Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері


Білім беруде дамыта оқыту технологияларын қолдану түрлері



бет22/26
Дата07.01.2022
өлшемі186,44 Kb.
#19758
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
диплом жұмысы № 4

Білім беруде дамыта оқыту технологияларын қолдану түрлері
Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып өзгерді. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі білім берудың жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты.

Дегенмен де адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым оқыту болса, кез-келген оқыту есте сақтау мен білімді дамытады. Ал оқыту мен дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Осыдан мынадай екі концепция шығады:

1. Оқытудың даму концепциясы Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің пікірлерінше: бала даму барысында оқиды. Яғни мұнда бала психикасының даму заңдылығына сүйенеміз.

2. Дамыта оқыту концепциясында бала оқу арқылы дамиды. ХХғасырда бұл теорияның негізін салған орыс ғалымдары: А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, П.Я.Гальперин, Л.В.Занков, В.В.Давыдов т.б. Қазіргі таңда жеке тұлға қоғам үшін белсенді түрде, яғни аз уақытты қамтып, жоғары сапалық дәрежеде дамуы қажет. Сол үшін бұл педагогикалық технологияны дамыта оқыту технологиясы дейміз. Дамыта оқыту жеке тұлғаның дамуына бағыт-бағдар беріп, белсенділігін арттырады.

Физиологиялық дамуда бала бойының өсуі,бұлшық еттің дамуы, салмақтың қосылуы, яғни дені сау, шыныққан, шыдамды т.б. қорытындылар айтуға болады.

Ал психикасы туралы не дер едік? Оның қаншалықты дамығандығын оқыту үрдісі мен жас ерекшелігі арқылы анықтаймыз.

Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында: жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат міндеттерді жүзеге асырып, қорытындыны талдай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы «өзіндік даму» жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады. Яғни, дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады. Выготский: «Педагогика бала дамуының ертеңгі емес, кешегі күніне сүйену керек», деген. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтады:

1. Өзекті даму деңгейі бала бойында қалыптасқан, өз бетінше орындай алатын іс-әрекеттер.

2. Жақын даму аймағы бұл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орындай алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.

Тұлға жақын даму аймағына өтуде өзекті даму аймағындағы білімдерін өз бетінще қолдануға, өзіндік танымын танытуға дағдыланады. Г.К.Селевко өзіндік дамыта оқыту технологиясын жүйеге келтіріп, оны үш бөлікке бөлді.

1) «Теория» өзін-өзі жетілдірудің теориялық негізін ұғыну. Бұл мектеп бағдарламасына енгізілген.

2) «Практика» - өзін-өзі жетілдіруді іс-жүзіне асыра білу. Бұл іс-әрекет сабақтан тыс уақытта орындалады.

3) «Әдістеме» ғылыми негізін жасауда өзін-өзі дамыта оқытудың әдісі мен құрылымын жасап, жүзеге асыру.

1. Таным қабілетінің дамуы бұл барлық педагогдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеті.

2. Балаларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықтың ролі.

3. Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.

4. Педагогтың теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы балалардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі.

Дамыта оқыту технологясында қолданатын ойындардың түрлері өте көп, “Брейн - ринг”, “Білім биржасы”, “Қатені тап”, “Бақтыты сәт” және т.б.. Мұндай ойын арқылы берілген оқу материалын бала тез игереді, өзі сабаққа белсенді түрде қатысады. Бастауыш сыныпта бала әлі де ойын баласы, Сол себепті мұндай сабақтар баланы қызықтырады. Мысалы, ана тілі сабағында “Түбір мен қосымша” тақырыбын өткен кезде мынадай ойын түрлерін қолдандым. “Бүр жинау” ойыны.

Ойынның мақсаты: түбір мен қосымша туралы білімдерін тереңдету, шығармашылық қабілетін дамыту.

Ойын барысы: шыршаның суреті беріледі, бүрлері бар. Сиқырлы бүрлердің артындағы сұраққа жауап беру керек.

Түбір сөзге қосымша жалғанғанда қандай өзгеріс болады?

Қосымша қандай қызмет атқарады?

“Түйені жетектеу” ойыны.

Педагогтың үстеліне түйенің макеті қойылады. Кімде кім жаттығудағы сөздерді көшіріп жазып, түбірін тауып астын сызса және алдымен орындаса, сол бала түйенің жібін алып жетектейді.

Мақал қуаласпақ” ойыны.

Педагог мақалдың алғашқы бөлігін балалар мағанасына қарай мақалдың жалғасын табу керек.

Жығылып жатып …

(Сүрінгенге күлме)

Біреуге ор қазба …

(Өзің түсесің)

Жауға жаныңды берсең де …

(Сырыңды берме)

Жас жемісті жұлма …

(Жас баланы ұрма)

Тағы бір ойын түрі “Терме диктант”.

Тақтада жазылған ырым тыйымдар арасынан дәмге бай-ланысты ырымдарды теріп жаз.

Тақтада жазылған ырым тыйымдар арасынан малға бай-ланысты тыйымдарды теріп жаз.

Балалардың шығармашлық қабілеттерінің жоғары деңгейде жазылған шығармасын ұйымдастыру үшін екі топтағы шарттар қажет.

Біріншісі баланың толық дамуын қамтамасыз ететін дидактикалық шартты орындалуын талап етеді.

Екінші шарты әдістемелік мазмұнында. Ол балалардың грамматикалық, стилистикалық дағдыларды меңгеруді, шығарма тақырыптарын анықтауды және солармен жұмысын ұйымдастыруды талап етеді.

Шығарма тақырыбы оның мазмұнын анықтайды. Сол себепті да әрбір тақырып бұл жаңа мазмұн.

Автор өз зерттеуінде тақырыптың екі негізгі тобын анықтайды: өнімсіз және шығармашылық.

Бірінші топтағы тақырыптар бала тәжірибесінен бөлек бір құбылыстың ашылуын немесе белгілі оқу пәні бойынша қарастырады.

Мысалы, «Қоян туралы мен не білемін?» тақырыбында шығарма жазу да қоян туралы бар біліммен жұмысты жазып шығу өнімсіз деңгейге сәйкес.

Ал, осы тақырыпқа ұқсас келетін «Қояндар суда өмір сүре ала ма?» тақырыбындағы жұмыс өзгеше қарауды талап етеді. Себебі тек қоян туралы білетін біліммен, мағлұматпен шектелуге болмайды. Берілген сұраққа жауап беру үшін бала тірі табиғат пен өлі табиғатты, табиғаттың байланысын, ортасы мен оның тамақтану қабілетін байланыстыра қарастырады.

Бұл жұмыста бала қоян туралы бар білетініне сүйене отырып, салыстыру, дәлелдеу, нәтиже шығару сияқты жұмыстарды орындауы тиіс, яғни шығармашылық бағытта жұмыстануы қажет болады.

Аталған жұмыс түрлері бастауыш мектеп балаларына ешқандай қиындық келтірмейді.

Екінші топтағы, яғни шығармашылық бағыттағы шығармалар әртүрлі деңгейдегі жұмыстар болуы мүмкін.

Мысалы, бала «Қояндар суда өмір сүре ала ма?», «Қасқыр мен мысықтың арасында қандай ұқсастық, айырмашылық бар?» деген тақырыпта шығарма жазуда бір оқу пәнінің ішіндегі бөлек тараулардың байланысын ашу жұмыстанады.

Сондай- ақ әртүрлі пәндер арасындағы байланысты ашуға көмектеседі. Мысалы, математика пәнімен дүниетану немесе сурет, ән-күй сабақтарының арасындағы материалдарға негізделген болуы мүмкін.

Ал «Тіл адамдарға не үшін қажет?», «Менің айналамдағы орта», «Жақсылық, мырзалық деген не?» деген тақырыбындағы шығармалар баладан жоғары дәрежедегі ақыл-ой белсенділігін, яғни мағлұмат, деректерін, білімдерін сұрыптай отырып өз тәжірибелерініе, бақылыауларына сүйену негізінде баяндауларын талап етеді.

Шығармашылық бағыттағы шығармаларды жазуда ескеретін негізгі мәселелер:

Біріншіден, олардың мазмұнының бала білімі мен тәжірибесіне сай келуі;

Екіншіден, тақырып таңдауда еркіндік беру, өйткені балаға қай тақырып жеңіл және таныс, сол бағытта өз ойын еркін және толық жеткізе алады.

Шығарманың тақырыптары балаларға өздерінің жақсы білетін жақтарын ашып көрсетуге ғана емес, сонымен бірге әлі де болса толық қалыптаса қоймаған жетіспейтін жақтарын да одан әрі дамытуға мүмкіндік беруі тиіс.

Мысалы: «Мысық пен күшік», «Аңдар орманда қалай қыстайды?», «Адамның жүйке жүйесі» сияқты тақырыптар, олардың шығармашылық елестетулерінің көрініп, көркем бейнені суреттей білуіне көмектесе отырып, логикалық ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттерінің жете дамуына көмектеседі.

Автордың пікірінше, өнімсіз және шығармашылық тақырыптарды өзара байланыстыра отырып, қолданған тиімді. Себебі, өнімсіз тақырыптар шығарманың жоспарын құру, керекті материалды қатаң іріктеу, баяндау тәсілін сақтау сияқты қажет дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар есебінде жұмсалады.

Бастауыш сынып балаларына арналған жаттығулар туралы профессор С.Рахметова былай деді: «Балалардың тілі дамыған сайын педагогтың жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында педагог балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылқ етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс». «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы» деген кітапта: «Түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде балалардың қазақ тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің машықтары қалыптасады» деп көрсетілді. [9]

Тақырып түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары орындалады. Жаттығу нәтижесінде балалар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Біріншіден: баланың білімін нақтылайды, әрі нығайтады; екіншіден: өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады. Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларда мынадай талап қамтылуы тиіс:

1. Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін балалардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт.

2. Жаттығу баланың тілге қызығуын, ынтасын арттыруға тиіс.

3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі, ұсынылуы керек.

4. Шығармашылықты талп ететін жаттығулар көбірек болуы тиіс.

Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады. Жаттығуларды орындау негізінде балалардың ақыл-ой әрекеттері, ақыл-ой қызметінің белсенділігі қалыптасады, дамытылады.

Жаттығулар бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой операциясының күрделенуіне байланысты бірінен соң екіншісі орындалады.

Дамыта оқыту жүйесіндегі қай деңгейдегі жаттығу болса да, оның орындалу логикасы мынадай қадамдардан тұрады:

1) бала өзі танып-білуі тиіс болып отырған таным нысанын басқалардан айқын ажыратып алады;

2) бала өзінің танып-білуі тиіс таным объектісінің сыртқы белгілерімен саналы түрде танысады;

2) бала нақты қандай заңдылықты «ашу» керектігін оқу міндеті ретінде өзіне дұрыс белгілеп алады..

Балаға орындайтын грамматикалық-тілдік жаттығулардан мен қолданған кейбір үлгілерді көрсетейін.

1-жаттығу. Сөз жұптарын салыстырып оқы, олардың әрқайсысына сұрақ қой. Олардың бір-бірінен өзгешелігі неде?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет