Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



бет3/18
Дата26.05.2022
өлшемі157,34 Kb.
#35649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Әдістер атауы туралы түсінік. Әдістемелер әртүрлі кезеңдерде оқыту мақсаттарының өзгеруіне байланысты жаңадан аталып отырады: мысалы, логикалық қағидалар бойынша синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс, дедуктивтік әдіс, т.б; тіл салалары бойынша грамматикалық әдіс, лексикалық әдіс, фонетиакалық әдіс, тілдің психологиялық қағидалары бойынша индуктивтік әдіс, тура әдіс; ойлап табушының аты – жөні бойынша Коменский әдісі, Гуэн; Пальмер, Уэст, Фриз, т.б әдістері.Біз тек ең негізгі әдістерге ғана тоқталайық:
1. Грамматикалық – аудармалық әдіс - әдістеменің ең көне әдісі.
2. Тура әдіс 1870 жылдан бастап қолданыла бастады.
3. Қазіргі әдістер.
Грамматикалық аудармалық әдіс көбіне классикалық тілдерде әсіресе, латын тілін оқытуда қолданылған. Бұл әдісте тіл грамматикалық ережелерді жаттау арқылы оқытылады. Жаңа сөздер грамматикалық тақырып көлемінде алынады. Ал, аударма жаңа сөздері, сөз құрылымын, ережесін оқытқанда қолданылады. Барлық жаттығулар белгілі грамматикалық ереженің аясында құрылып, ана тілінен шет тіліне, шет тілінен ана тіліне аудару арқылы орындалған.
Грамматикалық – аударма әдістің ерекшеліктері:
1. Грамматикалық талдаудың негізі;
2. Тілді оқытудағы грамматикалық сатылар;
Грамматикалық – аудармалық әдіс бойынша сөйлемді талдаудың ең жақсы әдісі – оны әуелі ана тілінде түсіндіріп, сөйлем мүшелерін, яғни бастауыш пен баяндауышты, толықтауышты анықтау. Әрі қарай талдауды етістіктің шағын, етістікті анықтап жалғастыруға болады. Содан кейін оқушыларға осы сөйлемнің шет тіліндегі аудармасын беру оңайырақ болады.
Дыбыстар, морфемалар, сөздер әр тілдің өзіне ғана тән түрінде болады, ал синтаксистік негізгі қағидалары барлық тілдерге тән. Барлық ағылшын тіліндегі грамматикалық құрылымдармен сәйкес келмейді.
Грамматикалық – аудармалық әдіс алғашында XVIII- XIX ғасырдың мектептерінде кеңінен қолданылды. Кейінен педагогика, психология, лингвистика ғылымдарының дамуы бұл әдіске өзгерістер енгізіп, XIX-XX ғасырдың соңында «екі грамматиканың» ара қатынасы ажыратылды.
Қазір де әдістемеге дәстүрлі тұрғыдан қарағанда грамматиаклық – аудармалық әдіс жиі кездеседі.
Бұл оқулық – ағылшын тілін мемлекеттік тілде меңгерудегі негізгі оқу құралы. Грамматикалық ережелерді игерудің нәтижесінде тіл жаттығып, сөйлеммді дұрыс құрастыру оңайға соғады.
Тура әдіс. Г. Пальмер әдісі. Тура әдіс грамматикалық – аудырмалық әдіске қайшы әдіс ретінде дүниеге келді.
Өндіріс пен сауданың халықаралық көлемде қарқынды дамуы, капиталистік мемлекеттердің үлкен елдерді отарлауы сияқты процесстер шет тілін білетін мамандарға сұранысты арттырды. Бұл өз кезегінде жаңа әдістің пайда болуына себепші болды. Тілді іс жүзінде игеру мектептерде шет тілін оқытудың негізгі мәселесіне айналды.
Тура әдістің негізгі ерекшелігі мынадай:
1) Шет тілін оқытудың негізгі бағыты – тәжербиелік, яғни, бірінші орынға сөйлеу ойылуы;
2) Ана тілінің екінші орында, тіпті назарсыз қалуы;
3) Тілді үйрету ісінде аудырманың өте аз мөлшерде, керісінше, ауызша – жазбаша жаттығулардың көп қолдануы;
4) грамматиканы оқытуда индуктивтік әдістің қолдануы (грамматикалық әдісте грамматикалық ереже бірінші беріліп, жаттығулар орындалады, ал бұл әдісте әуелі жаттығулар оындалып, содан кейін грамматикалық тұжырым жасалады).
5) Айтуды үйренуге үлкен көңіл бөлінеді.
6) Мәтіндердің мазмұнына, әсіресе, тақырыпқа байланысты мәтіндер құрасытыруға назар аударылады.
Бұл әдістің тура әдіс деп аталуының себебі – шет тілін оқытуда, шет тілімен баратын түсініктің арасындағы байланыстың тура болып, ана тілінің мүлдем қолданылмауы.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында тура әдістің бірнеше түрі пайда болды. Тура әдісті жинақтаущылар Г. Груэн, М: Вальтер т.б
Бұл әдісті пайдаланатын мұғалымдер тіл үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыны әңгімелесуге тартады, заттарды, суреттерді пайдаланып, сөйлемнің мағынасын түсіндіру үшін қимылдар жасайды.
Тура әдісті қолданушылар өте көп. Осы әдіс оқушылардың шет тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттырады.
Дегенмен, бұл әдісті қолданудың қиыншылықтары да жоқ емес. Мәселен:
1) Оқу материалы мен жаңа сөздер ғылыми негізсіз іріктеледі. Бұл әдіс тек тақырыптық негізге сүйенеді, ол үшін оқушы өте көп жаңа сөз білуі керек.
2) Мектепте оқушылардың сөйлеп үйренуіне жағдайдың болмауы.
3) Тәжірбиесіз мұғалімдер қолданса, өте тиімсіз болып келеді.
Тура әдістің негізгі қағидаларын ұсынған атақты ағылшын әдсікерлері Г. Пальмер мен М. Уэст болды.
Г. Пальмер әдісінің негізгі қағидалары:
- Шет тілін оқыту ауызша сөйлеуден басталды.
- Шет тілін оқыту іріктелген материалдың негізінде жүзеге асырылды. Г. Пальмердің ұсынуы бойынша оқытылуға тиіс жаңа сөздердің мөлшері 3000 сөз болды.
Пальмер ауызша оқытудың мынадай жолдарын ұсынады:
-іс – қимыл арқылы (Мұндай арнайы жасалған заттарды көрсетіп, қимыл арқылы білдіретін жаттығулар ұсынылады);
- сәйкестендірудің 100 кестесі (Оқушылар осы кестелердегі ағылшын тіліндегі мысалдарға қарап, сөйлемдер құрауы тиіс).
Г. Пальмердің бұл әдістері қазіргі кезде жиі қолданылады және оқушыларға мынадай мүмкіндіктер береді:
- сөйлем үлгілеіндегі үнемі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің берілуі ауызекі сөйлеуде көмектеседі;
- тыңдау жаттығуларының көп болуы оқушыға жылдам сөйлегенде ағылшын тілін түсінуге мүмкіндік береді.
Сәйкестендіру кестесінің үлгісі мынадай:

I
You
We
They

saw
put
left
found

two
three
a few
some

books
letters
keys
good ones

here
there
on the table
in this book

yesterday
last week
on Sunday
this morning

Шет тілін оқыту – мұғалімнің үздіксіз еңбегінің және оқушының оған жауабының тізбегі. Шет тілін үйренуде оқушы мынадай кезеңдерден өтеді: I.а)Қабылдау
Бұл кезеңде мұғалім сөйлейді. Оқушы мұғалымнің сөзін тыңдайды. Мысалы сынып бөлмесіндегі заттарды көрсетіп, оларды атайды.
This is a book. Look at the book. I m going to put the book on the table.
ә) Мұғалім сөйлейді. Оқушыларға тапсырма береді. Мысалы: «Дауыс ырғағына назар аударыңыз».
б) Бұйрықтарды орындау жаттығулары.
Мұғалім оқушыларға бұйрықтар береді.
Мысалы:Get up. Sit down. Come here.
Мұғалім бұйрықтарды ымдап түсіндіреді.
в) “Yes”. “No”.
Мұғалім сұрақ қояды. Оқушылар тек «Иә» не «Жоқ» деп жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет