Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат, эмоция және қызығушылықтардың рөлі


Оқыту барысында балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру



бет6/9
Дата09.05.2022
өлшемі107,77 Kb.
#33670
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат

2.2.Оқыту барысында балалардың танымдық белсенділігін
қалыптастыру


Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекетіне психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қоятын нақты тапсырмалар: 1. Бастауыш мектеп оқушысының танымдық іс-әрекет аймағының түрлі даму деңгейлері мен ерекшеліктерін айқындау. 2. Бастауыш мектеп оқушысының танымдық мүмкіншіліктерін дамыту қабілеттілігіне педагогикалық жағдай жасау, сонымен қатар танымдық іс-әрекет ерекше маңызын ескере отырып, баланың дамуы мен оқуының жетістікке жетуін қадағалау. 3. Оқушылардың әрқайсының танымдық іс-әрекетінің жеке қалыптасу барысына психологиялық-педагогикалық жағдай жасау. Абай Құнанбаев оқыту ісіндегі схоластикалық әдіске, құрғақ жаттауға қарсы болды. Ол сапалы білім беруді қуаттады.

Таяқ тәртібінің орнына, саналы тәртіптің болуын жақтады. Ғылымға шын құмартып, аңсау білім алуға ең қажетті шарттың бірі деп санады. «Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» деген – мұның бәрі жан құмары. «Дүниенің көрінген әм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса, денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады», – дейді Абай. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекет ерекшеліктерін ескеріп, олардың жаңа білім алудағы ең қолайлы көкейкесті мүмкіншіліктерін педагогтар мен психологтардың ұйымдастыруының үш бағыты анықталды. А. Зейіннің ерекшелігі: зейіннің тұрақтылығы, қозғалыс көлемі және аударылуын бағалау. Ә. Есте сақтау ерекшелігі: есте сақтаудың сөздік және бейнелік типтерін бағалау. Б.

Ойлау ерекшеліктері: Ойлаудың сөз-мағыналық және ойлаудың оқыту процесіндегі маңызын бағалау. Бұл үш бағытты С.Д. Забрамная (Диагностикадан дамуға дейін (деген еңбегінде 1-3 сынып оқушыларын психологиялық педагогикалық зерттеу үшін жалпы білім беретін мектептерде пайдаланды.

Сонымен қатар М.Р. Битянова, Т.В. Азарова, Е.И. Афанасьева, Н.Л. Васильева бастауыш мектептегі 2-3 сынып оқушыларының танымдық мүмкіндіктерін дамытуға зейін, есте сақтау, ойлау ерекшеліктерін зерттеу арқылы анықтап қол жеткізуге болатынына тоқталған. Т.Г. Богданова, Т.В. Корнилова «Баланың танымдық аймағын диагностикалау» еңбегінде мектеп психологының психологиялық әдістемелерді топтауын үш бөлімге бөліп көрсетті: І бөлім – зейін мен қабылдауды зерттеуге бағытталған әдістемелер. ІІ бөлім – есте сақтаудың әр түрін оқытуға арналған әдістемелер. ІІІ бөлім – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ойлау іс-әрекетінің маңызын айқындайтын әдістемелер. Бұл бағыттар арқылы бастауыш сынып оқушысының оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің мәнін әдістемелер арқылы ашып көрсетуге мүмкіндік алдық.

Бастауыш мектептегі оқушының жеке бас ерекшеліктерін, оқыту барысында балалардың танымдық іс-әрекетінің дамуын анықтауға жалпы білім беретін мектептің психологтарына бағдарлама (1-кестені қараңыз) ұсындық. Бұл бағдарлама арқылы мұғалімнің көмегімен балаға жаңа білім беруде оның ақыл-ойының дамуына, білімді дұрыс, тиянақты меңгеруі үшін психологиялық тұрғыдан әсер етіп отыруды мақсат етуге болады.

Оқытудағы бұл бағдарлама терең және кең диагностикалық іс-әрекетті ұсынады (осы бағдарламаның негізінде диагностикалық картамен жұмыс жүргізілді, көрсетілді), бала үшін қажеттілігін сапалы талдау нәтижесінің жемісінен көреміз. Жұмыстың негізгі міндеті: бастауыш мектеп оқушысының танымдық іс-әрекеттерінің оқыту процесіндегі жеке стилін қалыптастыру және танымдық іс-әрекеттің мүмкіндігін дамыту. Н.А. Добролюбов осы мәселелерге байланысты: «Ғылымның әрбір мәселесі мысалдар арқылы берілсін, әрбір ұғым елестеулер тораптары арқылы айтылсын, әрбір қорытынды танымдық процесс талдаулары арқылы берілсін», – деді.

Жоғарыда аталған бағдарлама мен бағыттардың негізінде оқушылардың танымдық іс-әрекетінің оқыту процесіндегі аймағын педагогикалық-психологиялық тұрғыдан талдауды екі сипаттама анықтайды. 1. Индивидуалдық сипаттама мыналарды ұсынады: – жас ерекшелігі көзқарасы бойынша топтық өлшемдерге түрлі танымдық іс-әрекеттің даму деңгейін констатациялау; – оқыту процесінде меңгерілген білімнің нәтижесі танымдық іс-әрекетте сипатталады; – оқушының танымдық іс-әрекетінің күшті және әлсіз жақтарын бөліп сипаттау; – оқушыға педагогикалық және психологиялық жұмыстардың қажетті формаларын бөліп көрсету арқылы сипаттау

. Берілген сипаттамалар психологтың психокоррекциялық жұмысының негізінде дамиды және мұғаліммен бірлескен педагогикалық индивидуалдық бағдарлама және ата-аналармен жүргізілген психологиялық кеңес беру жұмыстары арқылы жүзеге асады. 2. Топтық сипаттама мыналарды ұсынады: – бастауыш сынып оқушыларының жалпы танымдық іс-әрекетінің сипаттамасы; – танымдық іс-әрекеттің аймағы әлсіз дамыған компоненттерді айқындайды (есте сақтау, зейін, т.б.); – танымдық іс-әрекеттің аймағы өте жақсы дамыған компоненттерді айқындайды; – бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін бөлу арқылы сипаттау; – берілген сыныптың педагогикалық және психологиялық жұмысының қажетті формаларын сипаттау.

Топтық сипаттама педагогтық ұжымның топпен жұмысына және индивидуалдық ерекшеліктердің дұрыс дамуына байланысты құрылады. Бастауыш мектептегі оқушылардың оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекетінің маңызын Г.А. Цукерман, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, В.В. Рубцов еңбектерінде эксперименталдық зерттеу жұмыстарының негізінде ашып көрсетеді. Мысалы: В.В. Давы
дов, Н.Г. Салмина зерттеулерінде:

«Оқыту процесіндегі даму ісәрекеті – оқытушыдан оқушыға берілетін теориялық және тәжірибелік процесс», – деп көрсетеді. В.В. Рубцов эксперименталдық зерттеу негізінде құрбыларымен корпорацияны және көзқарастарының координациясын (үйлесімділігі) – баланың интеллектуалдық құрылымының дамуын анықтайды. Оқыту іс-әрекеті субъектінің алдына өзін өзгерту формасын қояды, бұл оқытудың мақсаты болып табылады.

Оқыту мақсаты – оқушыны өзгерту. 1-кесте Оқушыларға білім берудің психологиялық бағдарламасы Оқыту мaзмұны Оқыту әдістері 1 2 1. Бала туралы жалпы мәліметтер. Фамилиясы, аты, тегі және туған Мұғаліммен, ата-анасымен әңгіме жылы мен айы.

Мектепке дейін қандай өткізу, құжаттарын қарау және балабақшада тәрбиеленді, 1-сыныпта тіркеу керек. бейімделу кезеңін қалай өткізді? 2. Даму тарихы. Ата-анасының денсаулығы. Баланың Ата-анасымен, дәрігерімен әңгіме өз денсаулығы және осы жасқа дейінгі өткізу. Дәрігерлік құжаттарын қарау. аурулары туралы тіркеу керек. 3. Баланың отбасы. Отбасы құрамы, олардың бір-бірімен Ата-анасымен әңгіме. Джеральдиной қатынасы. Ата-анасының мамандығы. Чейпидің «Ата-аналар үшін өзіндік Баланың күн тәртібі. диагностика» сауалнамасы. 4. Оқушының физиологиялық дамуы. Сабақ үстінде бақылау, қоңырау Танымдық іс-әрекет ерекшеліктерін кезінде және ойын үстінде бақылау. бақылау. 5. а. Зейіннің ерекшелігі: 1. Корректуралық сынақ. тұрақтылығы, қозғалысы және 2. Горбов-Шульте кестесі. аударылуы. 3. Горбов кестесі. ә. Есте сақтау ерекшелігі: сөздік және 1. Бейнелік есте сақтауды 9 геомебейнелік типтері. триялық фигура арқылы анықтау. б. Ойлау ерекшеліктері: 12 сөзді есте сақтау. сөз-мағыналық және ойлаудың оқыту 1. (Ерекше сөз (әдістемесі сөз-мағыпроцесіндегі маңызын көрсету. налық ойлау. 2. Бейнелік ойлау. 5-сурет бойынша. 3. Дубровинаның ойлаудың оқыту процесіндегі маңызын анықтау.

Педагогтың талаптарын орындау, Сабақ үстінде бақылау. Педагогпен кітаппен жеке жұмыс. Оқыту әңгіме өткізу. Мұғалімге, балаға, материалын меңгеру ерекшелігі, жаңа ата-анаға кеңес беру. білімді меңгеруде кездесетін қиыншылықтар, осы қиындықты жеңудің нәтижесін анықтау. 7. Жеке тұлғалық ерекшелігі. Баланың қоғамдық бағыты, Баланы сабақта, сабақтан тыс кезде, адамгершілік сапаларын меңгеруі. экскурсияда бақылау. Арнайы Үйде, мектепте дұрыс мінез-құлықты эксперименттер жүргізу. Баланың сақтау. Ұжыммен қарым-қатынасы: түрлі іс-әрекетін қадағалап отыру. ұжымдағы рөлі, балалармен достығы, үлкен мен кішіге ізетпен қарауын анықтап отыру.

Қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті ағартушы, ғалым Жүсіпбек Аймауытұлының «Психология» атты ана тілімізде жазылған тұңғыш психологиялық, педагогикалық құнарлы ғылыми еңбегінде: «Білімге деген ынталанушылық – адам бойындағы ой еңбегі күшінің қайнар көзі, сондай көздерді көбірек ашу, өркендету өнері – мұғалімнің бойына біткен қасиет болуы керек», – деп жазады. Сонымен, қорыта айтқанда, мақсат жаңа берілетін білімнің мазмұнына оқушылардың ынта-ықыласын ойлау іс-әрекетіне аудару, зейінін туғызатын қызықты мағлұматтар арқылы баланың есте сақтауын дамыту болып табылады.

Бастауыш мектептегі оқыту процесін ұйымдастыруда зейіннің жеке және жас ерекшеліктерін, оқу іс-әрекетінің түрін ескеру қажет. Зейін өздігінен жеке-дара психикалық процесте, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Әйтсе де ұдайы өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетке, таным процесіне тікелей қатысты болып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді. Сөйтіп, ол адам ісәрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына көмектеседі.

К.Д. Ушинский адамның психикалық іс-әрекетінде зейіннің алатын орнын ерекше атап көрсетіп: «Зейін адам санасы арқылы қорытылатын және одан өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады», – деген болатын.

Оның бұл пікірі психологияда өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Бастауыш мектеп оқушысының зейін көлемінің бір мезгілде бірінші іске зейінін бөле алуының оқу үшін үлкен маңызы бар. Төменгі сынып оқушысы зейінінің аударылуы күресу үшін объектілерді үнемі өзгертіп, не олардың бірінен соң бірін алмастырып отырған жөн. Тек сонда ғана бала зейінінің аумалы келуімен күресе алады. Зейіннің көптеген қасиеттерінің ішінде психологиялық-педагогикалық ерекшелігі жағынан ерекше қасиеттері – оның тұрақтылығы, аударылуы және көлемі. Бурдонның стандарттық кестелерін негізге ала отырып, қазақ тілінде оқылатын мектепке бейімдеп, бастауыш сынып оқушыларының зейін тұрақтылығын «корректуралық сынақ» әдістемесімен зерттейміз. «Горбов кестесі» бойынша зейіннің көлемін қарастырамыз. «Горбов-Шульте кестесі» бойынша зейіннің аударылуын анықтаймыз. 1. Әдістеме: «корректуралық сынақ» әдістемесімен зейіннің тұрақтылығын зерттеу. Мақсаты: Зейіннің тұрақтылығын анықтау. Жабдықталуы: «корректуралық сынақ» тестінің стандарттық бланкісі (А.1) және секундомер. Бланкіде кездейсоқ ретпен жазылған алфавиттегі әріптер, олардың ішінде «к» және «р» бар, барлығы – 2000, әр қатарда – 50 әріптен. Жүргізілетін жолы: арнайы дайындалған бөлмеде сыналушымен жеке және баланың жұмысты орындауға қолайлы орналасуын қадағалап отырғызамыз. Ол үшін сыналушының жұмысты орындауға ынтасы бар ма, соны білуіміз керек. Тек сонда ғана жұмысты бастауға болады. Сонымен қатар бала өзін емтихан тапсыратындай сезінбеуі керек. Сыналушылардың атқаратын ісі келесі нұсқаумен түсіндіріледі: сіздерге берілген бланкіде алфавиттік әріптер берілген, әр жолды дұрыстап қарап «к» және «р» әріптерін іздеп тауыпсы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет