Бастауыш мектеп дидактикасы пәні бойынша емтихан сұрақтары 1-деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


Оқытудың заңдары, заңдылықтары және принциптері



бет47/75
Дата23.01.2022
өлшемі88,19 Kb.
#24213
түріПрограмма
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75
55.Оқытудың заңдары, заңдылықтары және принциптері «Заңдылық», «заң», «принцип» ұғымдары және олардың арасындағы байланыс. Оқыту теориясы мен практикасын заманауи талаптарға сай жетілдіру үшін оның теориялық негіздерін құрайтын ұғымдар мәнін анықтау қажет. Мұндай ұғымдарға заңдылық, заң, принцип жатады. Заңдылық көптеген заңдардың жиынтық әсерінің нәтижесі ретінде қарастырылады; заңға қарағанда кеңірек ұғым. Сондықтан заңдылықтар әр түрлі байланыстар мен қатынастарды, ал заң белгілі бір байланыс пен қатынасты ғана сипаттайды. Заң табиғатта объективті өмір сүреді, ал принциптер өмірде жоқ, олардың өзіндік мәні жоқ. Педагогикалық принцип нормативті түрде заңның мәнін сипаттайды. Ол тиісті жағдайларда оқытуды дұрысырақ ұйымдастырудың жолын анықтайды. Оқыту заңдылықтары оқытудың педагогикалық үдеріс ретіндегі инвариантты сипаттамасын, маңызды, тұрақты және қажетті байланыстарын белгілейді. Сондықтан олар оқыту принциптерін тұжырымдаудың теориялық негізі болып табылады. Жеке алғанда, заңдылықтар мұғалімдер үшін тікелей нұсқаулар бере алмайды. Принциптер анықталған заңдылықтарды бейнелей отырып, іс-әрекет кағидаларын категориялар ретінде тұжырымдайды, оқу үдерісін ұйымдастыруда бастапқы бағдар рөлін атқарады. Оқыту заңдылықтары оқытудың жағдайлары мен нәтижесі арасындағы маңызды және қажетті байланыстарды бейнелейді, ал олардың негізінде анықталатын принциптер оқыту мақсаттарын жүзеге асырудың жалпы стратегиясын анықтайды. Мұндай стратегияны амал деп атайды. Амал — оқыту немесе тәрбиелеу стратегиясын анықтайтын принциптердің жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет