Домбыра домбырашы, балық-балықшы, сурет-суретші, құрылыс-құрылысшы, қобыз-қобызшы, теңіз-теңізші.
2-жаттығу. 1-жаттығуда берілген сөздердің мағыналарына тағы бір назар аударып, олардың ішінде өзара ортақ белгілері бар сөздер бар не жоқ екенін анықтаңдар. Соларды топ-топқа бөліп дәптерге жазыңдар.
Домбыра, домбырашы, балық, балықшы, сурет, суретші, құрылыс, құрылысшы, қобыз, қобызшы, теңіз, теңізші.
3-жаттығу. Төменде берілген түбір сөздерді қосымшалы сөзге айналдыр.
4-жаттығу. Түбірге жалғанған қосымшаларды тауып, жұрнақ пен жалғауды ажырат.
Батырлық, батырға, зейнеткер, ойыншық, ауылға, балалықпен, өнерпаздар.
5-жаттығу. Берілген сызбаға сай сөзді тап.
∩, ∩ ^ , ∩ ^ ¬ , ∩ ^ ¬, ∩ ¬
6-жаттығу. Сөзге қосымшаның қай түрі бірінші жалғанатынын айтып, сөздерді көшіріп жаз.
Ауылдастар, көлшікке, бүркітшілер, балалар, аңдар.
7-жаттығу. Көп нүктенің орнына түбір сөзді тауып жаз.
лық гіш лі
.... шы ...... ім ....... ші
Ға ді ден
8-жаттығу. Берілген сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, түбірлес сөз жаса.
Оқу, бас, біл, су, іс.
9-жаттығу. Көп нүктенің орнына берілген сөзден ортақ жұрнақты жаз.
Грамматикалық-тілдік жаттығуларды орындау барысында балалар мынадай ізденімдік-зерттеу міндеттерін шешеді:
сөз құрамына байланысты өзгерістерді бақылайды;
түбір сөз бен қосымшалы сөз мағынасының табиғатын тану мақсатында лексикалық талдау жасайды;
сөз құрамына талдау жасайды.
Сөз құрамын дамыта оқытуда балалар орындайтын сөйлеу түрлеріне тоқталып өтпекпіз.
1-жаттығу. Кім шапшаң? Берілген дыбыстар әрбір мақалдың бас әріпі. Ойланып көр де , орнына қой.
1. Ө...ө...ж...
2. К...ж...о...
3. Е...а...е...ш...
4. Ы...а... – ы...
5. Ө...б...с...
6. Е...і... – а...б...
2-жаттығу. Берілген сөздерге мағынасы жуық сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріңдер. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Перзент, ізетті, ірі, таяу.
3-жаттығу. Төмендегі сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып жаз.
Шалғай, қатыгез, таяз, қою, үлкен, кең.
4-жаттығу. Сыныптағы ең тәртіпті және ең тәртіпсіз балаға мінездеме бер.
5-жаттығу. Мәтінді оқы. Ондағы қарамен жазылған сөздерді қосымшасыз айтып көр, сонда сөздер дұрыс байланыса ма?
Достарыңызбен бөлісу: |