Бақылау сұрақтары 1. Ресей Федерациясының бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесіне шолу, талдау жасау нәтижесін өз сөзіңізбен тұжырымдаңыз.
2. Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесінің басқа оқыту әдістемелерінен ерекшелігі, тиімді тұстары неде?
1
№ 13-14
дәріс
Метапәндік сабақ-метапәндік нәтижеге қол жеткізудің тиімді жолы
Мақсаты: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне метапәндік сабақты тиімді ұйымдастыру жолдарымен қаруландыру
С.В.Галянның пікірінше, метапәндік сабақтың негізгі әдістемелік ұстанымдары:
• субъектілеу (білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының тең құқылығы);
• метапәнділік (нәтижеге жетудің жалпы тәсілдерін қалыптастыру);
• іс-әрекеттік тәсіл (іздеушілік және зерттеушілік іс-әрекеті барысындағы білім алушылардың дербестілігі);
• рефлексиялылық (өзінің іс-әрекетін білімге қатысты қайта талдау қажет болатын жағдай);
• импровизациялылық (педагогтың сабақты өткізу кезінде оның барысын өзгерту мен түзетуге дайындығы) деген пікірге келеді.
Метапәндік тәсілдемені қолданып білім беру үдерісін ұйымдастыру қандай нәтиже береді?
Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігі 17 желтоқсан 2010 жылдың №1897 [URL: http: \\ standart.edu.ru] бұйрығымен бекітілген Федералдық мемлекеттік жалпыға білім беру стандартының «Требования к результатам освоения основной образовательной программы основного общего образования» атты ІІ тарауында лингвистикалық дамытуға қатысты пунктте 12 метапәндік нәтиже қарастырылған. Оның төртеуі оқушылардың тілі және сөйлеуімен байланысты. Олар мынадай:
- ұғымды анықтау, жалпылау, топтастыру, топтастыру үшін негіздеме және өлшемдерді өзіндік таңдау, себеп-салдарлық байланыстар орнату, логикалық талқылау, ойқорытындылар (индуктивті, дедуктивті және аналогия бойынша) жүргізу, құру, тұжырымдар жасау;
- оқу және танымдық міндеттерді шешу үшін үлгілер мен сызбалар, білгілер мен символдар қолдану және түрлендіру, құру білігі;
- білім беру және өздігінен білім алу үдерісінде тұлғаның зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамытуда тілдің анықтаушы рөлін түсіну;
- тіл туралы ғылыми білімді жүйелеу және кеңейту; лингвистиканың базалық ұғымдарын, тілдің негізгі бірліктерін және грамматикалық категорияларын меңгеру.