Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту әдістемесі



бет10/13
Дата12.09.2023
өлшемі85,36 Kb.
#106971
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дәріс тезистері метапән

Бақылау сұрақтары
1. Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту тұжырымдамасын құру кезінде нені басты назарға алуымыз қажет.



1

№ 10-11
дәріс

Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары

  1. Дүниетаным ұғымына түсінік

  2. Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жолдары



Мақсаты: Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыда оқыту негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру жолдарымен таныстыру

Оқушылардың дүниетанымдық идеяларын, танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуда дүниеніңбіртұтас ғылыми бейнесін қалыптастырудың алатын орны ерекше. Педагогика ғылымында бұл мәселені шешу үшін тұлғаны табиғи үйлесімділікте дамыту және оның өздігінен тұтастықта дамуының тиімді әдістемелік жолдарын іздестіру қажет.


Адам мен қоршаған дүниенің өзара әсерінің жаңа дәуірі (В.И.Вернадский) табиғатты, қоршаған дүниені жаңаша құндылықта қабылдаудың тұлғаоық тәсілін талап етеді. Қазіргі кезеңде бұл мәселені жүзеге асыру білімнің интеграциясы, оқытуды ізгілендіру, балаларда адам тұлғасына деген қатынасты дүниедегі ең жоғары құндылық ретінде дамыту арқылы ғана мүмкін болады.
Оқытудың бастапқы кезінен-ақ дүниетанымды дамыту, ақиқатты пайымдау, адам өмірінің табиғи рнегізін сақтау қажеттілігін сезінуін дамыту қажет. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларында дүниенің ғылыми бейнесін құндылық бағдар негізінде қалыптастыру көзделеді. Бастауышсынып оқушыларында дүниенің ғылыми бейнесі тұжырымдамасын олардың тұлғалық, дүниетанымдық көзқарастарын, табиғатты сақтаудағы рөлін белсенді дамытудың факторы ретінде қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Дүние дегеніміз материаның уақыт-кеңістік бойынша өзгерісі. Сонымен қатар күрделі, бір-бірімен көпсалалы байланыста болатын және микро-макро-мета жүйе құрайтын объектілер мен құбылыстардың жиынтығы болып табылады. Адам санасы бұл заңдылықты белгілі бір жүйеже бейнелеуге, яғни дүниенің ғылыми философтар: Ж.Алтаев, Ж.Әбділдин, Л.Берталанфи, Ә.Нысанбаев, Қ.Нұрланова, А.Қасабеков, А.Холл, Е.Г.Юдин, т.б.; педагогтар: Б.З.Вульфов, М.А.Данилов, Т.А.Ильира, М.М.Левина, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель т.б., психологтар: Б.Г.Ананьев, А.С.Асмолов, А.Н.Леонтьев, Р.С.Немов, С.Л.Рубинштейн еңбектерінде, жүйенің жалпы белгілері тұтастық, өзара байланыстылық, үйлесімділік ашықтық, өздігінен ұйымдасу т.б. қалыптастырылған.
Қазіргі уақытта дүниенің ғылыми бейнесі ұғымын теориялық-педагогикалық тұрғыдан жаратылыстанудің негізгі бөлімдерінің арақатынасы ретінде (В.И.Кузнецов, Г.М.Идлис т.б.), логикалық-гносеологиялық және әлеуметтанымдық тұоғыда (В.А.Дмитриенко, В.С.Швырев т.б); дүниенің ғылыми бейнесінің қызметі және ғылымның философиялық негізі ретінде (В.И.Бахмин, В.С.Степин т.б.); пәнаралық іскерлік және интеграцияланған білім (А.А.Бейсенбаева, И.Д.Зверев, В.Н.Максимова, т.б); ғылыми білімдер және оқу материаланың мазмұны (В.С.Леднев, И.Я.Лернер, А.МСохор, М.А.Құдайқұлов, А.В.Усова, т.б); ғылым және оқу танымдық әрекет әдістерінің сәйкестігі (Б.Г.Ананьев, Г.А.Берулава, Л.С.Выготский, А.А.Зак, В.В.Давыдов, Қ.Б.Жарықбаев, М.М.Мұқанов, Т.С.Сабыров, Т.И.Шамова, И.С.Якиманская және т.б.).қарастырылады.
Педагогика ғылымында дниенің ылыми бейнесін жоғары және орта сынып оқушыларында ғылыми танымның нәтижесі ретінде қалыптастыру қарастырлыған. Ал, бастауыш сынып оқушылардына дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері бар.
Оқыту процесінде қоршаған дүниені тануды психологиялық педагогикалық ғылымда бірнеше бағытта қарастырылады.: индивидтің тарихи қалыптастқан қабілеттері мен әрекеттері ретінде (А.Н.Леонтьев), психикалық дамуын жеделдету мақсатымен меңгеру (А.Е.Әбілқасымова, Ж.А.Қараев, Т.С.Сабыров, М.Н.Скаткин, Г.И.Щукина, А.В.Усова және т.б.), ғаоымның зерттеу әрекетімен ұқсастығы бар ақиқат дүниені танудың арнайы тәсілі ретінде (М.М.Левина, В.А.Сластенин, Н.Д.Хмель), экологиялық мәдениетті қалыптастыру (Ә.С.Бейсенова, М.Н.Сарыбеков) т.б.
Қазіргі бастауыш мектепте табиғатты оқып-үйренудің әр түрлі тұжырымдамалары жүзеге асырылуда: (Л.В.Занков, В.В.Давыдов=Д.Б.Эльконин, Қ.Аймағанбетова, К.Жүнісова т.б). Бұл тұжырымдамалар мен жаңа бағдарламалар дамыта оқытуды, дүниетанымды қалыптастыруды көздейді. Ал, бастауышсынып оқушыларында біртұтас дүние бейнесін барлық пәндер бойынша берілетін табиғат жөніндегі білімдерін интеграциялау арқылы қалыптастыру ерекше көкейкесті болып отыр.
Бастауыш сынып оқушыларының дүниені дербес тану мақсаты мен бастауыш мектептің білімдік жүйесінің арақатынасы, оқулықтар бойынша берілетін бағдарламалық білім дәне іскерліктер жүйесі арасындағы қатынас анықталмаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет