Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесі



бет2/13
Дата12.09.2023
өлшемі85,36 Kb.
#106971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дәріс тезистері метапән

Бастауыш білім берудегі метапәндік тәсілдеме курсының мазмұны. Мұнда бастауыш білім берудегі метапәндік тәсілдеме пәнінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны мен көлемі, бұл мәселенің зерттелу тарихы, зерттеу әдістері сипатталып, бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың психологиялық негіздері, жаңартылған білім мазмұны жағдайында бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың мүмкіндіктері, сонымен бірге бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесінің ерекшеліктері, оқыту әдістері, метапәндік сабақ құрылымы және оны жоспарлау, бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерін қалыптастыруға бағытталған метапәндік тапсырмаларды құрастыру, т.б. қарастырылады.
Бастауыш білім берудегі метапәндік тәсілдеме пәнінің зерттеу әдістері. Әдістеме ғылымында ой-тұжырым, ұсыныстардың нәтижелілігі, тиімділігі зерттеу әдістері арқылы іске асады. Осы зерттеу әдістерінің негізінде әдістеме ғылымының өзекті мәселелері шешімін табады, оны шешудің әдіс-тәсілдері жолдары қарастырылады. Осыған орай әдістеме ғылымында негізінен мынадай зерттеу әдістері аталады:
1. Бақылау әдісі. Мұнда оқушының сабақ үстіндегі іс-әрекеті (оқу әрекеті), үй тапсырмасын орындауы, материалды игеру қабілеті, дағдысы мен іскерлік деңгейі бақыланады.
2. Эксперимент әдісі. Эксперимент педагогикалық жаңа тәжірибе жасауға бағытталған. Ол тілдің жүйелі курсының мазмұнына зерттеуші қажет деп тапқан оқу материалының оқушыға түсініктілігін, ана тілін оқытуға ұсынылған жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа көрнекіліктердің тиімділігін анықтау үшін пайдаланылады. Эксперимент жүргізудің бірінші шарты – дәлелдеуге және тексеруге қажетті терең ойластырылған болжам болады. Әдетте боолжам, біріншіден, зерттеушінің ойынша, оқушылардың қабылдауына лайықты білім, білік, дағдыны анықтау; екіншіден, оқытудың неғұрлым қолайлы әдістері мен құралдарын іріктеп алу тұрғысынан жасалады. Екінші шарты – болжамды іске асыру үшін оқу-әдістемелік материалдар (оқушылар үшін оқу мәтіндерін, сұрақтар мен тапсырмаларды, үлестірмелі дидактикалық материалдарды) дайындау. Осыдан кейін эксперименттік оқу жүргізілетін болады. Ол бірнеше түрге бөлінеді:
1) іздену экспериментін жүргізудің мақсаты – оқыту үдерісінде пән, оның бөлімдері бойынша проблемалық мәселелерді айқындау;
2) анықтау эксперименті – ғалым-әдіскердің өз болжамын іске асыруда оқушылардың білімі мен біліктілігін анықтау мақсатында жүргізілетін тест, бақылау тапсырмалары;
3) оқыту эксперименті – оқушыларды жаңа әдістеме бойынша оқыту;
4) түзету эксперименті – оқушылардың білімі мен біліктілігіндегі байқалған олқылықтарды орнына келтіру, түзету;
5) тексеру эксперименті – ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігін дәлеледеу мақсатындағы қорытынды тексеру
Әдістеме ғылымы психологиямен тығыз байланысты. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары нерв жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп шағын жинақты бастауыш мектепте қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік мәселелерді дұрыс түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді. Оқушының оқу материалын қабылдауы, есінде сақтауы, түсінуі, ойлауының дамуы олардың жан дүниесінің ерекшелігімен байланысты. Осыған орай мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге, жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады. Оқушылардың психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Сондықтан материалды игертуде оқушылардың жас ерекшелігін ескеру – ең маңызды мәселе. Оқу бағдарламалары да, оқыту үдерісі де осы факторға негізделіп құрылады. Адамның басты ерекшелігі – сөйлеу қабілеті. Сөз – адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды құралы. Өйткені қарым-қатынассыз қоғам да, оның қозғаушы күші адам да өмір сүре алмайды. Ал қарым-қатынас тек тіл, оның көрінісі сөз арқылы іске асатыны белгілі. Психологиялық тұрғыдан тілді меңгеру – жеке тұлғаның қалыптасуының негізгі шарты.
Пән бойынша берілетін теориялық білім тәжірибе арқылы бекітілуі, яғни іскерлік пен дағдыға айналуы тиіс. Дағдыға, іскерлікке айналмаған білім тез ұмытылады. Ал дағды мен іскерлік – психологиялық ұғым. Дағды дегеніміз – адамның әрекетті орындау процесінде жасалатын саналы әрекеттің дағдыланған бөліктері. Дағдылар жаттығу арқылы туындайды. Дағды іс-әрекет процесінде оған бағынышты құрылым ретінде қалыптасады. Демек теориялық білім жаттығудың, қайталаудың негізінде дағдыға айналады. Осыған орай, оқулықтарда міндетті түрде жаттығулар беріледі, қайталау сабақтары жүргізіледі. Яғни, оқушының сабақты жақсы немесе жаман оқуы олардың психикалық әрекеттерінің дамуымен тікелей байланысты.
Әдістеме ғылымы педагогика ғылымымен тығыз байланысты. Педагогика ғылымы: дидактика және тәрбие теориясынан құралатыны белгілі. Ал оқу мен тәрбие – егіз. Дидактика мен әдістеме ғылымының қарастыратын нысандары бір. Ол – оқыту үдерісі. Айырмашылығы: дидактика білім беру, оқыту үдерісін жалпылама қарастырса, әдістеме жеке пәндерді оқыту заңдылықтарын қарастырады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі – оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме ғылымы дидактиканың ұстанымдарына, оқытудың әдіс-тәсілдеріне, тексеру формаларына, білімді бағалау нормаларына сүйенеді. Мысалы, оқушыларға ұсынылатын тілдік материалдар ғылым негіздеріне (ғылыми ұстаным) сүйене отырып, жүйелі және бірізді (жүйелілік ұстанымы), материалдың қай бөлігі қай сыныпта өтілуі алдын-ала болжанып (алдын ала болжау ұстанымы), саналы түрде (саналылылық ұстанымы), берік, тиянақты (берік, тиянақты болу ұстанымы), өмірмен байланыстыра (теорияны өмірмен байланыстыру ұстанымы) беріледі. Осыған орай әдістеме ғылымы педагогиканың бір саласы ретінде қарастырылады.
Әдістеме ғылымы тіл білімімен тікелей байланысты. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылу мазмұнын анықтау әдістеме ғылымының міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына негізделеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексикологияны оқыту әдістемесі, сөзжасамды оқыту әдістемесі, морфологияны оқыту әдістемесі, синтаксисті оқыту әдістемесі т.т. деп аталуының өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар – әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар: дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету т.т. әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет