Бастауыш мектеп дидактикасы пәні бойынша емтихан сұрақтары 1-деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу мотивтері



бет49/75
Дата23.01.2022
өлшемі88,19 Kb.
#24213
түріПрограмма
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75
Байланысты:
дидактика

57.Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу мотивтері Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекетіне мотивациясын арттыру үшін оқуға қажеттілікті қалыптастыру керек. Бұл жөнінде Т.А. Ильина былай деп өз пікірін білдіреді: «Оқу үрдісін ұйымдастырудағы мұғалімнің күші мен жігерінің елеулі бөлігі балалардың оқуға деген ынтасы мен ұмтылысын оятуға, олардың танымдық белсенділігін туғызуға бағытталуы тиіс» [1].

Бұл кезеңде жаңа мотивтер (қажеттілік, қызғушылық, тілек) пайда болады, баланың иерархиалық, мотивациялық жүйесінде өзгерістер жүреді. Бұрынғыша негізгі мотивтерге  «тікелей әрекетті мотивтер» жатады [2], ал болашаққа бағытталған мотивация баланың сол кездегі қызығушылықтарының жетегінде кетеді. Кіші балаларда парыз және жауапкершілікпен, міндетті түрде білім алу керектігімен байланысты жаңа әлеуметтік ұстанымдар мен мотивтер пайда болады. Жалпы бұйырумен салыстырғанда бірінші сыныптағылар жарыс жағдайында өзіне жұмыс істеу мотиві жоғары болатынын көрсетеді. Бірақ, үшінші сыныпта «қоғамдық мотив» («сынып үшін») индивидуалдылықпен салыстырғанда («өзі үшін») жоғары. Сонымен бірге егер үшінші сыныпта қоғамдық мотивтер ер және қыз балаларда бірдей деңгейде байқалса, төртінші сыныпта бұл мотивтер қыз балалардың бойында жоғары болатыны анықталды.


58. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.

Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке –дара, топтық және сынып–сабақтық жүйе.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет