2.1 Роботландия бағдарламасын сипаттау
1990 жылдардың басында бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнін оқыту кеңінен таралған құбылыс бола бастады. Сол уақытта «Роботландия» бағдарламалар топтамасы өте табысты әзірленген болатын. Ол MS DOS негізінде әзірленгенмен, оның жетістіктері кейін 1990 жылдары Windows нұсқасының әзірленуіне жол ашты. Бағдарламалар топтамаларының көп бөлігі ақпараттық технологиялардың негізгі түсініктерін қалыптастыру, компьютер пернетақтасын игеру, оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Курсор
Бағдарлама сипаттамасы. Экранның ортасында жан-жағында қақпақтары бар терезе бар. Терезеде белгілі бір өсімдіктің бөлігі көрсетілген. Өсімдіктің жетіспейтін бөлігін терезенің үстінде және астында орналасқан горизонтальді жолда орналасқан объекттердің арасынан таңдау керек.
Объектті таңдап жатқан курсор шекара түрінде болады. Оны <Солға> және <Оңға> нұсқарларының көмегімен горизонтальді жылжытуға, ал <Төмен> және <Жоғары> нұсқарларды пайдаланып үстіңгі жолдан астыңғы жолға және кері өтуге болады.
Керекті объектті таңдағаннан кейін орындау пернесін басу керек. Таңдау дұрыс жасалған болса, әуен дауысы шығады, қақпақтар ашылады да, таңдаған өсімдікке байланысты орманды немесе бау- бақшалы пейзаж ашылады.
өту пернесін басқан кезде экранда келесі тапсырма шығады.
Егер таңдау дұрыс жасалмаса, онда қате туралы қысқа дыбысты сигнал естіледі және қақпақтар ашылмайды. Үш қателіктен кейін ара ұшып келеді де, дұрыс объекттің үстіне отырады. Курсорды араның отырған объектіне апарып, орындалу пернесін басу ғана қалады. Тапсырманы + пернелерін басу арқылы тоқтатуға болады.
Гости (Қонақтар)
Бағдарлама сипаттамасы. Бағдарлама өз жұмысын жануарлардың (піл, арыстан, аю) үш варианттың біреуінің қасынан немесе бағдарламадан шығу позициясында тоқтайтын негізгі менюден бастайды. Вариант тордағы қала пейзажы бар 4x5 өрістен басталады.
Бірінші вариантта бұл үш үйшік және үш түрлі зат.
Екінші вариантта 9 үйшік және 6 зат.
Бірінші варианттағы іс-әрекеттің реті.
Бірінші тапсырма – үйшікті сұлбасы бойынша таңдау
Өрістегі үйшіктердің арасында өрістен тыс көрсетілген сұлбаға сәйкесін табу керек. Таңдау торды курсормен көшіру арқылы жасалады. Таңдау пернесін басу көмегімен бекітіледі.
Үйшікті қате таңдағанда сигнал дауысты шақырады.
Егер таңдау дұрыс болса, бағдарлама келесі тапсырмаға көшеді.
Екінші тапсырма – үйшіктің координаталарын табу.
Астыңғы сол бұрыштың жанында координа жүйесініңбасынан таңдалған үйшікк апаратыне бағытты көрсететін екі нұсқар пайда болады. Бағыттың біреуін таңдау керек – < Жоғары> немесе <Оңға>.
Бағыт бекітілген кезде бір ғана нұсқар қалады, ал астыңға оң бұрышта сұрақ белгісі бар енгізу аясы пайда болады. Бұл өрісте координата басынан таңдалған бағыттағы үйшікке дейінгі тор сандарын теру қажет.
Дұрыс жауап екінші нұсқарды және сұрақ белгісін қосады. Дәл солай екінші координата туралы жауап беру қажет.
Екі координаталарды дұрыс енгізгеннен кейін торлы өріс жоғалады. Экранда қонаққа толы бөлме пайда болады.
Үшінші тапсырма.
Суреттің астында азайту мысалының сұлбасы пайда болады. Сұрақ белгісімен белгіленгін енгізу аясына азайтылып жатқан бөлмедегі жануарлар санын, үй иесі маймылды қоса, жинау керек.
Дұрыс жауап бергеннен кейін маймылдың табағында бірнеше тостаған пайда болады. Оларды санап, сұрақ белгісі көрсетілгендей азайтылым жерде енгізу керек.
Ақыры, сұрақ белгісі үшінші өріске – айналымға өтеді. Осында жеткіліксіз тостағандардыжинау керек.
Жауаптар дұрыс болса, маймыл барлығына шәй ішкізеді.
Екінші варианттағы іс-әрекеттің реті.
Өткен вариантқа қарағанда берілген сұлбаға сәйкес үйшікті таңдау үшеуден емес, тоғыз мүмкіндерден тұратын бір ғана тапсырмасы бар. Іс-әрекеттердің басқалары бірінші варианттағыдай қайталанады.
Үшінші варианттағы іс-әрекеттің реті.
Бірінші тапсырма – қалалық пейзаж салу.
Торлы өрісте оладың арасында өрісті көмкерейтін алаптарды таңдай отырып 9 үйшікті бөліп-бөліп қою қажет. Кезекті үйшік <ВВЕРХ>, <ВНИЗ>, <ВЛЕВО> және <ВПРАВО> нұсқарлардың көмегімен торлы курсорды алаптың бойымен көшіру арқылы таңдалады. Таңдау пернесін басу көмегімен бекітіледі. Үйшік өріске көшіріледі. Өрісте оны баяғы нұсқарлардың көмегімен қалаған жерге көшіруге болады. үйшікті қойған жерді пернесін басу көмегімен бекітеді.
Үйшіктерді орналастыру өрісінде дәл сол тәсілмен заттар да орналастырылады.
Келесі іс-әрекеттердің барлығы 2 және 3 варианттағыдай өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |