№ 4-5
дәріс
|
Пәндерді метапәндік тұрғыда оқытудың теориялық және практикалық алғышарттары
Пәндерді метапәндік тұрғыда оқытудың теориялық алғышарты
Пәндерді метапәндік тұрғыда оқытудың практикалық алғышарты
Дәріс мақсаты: Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытудың теориялық және практикалық алғышарттарымен таныстыру.
Соңғы жылдары тілді қарым-қатынас және таным құралы ретінде оқытуға көңіл бөлініп жүргені белгілі. Бұл ретте қазақ тілін бастауыш сыныптан бастап өзге білім салаларымен кіріктіре үйретудің, яғни тілді метапәндік тұрғыда оқытудың маңызы зор. Өйткені бастауыш білім берудің түрлі пәндік салаларында қазақ тілін оқытудың метапәндік тәсілдемесі тілдің танымдық және қарым-қатынастық қызметін шәкірттерге терең сезініп түйсінуге жол ашады. Алайда бұл мәселе арнайы зерттелген емес. Сондықтан да біз мақаламызда "метапән", "метапәнділік" ұғымдарына түсінік беріп, метапәндік тұрғыда оқыту мәселесін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасадық. Сонымен қатар бастауыш сыныпта қазақ тілін метапәндік тұрғыдан оқытуға арналған әдіс-тәсілдер мен жаттығу түрлерін қарастырдық.
Егер бастауыш білім берудің түрлі пәндік салаларында қазақ тілін оқытудың метапәндік тәсілдемесі теориялық тұрғыдан негізделіп, оның әдістемесі жасалса, онда бұл оқушылардың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына және тілдік дағдыларды жете меңгеруіне мүмкіндік береді. Осыған орай бастауыш сынып мұғалімдеріне пәндерді метапәндік тұрғыда оқыту туралы түсінік беру жұмыстары жүргізілді. Ал оқушылар үшін арнайы тапсырма үлгілері жасалып, тәжірибеден өткізілді. Соның нәтижесінде ұсынылған метапәндік нәтижелерге қол жеткізу үшін арнайы таңдалған әдістеме, жаттығулар жүйесі мен тапсырма үлгілері бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді деген қорытынды жасалды. Бұл өз кезегінде оқушылардың тұлға ретінде жан-жақты дамуына жол ашады.
|