Білім беру тәжірибесі неліктен метапәндік тәсілдемені іске асыруды қажет етеді? Біріншіден, ғылыми білімнің қызу дамуы басталды, бұрын білім беру нақты білім беру аумақтарының мамандарын даярлауға бағдарланды. Бұл оқу пәндрінің бөлшектенуіне алып келді. Әлдебір әмбебаптық, әлемді қабылдаудың тұтастығы жоғалып кетті. Бірақ технологиялық процесс ашықтықты, ақпараттанушылықты, бір мезетте білім игеру мүмкіндігін берді.
Екіншіден, метапәндік тәсілдеме оқушының, студенттің даму тұтастығын ғана емес, білім беру процесінің барлық сатыларының сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, метапәндік тұрғыдан келу білім берудің пәндік мазмұнын қайта ұйымдастыруды ұсынады, онда білім – есте сақтауға арналған мәліметтер емес, жеке тәжірибелік әрекетте саналы түрде пайдалануға арналған білімдер.
Төртіншіден, метапәнділік тиісті әрі болады деген ағында ғана емес, педагогтың перспективамен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Бұл жағдайда педагог серіктес, тьютор ролін алады.
Тьютор жұмысының мақсаты — оқушы бойында оқудың тұрақты ынтасын қалыптастыру, тұлғалық қажеттіліктерін және қажеттіліктерін, өзөзін анықтауын, өмірлік жолын саналы және жауапкершілікпен таңдауды жүзеге асыру. Тьютор сұрақты дұрыс қойып, нені меңгеру керектігін түсіндіре алады.
Мұндай педагог терең ойлы адам болып, метапәндік ойлауды игеруі керек және метапәндік тәсіл тьюторлық қолдаудың келесі кезеңдерінде жүзеге асырылатын типтік міндеттерді шешуші болып табылады.
Әлеуметтік, тұлғалық, танымдық және коммуникативтік дамытуға қатысты тьюторлық қолдау кезіндегі оқыту мен тәрбиелеудің негізгі нәтижелері оқушыларға білімді, білікті, дағдыларды, құзыреттіліктерді, әлемді тануға деген қабілеттілік пен дайындықты, оқуға серіктестікке, өзіндік білім алуға, өз-өзін дамытуға үлкен мүмкіндікті қамтамасыз етеді. П.П. Блонский айтқандай, «бала өзіне қолжетімді затты үйренеді, оны өзі білетін тәсіл арқылы үйренеді, сол себепті, баланың айналасы неғұрлым мәдени бай болса, ол сол арқылы күрделі мәдени тәсілдерді үйренуге ынта қояды және орта осы тәсілдері кеңінен қолдануға мүмкіндік береді».
Білім берудегі метапәндік ұстаным және сәйкесінше метапәндік білім беру технологиялары түрлі ғылыми пәндердің, оның салдары ретінде, оқу пәндерінің бытыраңқылығы, бөлшектенуі, байланыссыздығы мәселесін шешу үшін әзірленді. Оқушыны басқа сабаққа басқа аудиторияға жібере отырып, біз, ережеге сай, оның дамуы, ойлауының дамуы, қиялдау қабілеті немесе немесе өз таңдырын шешу қабілетінің дамуы ол жерде әрі қарай қалай жүретіні жайлы нашар түсінікте боламыз. Оқушының өзі үшін «біздің» оқу пәнін басқасының түсініктер жүйесімен қалай байланыстыратыны немесе үлгілермен қалай жұмыс жасайтыны туралы – дәл біздің мәндегідей ме, не басқаша ма, деген сияқты, ол туралы өте аз түсінікке ие боламыз. Айтқандай, оны өзіміз қалай істейміз? Шынын айтқанда, ол көбінесе ешқалай болмайды. Егер оқушы бізден бір оқу пәнін басқасымен қалай байланыстыруға болатынын сұраса, өкінішке орай, ол бізден анық жауап алмайды.
Жеке пәндік мамандануымызды тереңдете отырып, басқа ғылыми пән мен оқу пәнінің құрылымында өте нашар бағдарланып жатамыз. Біз бастысы – пәндік білімдегі өз аумағымызды жақсы білу әрі бөгденікін азырақ «түртпектеу» деп санаймыз. Гуманитарлық сала маманы мен жаратылыстану-ғылыми пәндерінің өкілдері арасында ерекше терең құрдым жатыр. Мысалы, химия мен физика, тарих пен әдебиет, математика мен физика сияқты бір-бірінен онша алысқа кете қоймаған пәндер оқытушылары оқушыларға біліммен жұмыс жасаудың нақты қандай тәсілдерін беріп жатқанын; ол тәсілдердің бір-бірімен қалай байланысатынын және олардың дәл қандай қабілеттерді дамытуға бағытталатынын көбіне түсінбейді де. Бұл сұрақтарға жауап үйлестірілген метапәндік жұмысты және дәстүрлі оқу пәндері бағдарламаларына метапәндік құрамдастарды енгізуді талап етеді.
Түрлі ғылыми пәндер мен оқу пәндерінің бір-бірінен осылайша оқшаулануы сонау XVII ғасырдан мұраға қалған еді, ол кезде ғылыми білімнің қауырт дамуы басталды, жекелеген ғылыми пәндерді дамыту нәтижелерін қайта жаңғыртуға және бекітуге әрі нақты білім аумақтарына мамандар даярлауға бағдарланған білім беру үлгілері туындады. Біртіндеп аталмыш пәндер мен одан да тар аялы мамандану пулы арта бастады, білім беру саласында бұл сол мезетте көрінісін тапты: ғылыми білімнің бөлшектенуі жоғары, сол сияқты орта білім беру саласында оқу пәндерінің бөлшектенуінен бекініс тапты.
Көптеген зерттеушілер ғылыми прогрестің білім универсумының бөлшектенуіне, әлемді тұтас етіп көреуге мүмкіндік беретін кейбір әмбебап негіздемелерден айрылуға әкелгенін айтады. Аталмыш бөлшектену сақталуда және өткен ғасырлардан қалған білім беру үлгілері мен білім беру бағдарламаларын пайдаланудың арқасында осы күнге күшейіп барады.
Метапәндік білім беру нәтижелері оқушылар бойында мыналар дамытылады деп болжайды: философиялық және жалпы пәндік мектеп пәндерін оқу кезінде саналы түрде пайдалану есебінен түрлі пәндік аумақтардағы сенімді бағдарлану; ақпараттық-логикалық сипаттағы негізгі жалпы оқу біліктерін, дербес оқу қызметін ұйымдастыру біліктерін, ақпараттық сипаттағы негізгі әмбебап біліктерді, білім алудың негізгі әдісі ретінде ақпараттық үлгілеуді, ақпараттың түрлі түрлерін жинау, сақтау, түрлендіру және беру үшін ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану біліктері мен дағдыларының кең спектрін, зерттеу қызметінің, виртуалды эксперименттер жүргізудің базалық дағдыларын, жаңа аспаптық құралдарды игерудің тәсілдері және әдістерін, тұрғыластармен және ересектермен өнімді әрекеттестік пен серіктестіктің негіздерін меңгеру.
Ресей Федерациясының «Мемлекеттік білім беру стандарты» метапәндік нәтижелерге қойылатын талаптар ретінде мыналарды алға тартады (бастауыш мектеп мысалында):
• оқу мақсаты мен міндетін қабылдау және сақтау, тәжірибелік міндетті танымдыққа өз бетінше түрлендіру қабілетін меңгеру;
• қойылған міндетке және оны іске асыру талаптарына сәйкес өз әрекеттерін жоспарлау, бақылау және бағалау білігі;
• оқу әрекетінің жетістігін/сәтсіздігін түсіну білігі;
• танымдық және тұлғалық рефлексияның бастапқы нысандарын игеру;
• ақпарат пен коммуникацияның түрлі құралдарын пайдаланумен ақпараттық, танымдық және тәжірибелік әрекетті жүзеге асыру білігі;
•зерттелетін объектілер мен процестердің үлгілерін құру үшін ақпарат ұсынудың белгі-символдық құралдарын, оқу және тәжірибелік міндеттерді орындау схемаларын пайдалану білігі;
• тектік-түрлік белгілер бойынша салыстыру, талдау, жалпылау, ең қарапайым жіктеуді жүргізу, аналогияны анықтау, белгілі түсініктерге жатқызу білігі;
• пәнаралық түсініктерді игеру.
Метақызметтің құрылуының мүмкіндіктері бірқатар әдістемелердің, тәсілдердің және технологиялардың негізіне салынған:
«Оқу және жазу арқылы сындарлы пайымдауды дамыту» технологиясы;
Өнертапқыштық міндеттерді шешу технологиясы (ӨМШТ);
Заманауи педагогикалық технологияларды қолданғаннан өзге заманауи метапәндік сабақ бірқатар талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Сабақтастық сипатқа ие болуы тиіс, ИКТ қолдану;
Оқушылардың қызметі оларға білімді беру мақсатында емес, біліммен жұмыс жасау тәсілдерін беру мақсатында ұйымдастырылады;
Мазмұны әмбебап сипатға ие қызметтік бірліктерден тұрады: ұғым, үлгілер, сызбалар, міндеттер, мәселелер және т.б.;
Мұғалім өзінің пәні мен оның мүмкіндіктерін жақсы білуі тиіс.
Бүгінгі таңда метапәндік оқыту қажеттілігі айқын, себебі мектепте баланы неге оқыту керек болса, ол – шығармашылық ойлау. Мектептегі балалар мұғалімнен немесе оқулықтардан бұрын біреудің ашқан жаңалықтарын біліп қана қоймай, олардың өздері аталмыш жаңалықтарды қайта аша алатын немесе өзіндік жаңалықтарды жариялай алатын кезде ғана қызығушылықпен оқитын болады. Егер кемеңгерлік жаңалықтың ашылу жағдайы «нақты» ақиқат секілді өзекті түрде сыныпта қайтадан ұсынылып және бастан кешірілетін болады, - ал алынған білім енді ешқашан ұмытылмайды. Себебі, «адамның өзінің көзі жететін қорытындылар, біреудің бастан кешкендеріне қарағанда оны көбірек сендіреді» (Паскаль). Және, осы жағдайда ғана, оқушылар мектеп партасында отырып, нағыз зерттеуші-алғашқы жаңалық ашушыларға айналады.
Қорыта келе білім берудегі метапәндік тәсілдеменің мәні оның қоғамда ойлау мәдениетін және тұтас дүниетанымды қалыптастыру мәдениетін сақтауға және алға тартуға мүмкіндік беруінен тұрады. Сондықтан да білім берудегі метапәндік тәсілдемені насихаттай отырып, оған оқыта отырып, метапәндік тәсілдемені отандық педагогиканы дамытудың қандай да бір бағыты деп ойлаймын. Метапәндік тәсілдеме білімнің пәндік нысанын дамытудың озық дидактикалық-әдістемелік үлгілерін өзіне алады, бірақ бұл ретте ол оқу пәні және оқу сабағы сияқты білім беру нысандары үшін жаңа даму перспективаларын ашады. Оның үстіне, білім беру нысаны ретінде оқу пәні, әрине, жойылмайды, бірақ осы білім беру нысаны метапәндік тәсілдеме сіңген шамада ғана дамитын болады.