілеуді, ақпараттың түрлі түрлерін жинау, сақтау, түрлендіру және беру үшін ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану біліктері мен дағдыларының кең спектрін, зерттеу қызметінің, виртуалды эксперименттер жүргізудің базалық дағдыларын, жаңа аспаптық құралдарды игерудің тәсілдері және әдістерін, балалар және ересектермен өнімді әрекеттестік пен серіктестіктің негіздерін меңгеру.
Зерттеу барысында Ресей Федерациясының «Мемлекеттік білім беру стандартында» метапәндік нәтижелерге қойылатын талаптары ретінде мыналарды алға тартатындығын аңғардық (бастауыш мектеп мысалында):
• оқу мақсаты мен міндетін қабылдау және сақтау, тәжірибелік міндетті танымдыққа өз бетінше түрлендіру қабілетін меңгеру;
• қойылған міндетке және оны іске асыру талаптарына сәйкес өз әрекеттерін жоспарлау, бақылау және бағалау білігі;
• оқу әрекетінің жетістігін/сәтсіздігін түсіну білігі;
• танымдық және тұлғалық рефлексияның бастапқы нысандарын игеру;
• ақпарат пен коммуникацияның түрлі құралдарын пайдаланумен ақпараттық, танымдық және тәжірибелік әрекетті жүзеге асыру білігі;
• зерттелетін объектілер мен процестердің үлгілерін құру үшін ақпарат ұсынудың белгі-символдық құралдарын, оқу және тәжірибелік міндеттерді орындау сызбаларын пайдалану білігі;
• тектік-түрлік белгілер бойынша салыстыру, талдау, жалпылау, ең қарапайым жіктеуді жүргізу, аналогияны анықтау, белгілі түсініктерге жатқызу білігі;
• пәнаралық түсініктерді игеру [1].
Метапәндік тәсілдеменің ең басты ерекшелігі тәсілдемені білім берудің түрлі пәндік салаларында жүзеге асыруға болады. Осы мәселе төңірегінде де зерттеулер, талдаулар жүргізілген. Солардың бірі С.И.Львова және В.В.Львовалардың «Используем знания русского языка на других уроках» құралында қарастырылады. Бұл құралда ұсынылған тапсырмалар орыс тілі сабағында алған білімдерін әртүрлі пәндік салаларда қалай пайдаланылатыны көрсетілген. Төменде солардың кейбіреуіне тоқталып көрейік.
Мысалы: «Тарих» пәні. 101-жаттығу. «Археология», «хронология», «астрономия» сөздерінің лексикалық мағынасын түсіндір. Ежелгі дәуір тарихы курсында бұл терминдердің қалай қолданылғанын түсіндір [18, c.48].
«Математика» пәні. 83-жаттығу. Оқулықтан бес бұйрық сөйлемді тауып жаз. Оқулықта берілген мәтіндегі олардың рөлін анықта [19, c.54].
Тапсырмалар лингвистикалық ұғымды, тілдік құбылысты бейнелейтін қосымша материалды табумен байланысты болуы мүмкін.
Осыған орай, әдебиеттері мен нормативтік құжаттарға талдаулар жүргізудің негізінде өзге шет елде тілді метапәндік тұрғыдан оқыту мәселесі қарастырылғанымен, отандық зерттеулерде бұл мәселенің жеткілікті деңгейде зерттелмегендігін байқаймыз.
Осының салдарынан «метапәндік тәсілдеме», «пәнаралық байланыс», «интеграция» ұғымдарының ара жіктері айқандалмауы арасында және қазақ тілін оқытудың метапәндік тәсілдемесін жүзеге асырудың теориясы мен практикасы арасында қарама-қайшылық туындап отыр.
Сондықтан біз алдымызға бастауыш білім берудің түрлі пәндік салаларында қазақ тілін оқытудың метапәндік тәсілдемесін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу мақсатын қойып отырмыз.
Егер бастауыш білім берудің түрлі пәндік салаларында қазақ тілін оқытудың метапәндік тәсілдемесі теориялық тұрғыдан негізделіп, оның әдістемесі жасалса, онда бұл оқушылардың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына және тілдік дағдыларды жете меңгеруіне мүмкіндік береді деп болжам жасауға болады.
Бүгінгі таңда метапәндік оқыту қажеттілігі айқын, себебі мектепте баланы неге оқыту керек болса, ол – шығармашылық ойлау. Мектептегі балалар мұғалімнен немесе оқулықтардан бұрын біреудің ашқан жаңалықтарын біліп қана қоймай, олардың өздері аталмыш жаңалықтарды қайта аша алатын немесе өзіндік жаңалықтарды жариялай алатын кезде ғана қызығушылықпен оқитын болады. Егер кемеңгерлік жаңалықтың ашылу жағдайы «нақты» ақиқат секілді өзекті түрде сыныпта қайтадан ұсынылып және бастан кешірілетін болады, ал алынған білім енді ешқашан ұмытылмайды. Себебі «адамның өзінің көзі жететін қорытындылар біреудің бастан кешкендеріне қарағанда оны көбірек сендіреді» (Паскаль). Осы жағдайда ғана оқушылар мектеп партасында отырып, нағыз зерттеуші-алғашқы жаңалық ашушыларға айналады.
Бақылау сұрақтары
1.Бастауыш сынып оқушылары метапәндік нәтижеге қалай қол жеткізе алады?
2. Нақты бір тақырып бойынша оқушының қол жеткізуі тиіс метапәндік нәтижелерін атаңыз.



1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет