Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесі



бет3/13
Дата12.09.2023
өлшемі85,36 Kb.
#106971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Бақылау сұрақтары:



  1. Мета, метапәндік тұрғыда оқыту дегенді қалай түсінесің?

  2. Бастауыш білім берудегі метапәндік тәсілдеме пәні не үшін керек?

  3. Оқу пәнінің алдына қойған міндеттері қандай?

  4. Оқу пәні психологиямен қалай байланысады?

  5. Тіл білімімен ше?

  6. Педагогика ғылымымен қандай байланысы бар?

  7. Пәннің мазмұнына не кіреді?

  8. Зерттеу әдістерінің әдістеме ғылымындағы орны қандай?

  9. Әдістеме ғылымында қандай зерттеу әдістері қолданылады?



Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары:
1. Шағын жинақты бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің нысанына, мақсат-міндеттеріне қысқаша сипаттама беру.


Қажетті әдебиеттер:

  1. Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего школьника. - М., 1974.- 315 с.

  2. Максимова В.Н., Зверев И.Д. Межпредметные связи в современной школе. - М.: Педагогика, 1981. - 219 с.

  3. Выготский Л.С. Психология. – М.: Апрель Пресс, 2000. - 1006 с.

  4. Мұханбетжанова А.М. Бастауыш білімнің интеграциясы арқылы оқушыларда дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың теориялықәдіснамалық негіздері: пед.ғыл.док. ... дис.: 13.00.01. – Алматы, 2001. - 362 б.




1

№ 2-3
дәріс

Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту мәселесінің зерттелу жайы

  1. Мета, метапән ұғымдарының зерттелу жайы

  2. Метапәндік тұрғыда оқыту мәселесін зерттеген шетел, ресей ғалымдары

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Мақсаты: Мета, метапән, метапәндік тұрғыда оқыту мәселесі зерттеген ғалымдар еңбектерімен таныстыру
Метапәндік тәсілдеме идеясының ауқымды қолданылуын сонымен қатар Ресей Федерациясының білім беру жүйесінде табылған, мұнда метапәндік тәсілдеме бастауыш, негізгі және орта (толық) жалпы білім берудің Федералды мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде жатыр. Метапәндік тәсілдеменің тиімділігі эксперименттік тұрғыдан дәлелденген және А.Г. Асмолов, Ю.В. Громыко, Н.В. Громыко, А.В. Хуторский, Е.Я. Аршанский, О.В. Петунин, В.Р. Имакаева, Л.В. Квитова, К.Ю. Колесина, М.Р. Леонтева және т.б. ресей ғалымдарының көптеген жарияланымдарымен расталған.
Ғалымдар өз еңбектерінде метапәндік оқытудың негізгі ұғымдарына анықтама беріп қана қоймай, сонымен бірге білім беру тәжірибесіндегі метапән тәсілін іске асырудың негізгі технологияларын, әдістері мен тәсілдерін сипаттайды. Сонымен қатар білім берудегі метапәндік тәсілдеме түрлі ғылыми пәндердің бытыраңқылығы, бөлшектенуі, байланыссыздығы мәселесін шешу үшін дайындалды деген қорытындыға келеді.
Ю. В. Громыко, білім берудегі метапәндік тәсілдеме сұрақтарын негізгі өңдеуші болып табылып, метапәндік тәсілдемесі ой қызметтік педагогикаға базаланатындығын және білімдерді пәндерге бөлудің қолданыстағы тәжірибесінен әлемді тұтас бейнелік қабылдауға, тар пәндік қызметтен пәндік қызметке өтуді қамтамасыз ететіндігін атап өтеді.
Ю. В. Громыко метапәндік мазмұн деп нақты оқу пәніне қатысы жоқ, керісінше, кез келген оқу пәнінің аясында оқыту процесін қамтамасыз ететін әрекетті түсінеді [2].
Метапәндік тәсілдеме өзектілігі білім беру тәжірибесінің жаңа үрдісі ретінде синтездің жаңа бір өзіндік желісі ретінде қарастырылады, сол арқылы ол қосалқы сала технологияларының пайда болуына ықпал етеді. Метапәндік тәсілдемені бірқатар түйінді түсініктерінің мағынасына жатқызамыз.
Бүгінгі таңда қатардағы мұғалім «метапән» ұғымын түсіне қоймайды, «метапәндік тәсілдемені» сабақта қалай қолдануға болатынын түсінбейді. Көбісі жобалық әрекет дегенді түсініп үлгерген жоқ, енді метажобамен оқыту пайда болды. Сол себепті осы ұғымға қатысты, сонымен қатар метапіндік және пәнаралық байланыстар туралы сұрақтар әлі де көп туындауда. Әрине, көптеген мұғалімдер метапәндік тәсілдемені еркін меңгеріп алды. Алайда метапәндік тәсілдеме барлық мұғалімдерге түсінікті болуы үшін ауқымды жұмыс атқару қажет. Сондықтан, ең алдымен, «метапәндік» ұғымын теориялық тұрғыда және оны сабақта қолдану практикасы тұрғысынан түсініп алу керек.
Мета — «үсті», «жалпыланған», «интеграцияланатын».
Аралық — «мынаған да, басқасына да жақын», «бірдеңемен аралас».
Метапәндік — білім беру мазмұнына жалпы дүние тану (пән үстілік) интерпретацияға оқытудың бағыттылығы.
Пәнаралық — жалпыланған білімді немесе анықталған құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында бірнеше пәндерден немесе оқу пәндерінен білімдердің интеграциясына оқытудың бағыттылығы.
Пәнаралық әртүрлі пәндік аумақтардан қандай да бір құбылыстардың араласуымен негізделген, ал метапәндік пән негіздеріне жүгінулікті білдіреді [2, б. 14] .
Пәнаралық сабақтасудың нәтижесі пән болып табылады, ал метапәндік тәсілдің нәтижесі үрдіс, желі, аяқталмаушылық болып табылады. Бір сабақ ешқандай жағдайда желі бола алмайды. Сондықтан «метапәндік сабақ» туралы айтудың қажеті жоқ, дұрысы сабақтағы «метапәндік тәсіл» туралы айту керек.
Сабақтағы метапәндік тәсіл сабақтастықты мазмұн деңгейінде ғана емес, сонымен бірге өзіндік жолмен білімді алуға бағытталған қызметтің белгілі бір типтеріне қабілеттерді ұйымдастыру деңгейінде сабақтастықты болжайды. Мұндай үрдістің нәтижесі білімдер мен өмірлік қарекеттің әртүрлі аумақтарында қолданылатын, белгілі бір қабілетті игеру болып табылады. Шын мәнінде, оқытудағы метапәндік тәсіл арқасында оқушылар икемді болады, себебі олар кез-келген бейтаныс жағдайларда қолдана алатын, әмбебап оқу әрекеттерін игереді. Шын өмірде оқушылар өз білімдері мен біліктерін қолдана отырып, жылдам әрекет ете және шешімдерді қабылдай алады. Нәтижесінде бітіруші түлек табысты әрі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болады. Пәндердің өзінділігі, олардың бір-бірімен әлсіз байланысы оқушыларды әлемнің тұтас бейнесін құрудағы күрделі қиындықтарды туғызады, мәдениеттің шектеулі қабылдануына кедергі келтіреді. Бұдан оқытудағы метапәндік және пәнаралық байланыстарды қолдану қажеттілігі туындайды.
Песталоццидің сөздерімен айтсақ: «Оқыту үрдісі бір жағынан, жеке пәндерді өзара шектейтіндей, ал екінші жағынан – біздің санамызға зор айқындылықты енгізе отырып, біздің санамыздағы ұқсас әрі жақын ұғымдарды біріктіру және оларды толық нақтылағаннан кейін айқын ұғымдарға дейін жоғарылататындай етіп құрылуы тиіс» [5].
Метапәндер – бұл жаңа білім беру нысаны, ол әдеттегі оқу пәндерінің үстінен қалыптасады.
Метапәндік тәсілдеме баланың білімдер жүйесін игеріп қана қоймай, сонымен бірге әрекеттердің әмбебап тәсілдерін игеріп және олардың көмегімен әлем туралы ақпаратты өздігімен алатындығын болжайды.
Метапәндер — бұл дәстүрлі оқу пәндерінің үстінен құрылатын білім беру нысаны. Балалар мен жастардың қосымша білім беру жүйесіндегі білім беру үрдісі дәстүрлі пәндік қатынас саласында емес, пәндік және метапәндік құрамдауыштардың үйлесімділігінде құрылады.
Метапәндік тәсілдеме оқушылардың бойынша білімдерді пәндерге бөлуден әлемнің тұтас бейнесін құруға өтуіне мүмкіндік береді. Метапәнділікке қол жеткізудің негізгі құралдары метапәндер, пәнүстілік бағдарламалар, метапәндік тақырыптар және метапәндік қызмет болып табылады.
Пәнүстілік бағдарламалар — бұл жағдаяттық тапсырмаларды шешу үрдісінде іске асырылатын және оқушылардың өзекті әлеуметтік-мәдени және тұлғалық маңызды мәселелерін шешуге бағытталған, педагог пен оқушылардың біріккен қызметінің бағдарламасы.
Метапәндік тақырыптар — қосымша білім беру бағдарламаларының аясында әлем туралы онтологиялық ұғымдарды және ондағы адамның орны мен рөлін ұғынуды қалыптастыруға мүмкіндік беретін, метапәндік тақырыптарды қолдануға болады.
Метапәндік қызмет — зерттеу, жобалау, коммуникациялық, ойын қызметі және сәтті әлеуметтену, жеке және кәсіби өзіндік анықтау үшін қажетті оқушылардың маңызды құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін өзге қызмет.
Осылайша, балалар мен жастарға қосымша білім беру жүйесінде метапәндік тәсілдемені қолдану оның негізгі мақсатын іске асыруға ықпал етеді, ол – жеке тұлғаны дамытуға, оның тарих пен мәдениет кеңістігі мәнмәтінінде өзіндік даму және өзіндік анықтауға іргетастық қабілеттерді дамытуға ықпал етеді.
Бұл – жаңа үлгідегі оқу пәні, оның негізінде оқу материалын интеграциялаудың ойлау қызметінің түрі және ойлаудың негізгі қабілеттеріне – «білім», «белгі», «проблема», «міндет», рефлекстік қатынас принципі жатыр.
Мысалы, «Белгі» метапәні аясында оқушыда «сызбалау» қабілеті қалыптасады. Олар сызбалар арқылы өз ойларын, түсініктерін, не ойлауға ниеттенгендерін, не істегілері келетіндіктерін көрсетіп үйренеді.
Басқа метапәннің – «Білім» аясында – өзіндік қабілеттер блогы қалыптасады. Олардың қатарына, мысалы, қабілеттерді жүйелейтін түсініктермен жұмыс істеу қабілетін (яғни білім жүйелерімен жұмыс істеу қабілетін) жатқызуға болады.
«Мәселе» метапәнін зерделей отырып, оқушылар осы күнге дейін шешімін таппаған айқын проблемаларды талқылап үйренеді. «Мәселе» метапәнінде білім алушылар проблемалармен жұмыс істеу үшін тиісті деңгейде жабдықталады: олар позициялық тұрғыда талдау техникасын, көп позиция тұрғысынан диалог ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгереді, проблемалау, мақсатты тұжырымдау, өздігімен айқындау және т.б. қабілеттерін дамытады.
«Міндет» метапәнінде білім алушылар міндеттердің әртүрлі түрлері және оларды шешу тәсілдері туралы білім алады. «Міндет» метапәнін зерделеу кезінде оқушыда жағдайларды түсіну және сызбалау, міндет объектілерін үлгілеу, шешу тәсілдерін конструкциялау, мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс процедураларын құру қабілеттері қалыптасады.
Метапәндік тәсіл маңызды түсініктерді, білім беру және рефлексифті іс-әрекеттерді қайта ойластыруды білдіреді. Метапәндік тәсілді жүзеге асыруға дамыта оқыту технологиясының тәсілдері ықпал етеді. Сабақ барысында дамыта оқыту тәсілдерін пайдалану олардың бойында оқу міндеттерін қабілеті мен оны шешу тәсілдерін табу қабілетін; өз іс-әрекетін рефлексиялау қабілетін; пайымдау дербестілігін қалыптастырады.
Сөйтіп, метапәндік тәсіл кезінде әлем туралы біртұтас түсінік қалыптасады; қосалқы пәндерге жататын, бірақ, кез келген пәндік материалмен жұмыс кезінде қайта қалпына келтірілетін жалпы тәсілдерге, ой жұмыстарының үлгілеріне оқыту жүргізіледі; басқа білім облысындағы сабақтарды пәнге тарту және әр оқушының жеке практикалық тәжірибесін тірек ету арқылы оқушылардың оқуға деген ынтасы артады; сабақтағы іс-әрекет тәсілдері әмбебап болып табылады, яғни, әр түрлі пәндік облыстарда пайдаланылады.
Метапәндік тәсіл баланың жүйелі білімді меңгеруін ғана емес, сонымен қатар, іс-әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгереді дегенді білдіреді. Олардың көмегімен ол әлем туралы ақпаратты өзі таба алады.
Метапәндік тәсіл ерекшеліктері:
1. Оқушылардың іс-әрекетімен міндетті түрде жұмыс жасау.
2. Мектеп оқушыларының бойында базалық қабілеттерді дамыту (ойлау, қиялдау, айырмашылықты білдіретін тәсілдер, мақсат қоюға немесе өзін-өзі анықтау қабілеттілігі және т.с.с).
3. Метапәндік тәсілдердің әр түрлі типтерін пайдаланудағы жаңашылдық. С.В.Галянның пікірінше, метапәндік сабақтың негізгі әдістемелік ұстанымдары: субъектілеу (білім беру процесінің барлық қатысушыларының тең құқылығы);
• метапәнділік (нәтижеге жетудің жалпы тәсілдерін қалыптастыру);
• іс-әрекеттік тәсіл (іздеушілік және зерттеушілік іс-әрекеті барысындағы білім алушылардың дербестілігі);
• рефлексиялылық (өзінің іс-әрекетін білімге қатысты қайта талдау қажет болатын жағдай);
• импровизациялылық (педагогтың сабақты өткізу кезінде оның барысын өзгерту мен түзетуге дайындығы).
Бастауыш мектепте қалайша оқу пәндерін оқыту кезінде метапәндік тәсілді жүзеге асыруға болады? Метапәндік жетістіктерге жетудің тиімді құралы заманауи білім беру технологияларын пайдалану болуы мүмкін, оның негізіне жүйелік-іс-әрекеттік тәсіл мен тұлғаға бағдарланған білім беру салынған .
Оларды мысалдар арқылы қарастырайық:
Тұлғаның гуманитарлық сапаларының қалыптасқандығын сипаттайтын метапәндік тәсіл көрсеткіштері:
-субъектілік – оқушының өзін өзіндік ұстанымы, өзіндік бірегей тәжірибесі бар субъект ретінде сезінуі;
білімнің жеке бастылығы – жеке бас құрылымына енген білімнің болуы; диалогтілік (полилогтілік).
Г.А. Андрианова, А.Д. Король, С.Г. Полищук, Т.В. Свитова, Ю.В. Скрипкина, А.В. Хуторскийдің ғылыми жұмыстарында талдау метапәндік тәсіл нақты мағынасында адамның құрылуын – жасампаздықта, ішкі секілді, сыртқы білім беру өнімдерін құруда түсіндірілетіндігін анықтайды. А.В. Хуторскийдің идеяларына сәйкес метапәндік деп әртүрлі ғылымдардың (оқу пәндері) білімдерінің (фактілер, заңдар, заңдылықтар) арасындағы ішкі байланысты анықтау, нақтылау және ой елегінен өткізу түсіндіріледі.
А.В. Хуторский бойынша метапәндік білім беру екі он жылдықтан астам уақыт бойы оқытудың және оқу метапәндерінің метапәндік мазмұнына негізделген метапәндік білім беру қызметі арқылы іске асырылады.
А.В. Хуторской метапәнділікті оқу пәндерінен кетіп қалу емес, олардан тыс шығу ретінде сипаттайды. Метапән — бұл пәннің немесе бірнеше пәндердің артында тұрған дүние, ол олардың негізінде және біруақытта олармен түбегейлі байланыста болады.
А.В.Хуторскийдің ғылыми мектебі екі мың жалдын астап уақыт бойы метапәндік мазмұн мен оқу метапәндерін қоса алғанда, метапәндік білім беру әрекетін іске асыруда. А. В. Хуторской метапәнділікті «пәннен тыс шығу, бірақ одан кету емес. Метапән – бір пәннің немесе бірнеше пәннің сыртында оның негізінде және сонымен бір уақытта онымен түбірлік байланысты тұратын нәрсе» ретінде сипаттайды. «Метапән – бір пәннің немесе бірнеше пәннің сыртында оның негізінде және сонымен бір уақытта онымен түбірлік байланысты тұратын нәрсе. Метапәнділік пәнділіктен ажыратылуы мүмкін емес». А. В. Хуторскийдің ұстанымына сәйкес, метапәнділік – кез келген білім беру ортасының ажырамас бөлігі.
Метапәнділік пәнділіктен бөлініп алынбайды. Метапәнділік қағидасы А.В. Хуторскиймен әзірленген жетекшілердің бірі ретінде эвристикалық оқыту әдістемесіне (немесе эвристикалық дидактикаға) кіреді. Эвристикалық оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздері А.В. Хуторскиймен бірқатар ғылыми жұмыстарда мазмұндалған. Дидактикалық эвристиканың әдіснамалық негіздемесі ретінде кеңестік ғылыми мектепте әзірленген екі тәсіл шығады. Мұнда сөз А.Н. Леонтьевтің қызмет теориясы немесе Г.П. Щедровицкийдің жүйелік-ой қызмет әдіснамасы туралы болып отыр.
А.Н. Леонтьевтің тәсілі нақты қызметі субъектіні пәндік әлемге бағдарлайтын, психикалық көрініспен жанасқан өмірдің бірлігі ретінде қызметті анықтайды. Қызмет субъектінің атрибуты болып табылады, яғни субъекті қызметті іске асырады. Бұл көзқарас тұрғысынан білім беру бір-бірін ауыстыратын қызметтер жүйесі болып табылады.
Г.П. Щедровицкийдің тәсілінде қызметтің тасымалдаушысы жеке индивид емес, керісінше, қызметтің өзі индивидтерді қамтитын және өздігімен іске асырылатын субстанция болып табылады. Осы жоғарыда көрсетілген екі тәсілдерді біріктіру нәтижесінде эвристикалық қызметтің психологиялық-әдіснамалық аспекті А.В. Хуторскиймен түсіндіріледі: 1) субъектінің (оқушының) педагогпен бірге ұйымдастырылатын пәндік қызметі; 2) педагог және оқушылармен өзара әрекеттесуде құрылатын және түрленетін пәндік білімдердің генезисі және қызметтік құрылымын анықтау бойынша субъектінің қызметі ретінде. Оқушының когнитивті және креативтік қызметі ұйымдастырушылық қызметтік, әдіснамалық құрамдауыштардың көмегімен толықтырылады және ашылады.
Жаңа талаптар педагогтан білім беру мазмұнын ғана емес, білім алушылар әрекетін ұйымдастыруға деген ұстанымдарды да өзгерту қажеттігін талап етеді. Педагог метатәсілдерді пайдануға және метабілімдерді игеруге бағытталған жаңа педагогикалық жағдаяттардың, жаңа тапсырмалардың «режиссеріне» айналады. Бүгінгі таңда метапәнділік – оқу прцесін ұйымдастырудың қажет талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет