Бастауыш мектеп оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстар 4


Бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелерін оқыту тұжырымдамасы



бет4/7
Дата16.11.2022
өлшемі73,35 Kb.
#50530
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1. 1 Бастауыш мектеп о ушыларына с йлем м шелері туралы т сінік

1.2 Бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелерін оқыту тұжырымдамасы


Әдістеме ғылымы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Оқыту әдістемесі - оқытудың мазмұнын, мақсатын, міндетін, әдісін, сондай-ақ үйрету амалдары мен тәрбиені зерттейді. Ал әдіс білім алу мақсатындағы оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің өзара байланысын қарастырады. Әрбір әдісте өзіндік лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық тұжырымдама бар. Әдіс - оқытуға арналған бағыт, яғни ол сөйлеу әрекетін тудыратын оқыту стратегиясы. Әдіс - оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің амалы.


Соның ішінде біз тоқталатын сала - сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемесі мен әдісі. Сөйлем мүшелерін оқыту мазмұны оқу материалдарын сұрыптау, іріктеу, ұйымдастыру, жаттығу түрлері арқылы, ал оқу үдерісінің мазмұны дағды мен біліктілікті қалыптастырудағы оқушы мен оқытушының байланысы арқылы анықталады. Әдіс түсінігі белгілі бір міндетті жүзеге асыру жолындағы шындықты теориялық және практикалық жолмен шешудегі амалдар мен тәсілдердің жиынтығы дейді А.Н.Щукин, ал Сейіл Жиенбаев: ...мұғалім сабақты біреудің көрсетіп бергенін айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Әдістеме рецепт те емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба, - деп әдістеменің көптеген проблемаларына тоқталды, ол қазір де мәнін жойған жоқ. Мұғалімдерге ұсынылатын әдіс-тәсілдер ретінде дәріс сабағы, әңгіме, жаттығу орындау, тест және т.б.
Сөйлем мүшелерін оқыту кезінде мұғалім мынадай негізгі кешенді әдістерді ұтымды пайдаланғаны жөн: оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру әдісі, үйретудегі мотивацияны тудыру әдісі және үйретудің тиімділігін арттыратын бақылау әдісі. Бұл әдістер негізінде оқыту ұстанымдары қарастырылады. Мысалы, ана тілін есепке алу, коммуникативтік бағыт, сапалылық, сөйлеу жағдаяттық, ауызекі сөйлеу алға шығады, жинақтау, әдістемелік ұстаным, тілдік, лингвистикалық материалдарды іріктеу, сабақта оқу материалдарын өлшеммен беру, бекіту [5,57].
Сонымен бірге тілді оқыту әдісі - жаңа материалды түсіндіру, үйрету, меңгеруді ұйымдастыру мен бақылау; білім беру әдісі - оқушының үйрену процесіндегі танымдық және практикалық әрекетінде қолдану; яғни оқыту әдісі екі жүйеде: үйрету әдісі мен білім беру әдісінің негізінде практикада жүзеге асады.
Үйрету әдісі: көрсету, түсіндіру, ойландыру, жаттығуды ұйымдастыру, бағалау; ал білім беру әдісі: танысу, ұғыну, машықтану, өзі түзету, өзіне баға беру.
Көрсету әдісі бойынша оқытушы оқу материалдарын (дыбыс, сөз, сөйлем, мәтіндерді) таныстыру кезеңінде қолданады. Көрсету әдісін қолданғанда әр түрлі әдістемелік амалдар қолданылады. Мысалы, аудиовизуалды оқыту әдістемесі арқылы көріп-байқау қолданылады.
Таныстыру әдісі таныс емес материалды меңгеруде қолданылады. Оқушы оқытушының материалды таныстыру кезеңінде әр түрлі амалдарды қолданады. Мысалы, түсіну және есінде сақтауы үшін суреттерді, техникалық құралдарды пайдаланады.
Түсіндіру әдісі бойынша оқытушы жаңа материалдарды түсіндіруде оқушының сапаға жететіндей деңгейінде басшылық жасайды. Материалды талдап, дәлелдеп, оқушының сапалы түрде ұғынуына әрекет жасайды. Түсіндіру кезінде қажетіне қарай таныстыру, салыстыру тәсілдері мен көрнекілік, суреттер қолданылады.
Ойландыру әдісі бойынша оқушы тарапынан ойлау әрекетіне қатысты кешенді амалдарды біріктіреді (анализ, синтез, салыстыру, біріктіру), сонымен бірге таныс емес материалдарды меңгеруге бағытталады, тапсырмалар орындалады, нәтижесінде түсінік, ұғым, жаңа білім қалыптасады. Сабақта оқушының өзінше ойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасатуға үйрету өте маңызды. Мысалы, жалғау түрін меңгеру, жаттығу орындау, мақал-мәтелдің мағынасын түсіну т,б. Сұрақ-жауап әдісінің ойландыруда маңызы зор.
Жаттықтыру әдісі - оқытушының оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы іс-әрекеті. Оқушы үйренген сөздік қорын ұтымды пайдаланып, оны сөйлеуде қолдануға жаттығады. Ол ұзақ жаттығудан өтеді. Жаттығулардың түрлі типтері ұсынылады (мысалы, арнайы жаттықтыратын және шығармашылық жаттығулар) [6,67].
Тілдік жаттығулар ережеге, грамматикаға, дыбыстауға, интонацияға құрылады, ал сөйлеу жаттығулары, монолог, сұхбат, мазмұндама және шығарма түрінде орындалады.
Сөйлем мүшелерін оқыту барысында грамматикалық ертегілер жаздырып үйрету де тиімді әдістердің бірі болып саналады. Мұғалім алдымен оқушыларға бір грамматикалық ертегіні оқып береді де, соның негізінде жаңа ертегі ойлап табуға итермелейді. Мысалы, төмендегіше ертегіні үлгі ретінде ұсынуға болады:

Бес ауылдың айтысы


Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде Бастауыш деген бір ауыл болады. Бұл өте үлкен ауыл екен. Осы ауылға Баяндауыш, Анықтауыш, Пысықтауыш, Толықтауыш деген ауылдар көшіп келіп қосылады. Бұлар бір ауылға сыйыспайды. Бастауыш тұрған жер тарлық етеді. Бір күні олардың басшылары жиналып кеңеседі. Бірінші сөзді Бастауыш бастайды:
- Мен өз ауылыммен тып-тыныш отырғанда, сендер келдіңдер. Бұл не сұмдық! Сендер келгендеріңмен қоймай, енді бізді өз ауылымыздан қумақсыңдар, - дейді.
Әрі қарай олардың арасында ұрыс-керіс басталады.
Баяндауыш:
- Мен сенің ісіңді, қимылыңды, жай-күйіңді білдіріп, ойыңды аяқтаймын. Менсіз сенің бір тиындық құның жоқ, - дейді.
Сонда Толықтауыш:
- Мен бәріңнің істеген істеріңді толықтырамын. Мен болмасам, сендердің жұмыстарың толық бітпейді, шала болып қалады, - дейді.
Ал Анықтауыш:
- Мен сендердің бәріңнен ілгерімін. Өйткені мен сендерді анықтап, айқындап тұрамын.
Пысықтауыш:
- Ал мен болсам, сендердің қайда екендеріңді, не үшін өмір сүретіндеріңді білдіремін. Менсіз сендер жоғалып кетесіздер.
Осындай талас-тартыспен біраз уақыт өткен соң, Кім сұрағы былай дейді:
- Бұларың не? Тыныш! Мен мынадай шешімге келдім: Баяндауыш біздің істерімізді аяқтаса, Толықтауыш ол істерді түгендесіп, толықтырса, Анықтауыш бізді айқындап тұрса, Пысықтауыш мекенімізді, мезгілімізді білдірсе, ешкімнен кем болмаймыз. Достасып, бір-бірімізге көмектесейік, - депті.
Содан бері олар тату-тәтті өмір сүріп келеді екен.
Грамматикалық ертегі жазу оқушыдан сөйлем мүшелері туралы толық білімді қажет етеді. Демек, ертегі жаза отырып, оқушы сөйлем мүшелері туралы тақырыпты кеңінен игереді, ой-өрісін кеңейтеді [7,91].
Сөйлем мүшелерін оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен, жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім жаттығу жұмыстарын жүргізіп отырғаны дұрыс. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады. Өйткені, ғалым С.Рахметованың айтуынша: оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз анализ-синтез жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, абстракциялайды, жалпылайды, жаттығу арқылы білімін жүйелейді [8,169].
Сөз тіркесін мектепте дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің таңбалық болмысын түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін іріктеп, бастауыш сынып оқушыларына қазақ жазу принциптерін анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің жазылуы, айтылуы туралы ережелерді үйрету арқылы дамыта оқыту қызметін ұйымдастыру көзделді. Қазақ жазуының теориялық концепциясына сүйеніп, бастауыш сыныпта «тізбек», «тізбектелу», «дыбыстар тізбегі», «буындар тізбегі», «түбір мен қосымшалар тізбегі» сияқты ұғымдарды енгізіп, олардың лингвистикалық түсініктерін меңгерту арқылы ғана тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы түсінік қалыптастырады /1, 54/. Бір сөздің орфографиялық түрін талдату арқылы тіл жүйесіндегі тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы жалпы ұғым жасату керек. Одан кейін оқушылар өз бетімен сөздер құрамындағы дыбыстардың тіркесімділік қабілеті мен тіркесімділік талғамы, тіркесім талаптары туралы түсінік беріліп, тапсырмалар орындатылып, қорытынды тұсында тіркесім туралы ұғым жасатылады. Тіл бірліктерінің, дыбыстың түбірдің, қосымшаның, жеке сөздің құрамын талдау арқылы оқушы әр біліктіңмағынасын ашады,соның негізінде әрбір тіл бірлігінің қызметі- өз тектес бірлікпен тіркесіп, өзінен жоғары деңгейдегі жаңа тіл бірлігін жасау екендігіне біртіндеп көзі жетеді. Осы тәріздес жұмыстар арқылы ғана бастауыш сынып оқушыларының ізденімдік- зерттеушілік қызметін ұйымдастыру тиімді болады. Сөйтіп, оқу қызметін оқушы теориялық ойлауы мен тілін дамыту бағытында құруды көздей отырып, сөз тіркесі синтаксисін бастауыш сыныптарда оқытуды жазба тілдің принциптерін меңгертумен байланыстыруды жөн деп қабылдадық. Әрине, бұл дегеніміз- бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуды тек орфографиялық принциптерге негіздеуді ұсыну емес. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін дамыта оқыту барысында жазу принциптерін тірек етудің мүмкіндігін анықтау және оны болашақта нақтылай зерттеу қажеттілігінің өзі – бастауыш сынып оқушыларына фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұғымдар аясын кеңейте меңгерту мәселесілелерімен тығыз байланысты.
5-9 сыныптарда сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы сөз тіркесінен берілетін білім мазмұнын іріктеуде бұл сынып оқушыларының орфографиялық машық- дағдылары белгілі бірдей дәрежеде қалыптасқаны назарда ұсталынады. Сондықтан да орфографиялық принциптер бұл сынып оқушылары үшін ғылыми жаңа мәлімет болуы көрінбеуі ықтимал.Осындай мәселе біздің алдымызға 5-9 сынып оқушылары үшін сөз тіркесін дамыта оқытуда негізгі теориялық тірек іздеу керектігін танытты. Ондай теориялық тірек ретінде біз мынадай жолды таңдадық:
- сөз тіркесін оқытуда логика элементтерін қолдану және оқушыларға логика элементтерін тілмен байланыстар отырып меңгерту;
- сөз тіркесін лексикамен, морфологиямен байланыстыра оқыту;
- жаңа синтаксистік ұғымдардың енгізілуі;
- қазақ тілінің жүйелі ғылыми курсы салалы фонетика, лексика, морфологияның синтаксистік негізде оқытылуы;
- сөздің синтаксистік қызметіне сөз тіркесін құруға қатысуын да енгізу;
- сөйлем құрылуындағы сөзбен қатар сөз тіркесінің қызметін де алдыңғы қатарға шығару;
- сөз тіркесі мен сөйлем (жай сөйлем, құрмалас сөйлем) жасалуындағы синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар табиғатына терең синтаксистік талдаулар жасату;
- орфоэпия заңдылықтарының жаңа ұғымдарын енгізу;
- пунктуация теориясының ұғымдарын меңгерту;
- сөз тіркесінің текст құраушылық қызметіне байланысты ұғымдар жүесін енгізу.
Жаңа ғылыми ұғымдарды сөз тіркесін оқытумен байланысты енгізудің өзінде оқушының белгілі бір дәрежедегі даярлығы болуы керектігі естен шығармау қажет. Жаңа лингвистикалық ұғымдар енгізілгенде, оқушының олармен қалай танысатыны, қандай оқу мақсаттарын қоятыны, қандай міндеттерді шешу арқылы жаңа мазмұндық топтастырулар жасауға жете алатыны анықталады. Мұндай мәселе оқушыны орындайтын оқу әрекеттерінің барынша нақтылауын, жүйеленуін міндеттейді. Оқушы теориялық ұғымды анықтауға, талдауға кіріспес бұрын, мұғалім негізгі оқыту нысаны - сөз тіркесінің табиғаты туралы білім мазмұнын есіне түсіріп, оқушының сөз тіркесі туралы білетін білімдік мазмұнын жаңа аспектіден қарауына басшылық етіп, олардың сөз тіркесі туралы білімін жүйелеп алуына көмектеседі. Осы ретте оқушының теориялық ойлауын дамыту мақсатымен бірге оқушының тілін дамыту мақсаты да бірігіп, сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының толыққандығы айқындала бастайды. Яғни оқушының теориялық ойлауын дамыту міндеті оқушының тілін дамыту міндетімен біріктіріліп, оқушының жан- жақты дамуына жаңа, үлкен арна жасалады. Бұл жерде сөз тіркесінің өзі тектес басқа тіркес түрлерімен салыстыруы, құрмалас сөйлеммен салыстыруы, сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің байланыстығы, текст туралы ұғымдар берілуі туралы айтып отырмыз. Бұл жұмыстардың барлығы, түптеп келгенде, негізгі обьект- сөз тіркесі синтаксисінің табиғатын неғұрлым терең, неғұрлым айқын танытуға бағытталады.
Сөз тіркесін дамыта оқытуда эмпирикалық және теориялық таным деңгейлерінің ерекшеліктері осы 5-9 сыныпта аса ескеріліп, эмпирикалық және теориялық деңгейлерде берілетін білім мазмұндары іріктеледі. Өйткені алдымызға қойылған мақсат- оқушылар сөз тіркесін эмпирикалық және теориялық деңгейлерде бірізділікпен талдай отырып, осы тіл бірлігінің грамматикалық тіл бірлігін айқындауға, тіркес түрлерін ажырата білуге, жай және күрделі сөз тіркестерін тануға, сөздердің байланысу тәсілдеріне, байланыс түрлеріне, құрамына, түрлеріне және синтаксистік байланыстармен синтаксистік қатынастар табиғатына терең назар аударулары керек. Сөз тіркесін тілдің барлық ішкі жүйелерімен (фонетика, лексика, морфология, сөйлем, текст) байланыстара оқыту арқылы пунктуациялық, орфоэпиялық талдаулар жасату арқылы мұғалім оқушының сөз тіркесінің жүйелік-құрылымдық табиғатына мазмұндық талдау жасау дағдыларын қалыптастырады /2, 44/.
5-сыныптан бастап, оқушылардың синтаксистік ұғымдарды терең тануы мен синтаксистік ұғымдарды жүйелеуге дағдылануы дамыта оқыту технологиясының міндеті болып саналады. Өйткені, 5-сыныптан бастап оқушылар қазақ тілінің жүйелі курсын оқып- үйрене бастайды. Енді оқушы тілдің ерекше қызметіне ден қойып, бастауыш сыныптарда меңгерген жазудың заңдылықтары мен тілдің заңдылықтарына теориялық тұрғыдан қарауды үйренеді. «Дыбыс және оның мағынасы», «Сөз және оның мағынасы», «Сөз тіркесі және оның мағынасы», «Сөйлем, сөйлем түрлері, олардың мағыналары» деген тақырыптар енді оқушыға тіл бірліктерінің семантикалық тұрғыдан танылуы қажеттігін айқын көрсетеді. 5-сыныпта фонетиканы оқытудағы басты мақсат – фонеманың сөзбен морфемнің мағынасын ажырататын қызметін таныту. Фонема туралы ұғым қалыптасқан оқушыда жазудың фонематикалық, морфологиялық принциптері туралы түсінік қалыптасуға дайын болады. Жазба жұмыстар мен синтаксистік талдауларды дәстүрлі әдістемеден басқаша етіп түрлендіру және олармен көп жұмыс жасау арқылы оқушыларда жаңа, бұрынғы оқытуда айтылмайтын, тіл жүйесіндегі барлық дерлік бірліктердің, фонемадан бастап, морфема, сөз, сөз тіркесіне шейінгі тіл бірліктерінің, түпкі қызметі- сөйлем құрылымына қатысу екендігі туралы ұғым қалыптасады. Сөйтіп, «Тіл – жүйелердің жүйесі» екендігіне ғылыми талдаулар арқылы көз жеткізеді /3, 79/. Мұндай ұғым жасауда оқушылар жаңа біліміне бұрынғы эмпирикалық білімін тірек етуі үйретіледі.
5-сыныпта фонетика, лексика жүйелерінің сөз тіркесімен байланыстырыла оқытылуына қажетті лингвистикалық және практикалық материалдар дидактикалық қажеттілікпен іріктелінеді. Фонетика тақырыптарын сөз тіркесімен байланыстыруда, дыбыстардың бірізділікпен орналасу арқылы сөз, сөз тіркесі, сөйлем құралуы туралы теориялық топтастырылған ұғымдар жасалуымен бірге, орфоэпиялық нормалардың үйретілуі де дамыта оқытуда үлкен тірек бола алатын жол деп саналады. Лексиканы оқытуда сөз тіркесін байланыстырудың тиімді жолы ретінде біз лексиканың «Сөз мағынасы», «Синонимдер», «Терминдер», «Көп мағыналы сөздер», «Тұрақты тіркестер» тақырыптарына баса назар аудардық. Осы бағытта жасалған жұмыстардың көлемі, негізінен, синонимдерге байланысты болды. Себебі, синоним сөздердің мағыналарының түрлі реңктері, экспрессивтік-эмоционалдық бояулары сан қырлы болып оқушылардың теориялық ұғымдар жасауы мен тіл дамуына мол мүмкіндік бере алады /4, 94/.
6-сыныпта морфология жүйесі оқылады. Бұл сыныпта сөз тіркесін морфологиямен байланыстыра оқытуға лингвистикалық материалдар бай әрі жеткілікті. Морфологияны сөз тіркесімен байланыстырыла оқытудың лингвистикалық негіздемесі сөз тіркесінің морфологияға тым жақын екендігі туралы қағидаға сүйенеді, өйткені, сөз тіркесінің жасалуының өзі сөз таптарының синтагмалық қасиеттеріне байланысты. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, одағай, шылау, еліктеу сөздердің барлығы бір- бірімен тіркесімдік қабілеттері жағынан, синтаксистік қызметтері болуы жағынан сөз тіркесін оқытуға үлкен тірек болады. Сөз тіркесін дамыта оқытуды морфологиямен байланыстыруда оқушылардың дәстүрлі білім алу барысына өзгерістер енгізілді. Ол өзгерістер мынадай: дәстүрлі бағдарламада сөз таптарының синтаксистік қызметі тақырыптардың соңғы жағында ғана, сөйлем мүшесі болуы туралы анықтама және мысалдармен беріледі. Ал сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясы жалпы сөз таптарының белгілері туралы жалпы анықтама беруді ұсынып, сол маңызды белгілердің бірі- сөз табының синтаксистік қызметі екндігіне назар аударылады. Сөздің лексикалық, морфологиялық табиғаты лингвистиканың ортақ мәселесі екені белгілі, ал сөзді синтаксема деп танушыларға /4, 84/ сүйенетін болсақ, сөздің белгілі бір сөз табына жатқызылуының өзінде оның (сөздің) синтаксистік табиғаты басты орын алып тұрғанына назар аударылмайды. Мысалы, зат есім болса, оның сыны, саны, сапасы болады. Дерексіз зат есімдер мен сын есімдердің (батыр, қорқақ т.б.), тұйық етіс пен зат есімдердің (жүгіру, айту т.б.) айырмашылықтары зат есімнің сын есім арқылы анықталатын синтаксистік қасиетіне сүйене отырып танытылды. Мұның өзі оқушылардың дәстүрлі жүйедегідей, морфология мен синтаксисті айырып танудан сақтандырып, тіл жүйесінің тұтастығын тануға жетелейтін жол деп санады. Зат есімнің ішкі семантикалық түрлерінің өзі олардың түрлі тіркесімдік мүмкіндіктері арқылы тануды қажет етеді (ұл бала, қыз бала т.б.).
Ал сөздердің тіркесімі арқылы ғана сын есімнің, сан есімнің табиғаты танытылатыны бағдарлама мен оқулықта айтылмайды (қызыл көйлек, жеті күн т.б.). Сөз таптарының синтаксис болмысы олардың сөз табы болу мүмкіншіліктерін айқындайтын маңызды факторлардың бірі екендігі сөз тіркесін дамыта оқыту бағдарламасында алдыңғы орынға қойылды.Сын есімдердің синкреттік ерекшеліктері, сан есімдердің сөз табы екендігі не еместігі туралы ғылыми көз қарастар оқушыларға ауызша материал түрінде таныстырылуы қажет деп танылды. Есімдіктің тек орынбасар сөз ғана еместігі де, есімдік тек белгілі бір есім сөзді ауыстырушы емес, тұтас абзацтарды да ауыстырып тұратыны тексті оқытумен байланысты түсіндірілді. Етістік сөз табының мүмкіншіліктері мен олардың сөз тіркесін жасау ерекшеліктері зерттеудің лингвистикалық бөлімінде кең талданды. Сол материалдардың дені сөз тіркесін дамыта оқытуда қолданылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет