Бастауыш мектеп балаларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту ерекшеліктері



бет24/26
Дата07.01.2022
өлшемі186,44 Kb.
#19758
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
диплом жұмысы № 4

Марқакөл

Марқакөл қорығы Шығыс Қазақстанда. Марқакөл – үлкен, мөлдір сулы, балықты көл. Оның айналасы тасты, орманды тау. Бұл көлге бірнеше өзендер мен бұлақтар, жылғалар құяды.

Қорықта алуан түрлі ағаштар, жеміс-жидектер өседі. Солардың ішінде балқарағайды ерекше атауға болады. Бұл ұзақ жасайтын, әрі ұзын, әрі қатты ағаш. Балқарағайдан көптеген пайдалы заттар алынады. (С.Оспанов).

6-жаттығу. «Қосымша» тақырыбына қосымшаның түрлері туралы шығарма жазыңдар. Онда жұрнақ пен жалғау - өздерің жақсы білетін таныс достарындай сипатталсын.

7-жаттығу. Екі бағандағы сөздердің байланысын сызықпен жалғастырып көрсет.

ақылды ал

білім іш

өнерлі бала

сусын тәрбиеші

сыйлық апар

8-жаттығу. Мақалды жатқа жаз, қосымшаның екі түрі қатар тұрған сөздерді тап.



Еңбек ерлікке жеткізеді,

Ерлік елдікке жеткізеді.

9-жаттығу. Өлеңді, оқы, соған қарап, әрі қарай ұйқастыр.



Қон

Қоң

Жайлауға қон

Жисын мол коң (Е.Елубаев)

Кен

Кең

...


10-жаттығу. Берілген сөздерді қатыстырып шағын әңгіме құра.

Білім, бала, оқулық, біл, оқу.

Рефлексиялық жаттығулар.

1-жаттығу. Берілген мәтінді оқып шығыңдар. Сөйлемдерде қай жерде жалғау жалғап, дәптерге жазыңдар.

2-жаттығу. Берілген мәтінді түзеңдер: оны қысқартып, қайталаулар мен бірдей сөз тіркестерін және мәндес сөздерді алып тастаңдар.

3-жаттығу. Берілген сөздерді жалғаумен байланыстырып сөйлем құраңдар.

4-жаттығу. Берілген сөздерді өзара мағыналық байланыстыра, тұтас бір мәтін құраңдар.

5-жаттығу. Алдымен түбір сөздерді жазыңдар. Содан кейін оларға ретіне қарай жұрнақ пен жалғаудың бірін қосып жазыңдар.

Осы көрсетілген грамматикалық-тілдік, сөйлеу, рефлексиялық жаттығуларды орындату барысында педагог мынадай дидактикалық-әдістемелік міндеттерді шешеді деп ойлаймыз.


  • сөз құрамының сөйлем және мәтін құру қызметін тану үшін, функционалдық талдаулар жасайды;

  • сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағыналарын меңгереді;

  • сөз құрамын графикалық модельдеуге үйренеді;

  • шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында түрлі шығармашылық жаттығулар орындайды.

Қазіргі таңдажеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту, жан-жақты терең білім беру технологиялары сараланып ұсынылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет