Бақылау сұрақтары:
Drape бағдарламасы қай жылы және кім негізін қалаған?
Drape бағдарламасының іске қосу батырмалары қандай?
Командалар жиыны қалай топталған?
Командалардың атқаратын қызметі қандай?
Өзіндік тапсырмалар:
«Drape» ортасында келесідей бейнелердің суретін салып, бояңыздар:
Әр түрлі геометриялық фигуралар;
Гүлдің, тізбектелген моншақтың;
Машинаның, кеменің;
Табиғат бейнесін.
2.5. Scratch бағдарламасы
Scratch – бұл жуырда пайда болған бағдарламалау ортасы, кіші және орта мектеп жасындағы оқушыларға ойындар, фильмдер, анимациялық оқиғаларды және тағы да басқа құруға мүмкіндік береді. Scratch бағдарламасы Лего конструкторында сияқты түрлі-түсті кірпіштерден түрлі объектер құрылатындай, объекті-бағдарланған ортада түрлі-түсті командалар блогынан «құрылады». Scratch-те бағдарламаның құрылуы стектердегі графикалық блоктардың қиылысу жолдарынан пайда болады. Оған қоса, блоктар тек синтаксистік дұрыс конструкцияларға ғана қиылысады, бұл қате жіберуді болдыртпайды. Түрлі типті қорлар блоктардың түрлі формаларын қамтиды, олар өз кезегінде объектердің өзара үйлесетіндігін / үйлеспейтіндігін көрсетеді. Бағдарлама іске қосылғанның өзінде оған өзгертулер енгізуге болады, мұндай қасиет есепті шешу барысында жаңа ойлармен тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Қарапайым командаларды орындау нәтижесінде күрделі модель құрылады, оның ішінде түрлі қасиеттерге ие көптеген объектер өзара қарым-қатынас жасайды. Жоба Scratch-те құрылғаннан кейін оны http://scratch.mit.edu/ сайтында жариялауға мүмкіндік бар.
Бұл ортаның басты ерекшелігінің бірі ол тегін таратылатын бағдарламалық өнім болып табылады, осылайша, кез-келген оқу мекемесі интернет желісінен бағдарламаны жүктеп, жаңа бағдарламалау ортасында жұмыс істеуге кірісе алады.
Бағдарлама интерфейсі балаларға әзірленген және жасалған, сондықтан ол максималды интуитивті түсінікті болып келеді. Бағдарламаның ортасы қалай ұйымдастырылғанын көрейік. Бағдарлама іске қосылғаннан кейін келесі түрге ие болады (Сурет 23).
Сурет 23. Бағдарлама интерфейсі
Басты облыс (Сурет 24), бұл, әрине, сахна (ол экранның оң жақ бөлігінде орналасқан). Оның үстінде жобаның нәтижелері көрсетіледі.
Сурет 24. Сахна
Сахнаның үстінде бір нәрсе болу үшін, спрайттарды құру керек (Сурет 25), яғни визуалды динамикалық объекті; ол үшін арнайы батырмалар қолданылады (Сурет 26).
Сурет 25. Спрайттар
Сурет 26. Жаңа спарайттарды құруға арналған батырмалар
Ең бірінше батырма суреттерді салып, жобаға кірістіру үшін арналған графикалық редактор.
Достарыңызбен бөлісу: |