Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері



бет25/26
Дата07.01.2022
өлшемі186,44 Kb.
#19758
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
диплом жұмысы № 4

ҚОРЫТЫНДЫ
Білім ел қазынасы, халқымыздың білімділігі ел байлығы. Уақыт талабына сай білім беру үшін оқытудың жаңаша әдістерін қолдануымыз қажет. Балалардың алатын негізгі білімдерінің сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді. Сол себепті әрбір мұғалім өз ісінің шебері, яғни жан-жақты ізденгіш жаңашыл болып, баланың білімге ықыласы мен қызығуын арттыру мақсатында сабақтың құрылымы мен әдіс тәсілдерін өзгертіп отыруы қажет.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша негізгі міндеттерді орындау үшін көптеген педагогикалық әдістемелік және жаңа талаптарға арнайы әдебиеттерге ізденістер жасалып, әдебиеттік шолулар келтірілді.

Әдебиеттік шолулар бойынша тақырыбымыздың теориялық сипаттағы мәселелері жүйелі түрде қаралды.

Эксперименттік бөлімде қазіргі заман талабына сай педагогика ғылымының алдында тұрған міндеттерді ең қолайлы жинақы түрде шешу үшін алғы шарт жасайтын инновациялық, дамыыта оқыту технологиясы оңтайлы әдіспен оқытуда тиімді пайдалану арқылы баланы бір тұлға деп қарап, оны оқытушы мен тең әріптестік қалыпта ұстап, білім алу арқылы дамуын, танымдық қабілетін, шығармашылық ізденісін тереңдетуге, сөздік қорын дамытуға, дарынды балалармен жүйелі жұмыс жасауға болатынын зерттеу барысында педагогикалық іс-тәжірбиелер арқылы көрсетілген.

Сонымен қосабұл:

- Қазіргі кезеңдегі төменгі сынып балаларына инновациялық-дидактикалық оқыту технологиясы арқылы білім берудің ғылыми - теориялық негіздері.

- Жаңа педагогикалық технология – дамыта оқыту технологиясының мазмұны және оны пәнді оқыту сапасын арттыруда пайдалану.

- Оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оңтайландыру.

- Оқытуды оңтайландыру тәсілдерінің жүйесі

- Жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы.

- Дамыта оқыту технологиясы.

- Оқу барысында бала қызметін бағалау.

- Балалардың білім, білік, дағдыларын бақылау және тексеру.

- Дамыта оқыту технологиясы барысында, сөйлесу бөлімінде оқытудың бесенді әдістерін пайдалану.

- Дамыта оқыту технологиясының ерекшеліктері

Жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың білім беру үрдісіндегі маңызы бүгінгі күні дәлелденуде.

Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Осындай жаңалықтар балалардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді.

Сонымен біз дамыта оқыту мен дәстүрлі оқыту жүйелерінің ерекшеліктері мен өзгерістеріне тоқталып өтсек. Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (экстенсивтік, сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады.

Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту білімді бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақгауға, ал дамыта оқыту дербес жүмыс істеуге, алған білімді падалана білуге үйретеді.

Балалардың ой санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе бастауыш сынып балалары өздерінің жас шамаларына қарай ертегі, аңыз-әңгімелерді сүйсініп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, өзінше қорытынды жасауға тырысады. Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамж еркін қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі беріледі.



Қорыта келгенде, дамыта оқыту арқылы балалардың, өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, Сонымен қосаөз іс-әрекетін сараптап, жан-жүрегімен сезіне алатын, жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет