Көмекші файлдар:prav.pic Пернетақтиамен жұмыс істейтін адамдар көп қателіктер жасайтыны белгілі.Бірақ компьютер қолданушысы бұл жағдайда сабырлы болуына болады, барлық қателерді оңай дұрыстауға болады. Ол үшін бастапқыда қателерді дұрыстау техникасын үйрену қажет. «Правилка» бағдарламасы мұны тез әрі қызықты істеуге көмектеседі. Ол Роботландияға кіреді, яғни кіші сынып оқушыларына арналған, бірақ бұл бағдарламаны компьютерді қолдануды енді үйреніп жүрген кез келген жастағы қолданушыларға да ыңғайлы.
Оқушы өз оқуын өзі басқара алады немесе мұғалімнің кеңесін қолдануға болады. Әдеттегі жұмыс сценариі: бастапқыда жеке қателерді дұрыстау дағдыларды қалыптастырады, кейін жаттығулар қиындатылады. Оқу бақылау жұмысымен аяқталады, оның нәтижесі арқылы игерілген дағдылардың деңгейі анықталады. Мұғалімнің түсіндіргендей ұқсастыру бағдарламаны өзіндік орындауына көмектеседі.
Мұғалім үшін бағдарлама ашық. Жаттығуларды өзгертуге немесе толықтай ауыстыруға болады.
Бағдарламамен жұмыс. Қатенің 3 типі бар: дұрыс емес символ, артық символ және қалып қойған символ. Осыған сәкес 3 негізгі бөлім арқылы қажетті дағдылар игеріледі: «Дұрыс емес символ», «Артық символ» және «Қалып қойған символ». «Аралас» және «Супер аралас» бөлімдер әртүрлі қателермен жұмыс жасайды. «Бақылау жұмысы» бөлімінде игерілген дағдыларды сынауға болады.
Әр бөлімде бірінен кейін бірі 5 қатені жөндейтін жаттығулар беріледі. Жаттығуларды орындау деңгейіне сәйкес орындаушыға «атақ» беріледі:
Незнайка (Дымбілмес)
Тоpопыжка (Асығушы)
Студент
Мудpый Кpолик (Ақылды қоян)
Пpофессоp
Бақылау жұмысын орындағанда басқа атақтар беріледі.
Ежик (Кірпі)
Лиса (Түлкі)
Мышка (Тышқан)
Петух (Қораз)
Кошка (Мысық)
Бағдарламаның бастапқы мәзірінің көрінісі:
┌────────────────────┐
│ Невеpный символ │
├────────────────────┤
│ Лишний символ │
├────────────────────┤
│ Пpопущенный символ │
├────────────────────┤
│ Смесь │
├────────────────────┤
│ Супеpсмесь │
├────────────────────┤
│ Контpольная работа │
└────────────────────┘
Алғашқы 3 бөлімдерді таңдағанда қосалқы мәзір шығады:
┌────────────┐
│ Обучение │
├────────────┤
│ Упражнение │
└────────────┘
"Обучение" (Оқу) бөліміне кіргенде тиісті қателерді жөндеу көрсетіледі.
"Обучение" режимінен шығу батырмасы . "Упражнение" (Жаттығу) бөлімінде қателерді жөндеу дағдысы бекітіледі.
Басқару: Мәзір бөлімін таңдау - <Жоғары>, <Төмен> Бөлімге кіру - Бөлімнен шығу - Қосалқы мәзірден шығу - Оқудан шығу - Бастапқы жаттығуды қалпрына келтіру - + Анықтама - Бағдарламадан шығу - +