Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесі



бет8/13
Дата12.09.2023
өлшемі85,36 Kb.
#106971
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың қазіргі кездегі жай күйі
Мектеп және жоғары білім берудің барлық сатыларын реформалау, мемлекеттік білім беру стандартын, педагогтың кәсіби стандартын енгізу жағдайында жаңа буын мұғалімін дайындау мәселесі өзекті болып қалуда. Бүгінгі таңда әлемдік білім беру парадигмасының негізгі идеясы-қоғамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін ескере отырып шығармашылықпен жұмыс істейтін, өмір бойы өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге дайын және қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау. Олар, өз кезегінде, оқушылардың жеке қасиеттерін жан-жақты дамытуға дайын болуы керек. Болашақ педагогтерді сапалы дайындау болашақ кәсіби қызмет моделі контекстінде “осында және қазір өмір сүруге үйрету” ретінде пайда болатын тұлғаның өзін-өзі анықтауымен және өзін-өзі жүзеге асыруымен байланысты пәнаралық іскерлікті қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар, мектеп түлегі жаңа жағдайда бағдарлауға, мәселелік міндеттерді өз бетінше шешуге, өз еңбегінің нәтижелерін дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін әмбебап біліктердің жиынтығын меңгеруі тиіс. Оқу процесін оңтайландыру, оның тиімділігін көтеру үшін заманауи мектеп және жоғары оқу орны алдына түрлі тәсілдемелер мен технологияларды белсенді негіздеу қажеттігі қойылған. Қазіргі күні метабілімдер мен метатәсілдерді қалыптастыру оқытудың орталық міндетіне айналып отыр. Білім берудегі метапәндік тәсілдеме бөліктерге бөлінуден әлемді тұтас қабылдауға, метаәрекетке көшуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар метапәндік тәсілдеме болашақ бастауыш сынып мұғалімінің метабілік, метанәтижелерге қол жеткізуіне жол ашады. Пәндерді метапәндік тұрғыда оқыту жайына жасалған талдау бұл мәселе жайында біртұтас және жүйелі әдіснаманың жоқ екенін көрсетті. Сонымен қатар бастауыш білім беру мазмұнында метапәндік компонентті жобалау ерекшеліктері де анықталмағаны байқалды. Осыған байланысты қазіргі таңда – метапәндік оқыту негізінде жүзеге асырылатын оқу әрекетін қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің қоғамдық сұранысы мен оған деген бастауыш сынып оқушыларының қабілеттілігі мен дайындығын анықтау және оны шешуге педагогтардың дайындығының жеткіліксіздігі арасында; – бастауыш білімнің метапәндік мазмұнын көрсетуге мүмкіндік беретін ішкі және сыртқы алғышарттарды, оны жобалау технологияларын негіздеу қажеттігі мен бұл аспектінің педагогика териясы және практикасында жеткілікті қарастырылмауы арасында қарама қайшылықтар туындап отыр. Осыған байланысты педагогикалық ЖОО-да метапәндік оқыту мазмұнының қажеттілігі туралы айту қажет.


Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың әдіснамалық және теориялық негіздері
Тұжырымдама философиядағы таным теориясының эмпирикалық және теориялық таным деңгейлері туралы ілімін, іс-әрекет теориясын, оқушыны өз әрекетінің субъектісі, үнемі дамушы сипаттағы жеке тұлға деп тану теориясын тірек етеді. Тұжырымдаманың негізгі идеясы мынадай тіректерге негізделеді: – бастауыш сыныпта білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту – оқушылардың тео
риялық ойлауы мен тілін дамыту мақсатына қол жеткізуі; – оқу-әдістемелік кешен – студенттердің оқутанымдық белсенділігін дамыту құралы; – болашақ бастауыш сынып педагогтерінің метапәндік тәсілдеме ұғымын теориялық әдістәсілдер арқылы терең танып білуі.
«Тұжырымдаманың» әдіснамалық негіздемесі: білім берудің маңызды құндылық негіздерін тиянақтайтын аксиологиялық тұғыр; білім алушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы білім беру мазмұнының метапәндік компонентінің маңыздылығын негіздеуге мүмкіндік беретін жүйелі-әрекеттік тәсілдеме; тұлғаның іс-әрекетте қалыптасуы туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық ілімдер, тұжырымдамалар, ақыл-ой іс-әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы; өзін өзі дамыту туралы тұжырымдамалар; тұлғалық-бағдарлы оқыту тұжырымдамасы, инновациялық технологиялар туралы педагогика мен психологиядағы теориялық қағидалар, оқытудың дидактикалық заңдары мен принциптері.
«Тұжырымдаманың» теориялық негіздемесі:
– білім беру мазмұнының теориялық негізі оның компонеттерін айқындау және құрылымдау ғылыми категория ретінде В.В. Краевский [В.В. Краевский, 1994, 39 бет], B.C. Леднев [B.C. Леднев, 1991, 110 бет], И.Я. Лернер [И.Я. Лернер, 1983, 67-69 беттер], М.Н. Скаткин [М.Н. Скаткин, 1981, 13 бет], А.В. Хуторской [URL: http:// khutorskoy.ru/ be/2012/1127/index.htm (өтініш берген күні: 25.12.2015)] және т.б; -«метаәрекет», «мета-білім», «мета-тәсіл», «мета-білік», «мета-тақырып» түсініктерінің мәні, білім берудегі метапәннің феноменологиялық сипаттамаларын зерттеу М.Н.Ахметова [М.Н.Ахметова, 2015, 5 бет], К.Ю. Колесина [К.Ю. Колесина, 2009, 43 бет], Ю.Н.Кулюткин [Ю.Н.Кулюткин, 2002, 72 бет], А.В.Позднякова [А.В.Позднякова, 2009, 10 бет], В.В. Сериков [В.В. Сериков, 1998, 18 бет] және т.б.);
-жалпыға бірдей білім беру қызметін дамытудың психологиялық-педагогикалық тұжырымдамасы А.Г. Асмолов, Г.В. Бурменская, И.А. Володарская [А.Г. Асмолов, Г.В. Бурменская, И.А. Володарская., 2010, 120 бет] және т.б;
– бастауыш жалпы білім берудің дамуына бағдарланған бағдарларды, оның мазмұны мен ұйымдастырушылық нысандарын зерттеу, жалпыға білім беру беретін орта мектеп бағдарламасы (А.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас, М.В.Ведищенкова, Е.Л.Никитина [А.Е.Жұмабаева, М.В.Ведищенкова, Е.Л.Никитина, 2016, 107-117 беттер] және т.б.);
-бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін ұйымдастырудың технологиялық аспектілері, құрылымы туралы еңбектер; (Л.С. Выготский [Л.С. Выготский, 2005, 98 бет], В.В. Давыдов [В.В. Давыдов, 1996, 35 бет], Д.Б. Эльконин [Д.Б. Эльконин, 1995, 39 бет] және т.б.);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет