Қорытынды.
Қорыта айтқанда бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясының қалыптасуы, яғни балада өзінің оқу жұмысының жекелеген кезеңдеріне мақсат қою ептілігі болмаса, мотивтің қатысуы жеткіліксіз болады. Әсіресе бастауыш мектепте балада оқу еңбегінің жекелеген жақтарына бағыттылық қалыптасқанымен, ол осы оқу мотивтерін жүзеге асыра алмайды: мақсат қоюды, оларды негіздеуді, басты және қосымша мақсатын анықтауды білмейді, т.б. Мұғалім балаларды өздерінің мотивтерін мақсаттың жүйелілігі, бірізділігі арқылы іске асыруга үйретуі тиіс.
Мақсат қою — бұл баланың ерекше мінез-құлқының сипаттамасы бала өмірде белгілі бір мақсат қоюды практика жүзінде үйренеді. Бірақ мақсаттар бір-біріне ұқсамайды. Мотив сияқты мақсат та өзінің мазмұны бойынша ажыратылады, бала өз бетінше мақсат қоюы және жүзеге асыруы мүмкін, бірақ осы мақсаттар біздің тұлғалық адамгершілік туралы түсінігімізбен сәйкес келмеуі де мүмкін.
Мектеп жасындағы баланың әлеуметтік оқу мотивтерінің қалыптасуы үшін ұжымдық және топтық жұмыстарға мектеп жасындағы баланың бірлескен қызметтерінің болуының маңызы зор: бірлескен жұмыстың жалпы мақсатын жасау (тапсырманы орындау) және оның варианттарып топ мүшелерімен талқылау, осы жалпы жұмыстарды орындау әдістерін іздестіру, шешу әдістерінің бірнеше варианттарын салыстыру, бірлескен жұмыстарда өзіндік және өзара бақылау жолдарын анықтау, топ мүшелері ұсынған осы бақылаудың түрлі әдістерін салыстыру, ұжымдық қызметке мотивация — топтық жұмыстарды орындауға ұмтылу, топтың өзге мүшелерінен жақсы баға алуға талпынуы болып табылады.
Мектеп балаларының өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары — мектеп балаларының өз жетекшілік ететін, оны өзі қойған тапсырмаларға, мотивтерге, мақсатына сай іске асыратын танымдық тұрғыда еңбек етуі. Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысы түрлі деңгейлерден тұрады: ол мектеп оқытуына "ұштас", өзін-өзі тәрбиелеудің жеке кезеңді формаларының түрінде және ең соңында, мектеп оқушысының өзін-өзі тәрбиелеу және өздігінен білім жұмысында ерекше өріс алган еңбегіне айтталуы ықтимал. Бұл дәрежелердің барлығы да мұғалімнің жетекшілігін қажет етеді.
Мұғалімнің мектеп балаларының өз беттерінше атқаратын оқу жұмыстарына жетекшілік етуі сабақта, үйірмелік және факультативті жұмыстарында, "Оқып үйрену" тақырыбына арналған оқу жиналыстарында іске асады.
Оқу әрекетінің орындалуы балалар жұмысқа кірісуге дайын болғаннан кейін толығымен күшейеді. Оқу әрекеті — бұл баланың оқу материалымен белсенді әрекет жасай алуы. Бұған талдау, салыстыру, өзгерту, модельдеу, т.б. әрекеттер кіреді. Оқу процесінде мұғалім балаларды оқу материалын қайта өндеу және жүйелеудің күрделі тәсілдеріне, жалпы припциптерді айқындап, нақтылауға, есте сақтау, зейінді шоғырландыру әдістеріне, бақылау әдістеріне және т.б. үйрете алады. Оқу жұмысының тәсілдері мен амалдарының қалыптасқандығы оқу іс-әрекетінің кемелденгендігінің басты көрсеткіші болып табылады. Оқу іс-әрекеті — бұл ғылыми түсініктерді меңгеруде әрекеттің қорытынды тәсілдерін игеруді қамтитын, бағытталған іс-әрекет. Әсіресе жұмыстың жаңа тәсілдерін меңгеру оқушының бойында өзгеріс туғызады, ақыл-ой дамуында жаңа ерекшеліктерінің пайда болуына әкеледі, оның тұлғасының жаңа сапаларын толықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |