Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесі



бет9/13
Дата12.09.2023
өлшемі85,36 Kb.
#106971
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дәріс тезистері метапән

Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың ұстанымдары
Жалпы зерттеулер барысында гуманитарлық ғылым ретінде педагогиканың әдіснамалық ұстанымдарына сүйену керек. Бұл ұстанымдар, біріншіден – оның нақты проблемалары мен оны шешудің негізгі стратегияларын анықтауды, екіншіден – білім беру жүйесіндегі барлық түйткілдердің бағасы мен оның иерархиясын анықтауды талдауды, үшіншіден – аталған болжаудың толық нұсқасын іске асыруға қол жеткізеді.


– проблемалық ұстаным. Метапәндік тұғыр жүйесімен оқыту өзге тұғырларға қарағанда, оқу проблемалары жүйесін топпен, ұжыммен шешуге бағытталған. Яғни проблемалар талқыланып, педагог пен білім алушы бір бірімен функционалды түрде оқу қызметіне қосылып, оқыту тұлғалық және дамытушылық жағынан маңыздылыққа ие болады;
– тұлғалық өзара қызмет ұстанымы. Дәстүрлі оқытуда оқу жұмысы тұлғалық өзара қызметсіз өтеді. Ал метапәндік тұғырмен оқыту үдерісін ұйымдастыру арқылы оқу үдерісіне барлық қатысушылар белсенділік танытады. Ол бойынша оқу үдерісіне қатысушылар өзінің позициясын сақтай отырып, оқу танымдық және эмоционалдық-адамгершіліктік ситуацияларды біріге отырып шешеді Мұндай оқыту екі белсенділік орталыққа ие болады: «білім алушы» және «білім беруші»;
– жеке тұлға мен топты дамытудың бірлігі ұстанымы. Білім алушының толыққанды дамуы тек қана оқытушымен жұптық өзара қызметте жүзеге асырылмайды, сонымен қатар өзге де адамдарме қатынасында дамып отырады. Сондықтан да қарым-қатынас білім алушы үшін өзін қоршағандармен түрлі қатынастар орнатуда қажет болып табылады. Сондықтан да метапәндік тәсілдемемен оқытуда міндетті түрде әрбір білім алушы үшін ыңғайлы орта қалыптасуы керек;
– рефлексия негізінде өзін-өзі оқыту ұстанымы. Метапәндік тәсілдемемен оқыту білім беру үдерісіндегі қатысушылардың қызметін жедел, үнемі жасалатын өзін өзі бағалау әрекеттерін іске асыруға сол арқылы жекешелендіруге бағытталған. Сондықтан да рефлексияны ынталандыру арқылы қатысушылардың нәтижеге жетуіндегі әдістер жүйесін бойынан өткізуге мүмкіндік береді [Позднякова, Е.П., 2009].


Тұжырымдаманы ендіруді әдістемелік жағынан қамтамасыз ету
Тұжырымдамадағы қағидаларды жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілу керек: – Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлауға арналған бағдарлама, әдістемелік құрал, жаттығулар, сабақтар жүйесін даярлау.
– Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға арнап семинарлар мен сабақтар өткізу;
– Педагогтерді жетілдіру институттары арқылы білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуды болашақ бастауыш сынып педагогтерінің тәжірибесіне ендіру мақсатында сабақ және оқыту үлгілерін көрсету, оларды жас мамандарға үйрету үшін ғылыми-әдістемелік семинарлар мен конференциялар өткізу. Сонымен болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім бері пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлаудың жаңа тұжырымдамасы жоғарыда айтылған теориялық тұғырлардағы түйінді ойларға сәйкес жүйені тұтас инновациялауға, оқу үдерісінің іс-әрекет жағдайына, бастауыш мектептегі сабақтардың осы жүйеге көшуі жүзеге асқанда және өзіне тән ұстанымдардың кешенділігін, бір-біріне байланыстылығын, үйлесімділігін қамтамасыз еткен жағдайда ғана іске асырылады.


Бастауыш білім беру пәндерін оқытатын болашақ бастауыш сынып педагогінің тұлғасы
Болашақ педагогтерді бастауыш сынып білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға даярлау нәтижесінде:
• оқу мақсаты мен міндетін қабылдау және сақтау, тәжірибелік міндетті танымдыққа өз бетінше түрлендіру қабілетін меңгерген;
• қойылған міндетке және оны іске асыру талаптарына сәйкес өз әрекеттерін жоспарлау, бақылау және бағалау білігі;
• оқу әрекетінің жетістігін/сәтсіздігін түсіну білігі
• танымдық және тұлғалық рефлексияның бастапқы нысандарын игеру;
• ақпарат пен коммуникацияның түрлі құралдарын пайдаланумен ақпараттық, танымдық және тәжірибелік әрекетті жүзеге асыру білігі;
• зерттелетін объектілер мен процестердің үлгілерін құру үшін ақпарат ұсынудың белгі-символдық құралдарын, оқу және тәжірибелік міндеттерді орындау сызбаларын пайдалану білігі;
• тектік-түрлік белгілер бойынша салыстыру, талдау, жалпылау, ең қарапайым жіктеуді жүргізу, аналогияны анықтау, белгілі түсініктерге жатқызу білігі;
• пәнаралық түсініктерді игеру білігі қалыптасқан болашақ бастауыш сынып педагогі бейнесі көрінеді.


Қорыта келгенде, бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытуға болашақ бастауыш сынып педагогтерін даярлау – оқушының интеллектуалдық дамуын (оқу әрекеті арқылы), іскерлігін (құзыреттілігін қалыптастыру арқылы), адамгершілік-этикалық (балалар бірлестігіндегі ұжымдық еңбек, қарым- қатынас) және рухани тәрбиесін (өз халқының мәдениетінің иесі, басқа мәдениеттер құндылығын түсіну) қамтамасыз етіп отырған қазақ тілінің жаңа әдістемелік жүйесі. Бүгінгі таңда бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқыту өмірдің өзіндік талаптарынан туындап отыр. Ал сол оқыту үдерісін ұйымдастырып, оны әрі қарай жүргізетін болашақ бастауыш сынып педагогтерін даярлау зерттеу жұмысымыздың басты өзегі болып танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет