ІІ. Негізгі бөлім 2.1 Бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Баланың кейінгі және болшақтағы білімі бастауыш буындағы білімінің сапалығына тікелей байланысты. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың негізгі ерекшелігі - білімді қызығушылықпен алуы. Ол үшін оқу үрдісін бала талпынатындай және қызығатындай ұйымдастыру керек. Алдына қойған мақсатқа жету үшін мұғалім кез келген технологияны таңдауға ерікті. Білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, оқу үрдісін құру - мұғалім құзырындағы іс.
Бастауыш сыныпта көбірек қолданылатын технология - ойын. Ойын, өзіміз білетіндей, баланың басты іс-әрекеті. Сонымен қатар ойын - оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыратын, оқу үрдісін қызықты етіп өткізуге әрі олардың көңіл күйлеріне әсерін тигізетін оқыту құралы. Екінші техонология Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.
Қазіргі заманғы білім беру технологияларының бірі - ақпараттық интерактивті тақтамен сабақ өткізу. Ол оқушының пәнге қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық, шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі, сондай-ақ ұстаз үшін шеберлік пен сауаттылығын арттыра отырып, даму бағытына сәйкес іздемпаздылыққа үйрету құралы. Ақпараттық оқытудың тиімділігін төмендегі бағыттарға бөлуге болады:
білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті қор ретінде оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды,
ақпараттық технология оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдысын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу [9,84].
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдердің түрлерін 6 кезеңге бөліп талдаған жөн:
Сабақты бастауға арналған әдістер; (үйге берілген тапсырмаларды сұрауға,
қайталауға арналған әдістер)
Тыңдалымға арналған әдістер;
Айтылымға арналған әдістер;
Оқылымға арналған әдістер;
Жазылымға арналған әдістер;
Сабақты қорытындылауға арналған әдістер [10,42].
Сабақты бастауға арналған стартер әдістер
Сабақтың бас кезінде оқушылардың көңіл күйін көтеріп жіберу үшін және бір-біріне бойларын үйрету үшін стартер деп аталатын әдіс-тәсілдердің кейбірін қолдануға болады. Бұл әдістерді қолданғанда мұғалім өткен тақырып бойынша тапсырма бергені дұрыс, сонда оқушылардың өткен сабақтағы білімін тез және оңай жолмен байқауға болады. Мысалы Ұшақ ұшыру, Қар кесегі, Артығын алып таста, Сәйкестендір, Сөйлемді толықтыр, Жоқ сөздерді тап, Ыстық орындық, Домино, Білім ағашы, Жұбын тап, Карта, Пазл т.б. көптеген әдістерді қолдану арқылы өткен сабақты қаншалықты меңгергендігін байқау қиын емес. Бұл әдістер - кәдімгі үй жұмысын сұрау. Яғни балалар ойнап отырып үй жұмысын толықтай айтып береді. Аталған әтіс-тәсілдердің бастауыш сынып оқушыларын сөйлем мүшелерін оқытуда, жалпы бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай, оларға білім беруде тиімділігін жоғары деп бағалауымызға болады. Мысал ретінде төменде бір әдістің сабақта қолданылуын көрсетейік:
Пазл әдісі
Балаларға құрастыру үшін қиылып беріледі (оқушылардың алған білімін тәжірибеде қолдануға тиімді)
Тыңдалымға арналған әдістер
Тыңдалым дегеніміз - өте маңызды тілдік дағдыны қалыптастырады. Мендельсон (1995) мұғалімге оқушылардың білімін тексеруге емес, оның тыңдалым дағдыларын машықтандыруға баса назар аударуды ұсынған. Яғни оқушылардың тыңдалым дағдысын шыңдау арқылы тіл байлығын арттыруға қол жеткізуге болады. Тыңдалымға аудио, видео, лекция, сұхбат т.б. жұмыс түрлерін қолдануға болады. Бұдан басқа көптеген әдіс-тәсілдерді келтіруге болады, мысалы: Автор орындығы, Жұппен диктант, Концерт көру, Көріністер, Монолог, Бейнебаян, Сыдырма т.б. Тыңдалымнан оқушылар ақпаратты түсінуге, болжай білуге, сұрақтарға жауап беруге дағдыланады және тілдік қоры дамиды.
Бейнебаян әдісі
Оқушыларға интерактивті тақта арқылы бейнебаян тамашалау ұсынылады. Әр сөйлем аяқталғаннан кейін мұғалім бейнебаянды кідіртіп қоюы керек. Сол уақытта оқушылардан белгілі бір сөйлем мүшесін жазып алу талап етіледі.
Айтылымға арналған әдістер
Айтылым бірнеше мақсатта орындалады: қатысу үшін сөйлеу, түсіндіру үшін сөйлеу, өз білімін байқату үшін сөйлеу, бағалау үшін сөйлеу т.б. Айтылым дағдысына үйрету де жоспарлы түрде жүзеге асуы қажет. Айтылымда баланың сөйлеу тілі дамиды, сондықтан әр сабақта айтылымға байланысты мынандай әдіс-тәсілдерді қолданған жөн: Блиц кездесу, Дебат, Мен кіммін?, Үш қадамдық сұхбат, Шындық па, жалған ба? немесе Дұрыс па, бұрыс па?, Егер мен..., Серпілген сауалдар, Ақылдың алты қалпағы, Қар кесегі, ДЖИГСО, Ыстық орындық, Ақ терек, көк терек, Сандық логика.
Ыстық орындық әдісі
Сыныптан ерікті бір оқушы ортаға шығып орындыққа отырады. Қалған оқушылар оған өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. Мүмкіндігінше көп оқушыларды қамту үшін сұрақтар санын сыныптағы оқушылар санына сай шектеген жөн. Аталған әдіс тақырыпты қайталау, немесе тоқсандық қайталауда кезінде тиімді болып саналады.
Оқылымға арналған әдістер
Оқылым белсенді немесе бейтарап болуы мүмкін. Яғни әңгімені түсініп оқу немесе көз жүгіртіп оқу. Бастауыш сыныптарда оқу жылдамдығын арттыру да бар. Ол жүгіртіп оқуға жатады. Мәтін ішіндегі цифрды немесе бір маңызды даталарды тауып алуда жүгіртіп оқу жүзеге асады. Ал мәтіннің мазмұнын айту үшін оқуда түсініп оқу жүзеге асады. Оқылым бөліміндегі әдіс-тәсілдер мәтін бойынша сұрақтар қоя білуге, мәтіннің идеясын, құрылымын анықтауға, мәтінге анализ жасауға негізделеді.
Оқылымға мынандай Бір мәтінмен жұмыс әдісі тиімді: сыныпты бірнеше топқа бөлеміз.
Бірінші топ - әңгіменің мазмұнын айтады.
Екінші топ - әңгімені зерттейді (мысалы сөйлемнің дара мүшелері, сөйлемнің күрделі мүшелерін табады)
Үшінші топ - жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады
Төртінші топ - әңгіме бойынша сурет салады
Бесінші топ - әңгімеге байланысты өлең құрастырады.
Сыныпта бала саны аз болса жұптарға бөлген де дұрыс немесе кейбір тапсырманы алып тастап қажет деп тапқан тапсырмаларды қосуға болады.
Жазылымға арналған әдістер
Жазылым әр сабақта жүзеге асатын қалыпты жұмыс. Оқушылар жазылымды күнделік толтырғанда, сынып және үй жұмысын орындағанда, сондай ақ құттықтау, эссе жазу, хат жазу сияқты жұмыстарды орындағанда да қолданады. Жазылым кезінде қатесіз жазу, оқып алып жазу немесе өз ойыңды жазу, суретке қарап жазу және естігеніңді жазу сияқты бірнеше түрлері бар. Жазылымға сөздік және көру диктанттары, шығармалар т.б. жатады. Жазылым үшін әр балаға сыныптағы оқушылардың фотоларын таратып, сол оқушы туралы қысқаша әңгіме жазуға тапсырма берген өте қызықты болады.
Аялдама әдісімен де жазылымды ұтымды әдіс қолдануға болады: автобустың артына сөйлемдерді жалғастырып мәтін құрастыру ойынын өткізу тиімді.
Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, аздап болса да олардың қиялына ерік берген дұрыс. Суретке қарап тұрып өз ойын жаздыру арқылы оқушының ойын қаншалықты сауатты әрі нақты жеткізе алатынын бағалауға болады.
Сабақты қорытындылауға арналған әдістер
Қорытындылауға арналған әдіс-тәсілдердің бір артықшылығы мұғалім бөлім біткенде оқушылардың білімді қаншалықты меңгергендігін байқай алады. Пирамида әдісі соның бір айғағы. Бұл үшін мұғалім үйде тыңғылықты дайындалып келуі қажет. Яғни бөлімдегі тақырыптарға байланысты көптеген суреттер дайындайды. Суреттерді жеке-жеке қиып үстел үстіне жайып қою керек. Әр оқушы өзіне ұнаған 4 сурет таңдап алады. Содан соң жұптасып екі оқушы суреттерін қосып ішінен 4 сурет таңдап алады. Енді бұл жұп басқа жұппен бірігіп тағы да суреттерін қосып ішінен 4 сурет таңдайды. Таңдалған 4 суреттен мазмұны бар, қызықты постер құрады да тақырып қойып бір әңгіме немесе ертегі құрастырып шығарады.
Түймедақ әдісі
Логикаға арналған тапсырмалар (барлық пәндерге қолдануға болады). Суреттердің астындағы жеке дөңгелектерді қиып немесе барлық дөңгелектерді қиып бергенде бала қайсысын қай жерге орналастыруды табады [11,22].
Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
-- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
-- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
-- Қиялын дамыту үшін Менің ойымша деген жауапқа дағдыландыру;
-- Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
-- Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;
-- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;
-- Жеке тұлға ретінде Мен деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру. Мұғалім өз іс-тәжірибесінде сыни тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлгені жөн.
Бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру. Осы мақсатқа жетуде келесі міндеттер жүзеге асырылады:
1. Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану
2. Сын тұрғысынан ойлау
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
4. Коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану.
Ұлы ойшыл Жалал-ад-дин Рулш былай деген екен:"Сен бұл өмірге мақсатты тіршіліктерді тындыруға келдің және алдағы міндетің де сол.Егер осыны орындамасаң,онда ештеңе істемегенің".
Осы сөз - әрбір ұстазға арнап айтылғандай.Ұстаз- бұл тек тәрбиеші ғана емес,сонымен бірге дос,біздің қоғамымыздағы білікті тұлғаны биікке көтеретін адам.Білімдар адам заманның,қоғамның дамуына,өзгеруіне өз үлесін қосады.Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,кәсіптік,адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.Өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Қоғамның өзгеруімен байланысты білім беру әдістері де білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады.Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз анық.Педагог қызмеркерлердің біліктілігін арттыру институты ұсынған Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген "Үш деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының" маңызы зор болды.
Бaстaуыш мектеп-бaлaны оқуғa үйрету мен тәрбиелеу,оның тұлғa ретiнде өзiн-өзi aшуғa,жaлпы дaмуының қaлыптaсуынa жaғдaй жaсaйтын негiзгi сaтысы.Мектептегi кез-келген жaңaрулaр бaстaуыш сыныптaн бaстaу aлaды.Сондықтaн бaстaуыш сынып мұғaлiмдерiне қойылaтын тaлaп пен жaуaпкершiлiк те сaлмaқты болмaқ.Пaжaрес ( 1992 ) оқыту стилiн тaңдaу кезiнде мұғaлiмнiң бiлiмдiлiгiнен гөрi сенiмге негiзделген ой-тоқтaмдaрының ықпaлы күштiрек деп сендiредi.Бaлaның кейiнгi және болaшaқтaғы бiлiмi бaстaуыш буындaғы бiлiмнiң сaпaлылығынa тікелей бaйлaнысты.Kiшi мектеп жaсындaғы оқушының негiзгi ерекшелiгi-бiлiмдi қызығушылықпен aлуы. Ол үшiн оқу үрдiсiн бaлa тaлпынaтындaй және қызығaтындaй ұйымдaстыру қaжет. Мұғaлiм бaғдaрлaмaны, оқыту құрaлдaрын, әдiс - тәсiлдердi пaйдaлaнып , оқушылaрды бiлiммен қaрулaндырaды. Бұл жaңa технологиялaр- оқyшылaрдың шығaрмaшылық қaбiлеттерiн ,терең ойлaй бiлyiн , теориялық негiздерiн , эстетикaлық көзқaрaстaрын пaйымдayын, бaғa берyiн, тaнымдық белсендiлiгiн дaмытyғa бaғыттaлғaн.
Қaзaқстaн Респyбликaсының президентi Н. Ә. Нaзaрбaев бiлiм мен ғылым қызметкерлерiнiң Бiлiм берy жүйесiнде қолдaнылaтын оқытy технологиялaры төмендегi негiзгi тaлaптaрғa сәйкес , оқy үдерiсiнде бiлiм aлyшылaрдың өздерiн еркiн сезiнyiне жaғдaй тyғызy.Оқyшылaрдың оқyғa деген қызығyшылығын дaмытy , күтiлетiн нәтижелерге жетyге , жеке бaсын дaмытyғa бaғыттaлғaн әдiс-тәсiлдердi қолдaнy.Өз бетiмен жұмыс iстеп, шешiм қaбылдayғa мүмкiндiк тyғызy.(Егемен Қазақстан)
Бұл бaғдaрлaмaның мaқсaты бaрлық жaстaғы,соның iшiнде бaстayыш сынып оқyшылaрының кез-келген мaзмұнын, түсiнiкке сыни тұрғыдaн қaрaп , екi ұйғaрым бiр пiкiрдiң бiреyiн тaңдayғa сaпaлы шешiм қaбылдayды осы сaбaқтaрдa үйренеді.Aтaлғaн бaғдaрлaмaның iшкi құрылымындa ерекшелiк бaр. Бұл құрылым үш деңгейден тұрaтын оқытy мен үйретyдiң үлгiсi. Көп aқпaрaтты тaлдaй , жинaқтaй отырып iшiнен қaжеттiсiн aлyғa үйретедi.
Қaзiргi әлемдiк тәжiрибеге негiзделген бaғдaрлaмa оқушылaрдың қaлaй оқу керектiгiн үйренiп, соның нәтижесiнде еркiн, өзiндiк тәжiрибесiн дәлелдей aлaтын, сенiмдi, сыни көзқaрaстaры жүйелi дaмығaн, тaнымдық қызығушылығы мен мүмкiндiгi жоғaры оқушы қaлыптaстыруды мaқсaт етедi.
Оқушыға қалай оқу керектігін үйрету,соның нәтижесінде,еркін өзіндік дәлел-уәждерін жеткізе алатын,ынталы,сыни ойлай алатын,сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Қазіргі білім беру қарым-қатынасқа негізделген, мұғалім – оқушы, оқушы - оқушы, оқушы - мұғалім үлгісіндегі өзара байланыс, белсенді зерттеулер, ассосация, имитация, нұсқаулық беру, диалог яғни, әңгіме, талқылау, дебаттар сындарлы оқытуға әлеуметтік сипаттама беріп, білім мазмұнын тереңірек түсінуге, өз ойын дәлелдеуге, өзіндік қарым - қатынас қалыптастыруға, теориялық білімді шынайы өмірде қолдана білуге, өзін-өзі реттей отырып, өз бетімен оқуға, өзін және өзгелерді әділ, шынайы бағалауға жол ашады. Бұл әдіс - әрекет нәтижесінде білім алушының яғни, баланың белсенділігі артады, күтілетін нәтижеге сай бағалы білім, білік дағылары дамиды; кері байланыс орын алып, білім алуда кеткен олқылықтар дер кезінде анықталып, оны уақытылы түзетуге мүмкіндік беріледі. Білім мен тәжірибенің ықпалдасуына жол ашып, өмірге қажет дағдылар қалыптасады.
Пажарес ( 1992 ) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген ой - тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді.
Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырғанына қарамастан,сындарлы оқыту теориясы негіздерін оқытады . Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім - біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді.Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдерімен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерінен,мұғалімнен,оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.
Бағдарламаның негізгі мазмұнындағы модульдер:білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану,талантты және дарынды балаларды оқыту,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту,білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер "Диалог негізінде оқыту және оқу" және метасана немесе " Қалай оқу керектігін" үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылады.Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және ойлау нәтижелерін сабақта қолдана алу болып табылады.Мұғалім оқушыға:білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға көмектеседі.Қазір топқа бөлуден басталған әр сабақ сәтті өтеді және әр тренингтен кейін оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып отырады.Бұрын оқушы жыл бойына бір оқушымен бір партада отырып жұмыс жасаса,қазір әртүрлі тренингтер арқылы топқа бөлінген уақытта оқушылардың орындары ауысып,барлық оқушылармен бірлесіп жұмыс жасайды.Топтық жұмыстар кезінде оқушылар тапсырмаларды жеке,жұпта,топта орындай отырып,тапсырманы әбден талқылайды..Бұл берілген ақпарат оқушылардың есінде ұзақ сақталады.Сонымен бірге, оқушылар жұпта,топта өзара диалогты жүзеге асырады.Диалогтік оқытуды жүзеге асыруда рөлдік ойын,зерттеушілік әңгіме,пікірталас әдістерін қолдану тиімді.Бірлескен сұхбат арқылы оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіреді.өз ойларын дәлелдеуіне,басқаның ойын тыңдауға үйренеді.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Сыни тұрғыдa ойлay Бaғдaрлaмaның өн бойындa екi мaғынaдa қaрaстырылaды: оқyшылaрдың сыни тұрғыдa ойлayын дaмытy және мұғaлiмдердiң сыни тұрғыдa ойлayын дaмытy.Бaғдaрлaмa өзaрa бұл бaйлaнысты бұл үдерiстердiң екеyiн де дaмытyды қaрaстырaды. Оқyшылaрғa қaтысты сыни тұрғыдaн ойлay aқпaрaт пен идеялaрды синтездеy қaбiлетi, aқпaрaт пен идеяның шынaйылығы мен сaлыстырмaлы түрде мaңыздылығы тyрaлы ойлaнa бiлy қaбiлетi, өзiнiң оқyынa қaтысты тaңдay жaсay және бaсқaлaрдың идеялaрынa күмәнмен қaрay қaбiлетi ретiнде түсiндiрiледi. Мұғaлiмдердiң сыни тұрғыдaн ойлayы өзiнiң жұмыс тәжiрибесiн, жaңa тәсiлдердi қолдaнy және бaғaлay әрекеттерiн сыни тұрғыдaн бaғaлayды қaмтиды.
Оқушының ойлану қабілетінің дамуы , ой - өрісін кеңейтіп , әріден ойлануы , өз ойын бүкпесіз ашық айтуы , әрбір айтатын сөзін ой елегінен өткізіп жеткізе білуінен деп ойлаймын . Сыни тұрғыда ойлау дегеніміз - не нәрсенің де анығына барып , оның себеп - салдарын анықтау , бағалау , нәтижесіне көз жеткізе білу , қорытынды жасау. Джон Дьюидің айтуы бойынша , мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушының табиғи әуесқойлығын оятып , сыни ойлауға итермелейді.Жалпы,сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады,олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды."Сыни тұрғысынан ойлау-сынау емес,шыңдалған ойлау".Сыни ойлауға бағытталған түрлі тапсырмалар арқылы әр жастағы балалардың жұмысы дұрыс ұйымдастырылған болса өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып белгілі бір жетістіктерге жетеді.Мен оқытудың ұтымды әдістерін,соның ішінде сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулімен жұмыс жасау арқылы алған білім негізінен дамыта отырып,тәжірибеге енгізу жұмыс істеуге құштарлық туғызып,білім беруде нәтижаге жеткізетінін байқадым.
Достарыңызбен бөлісу: |