Интерактивтілік деп әр түрлі ортаға тиісті объектердің арасындағы іс-әрекет мүмкіндігін түсінеміз. Мысалы, Scratch-тегі объект шын адамның іс-әрекетіне әсер етсе (мысалы, белгілі бір батырмаға басқанда), бұл интерактивтілік болып табылады, өйткені объектер «әр түрлі өмір сүру ортасына» жатады.
Таңдалған пернеге жауап ретінде командалар блогының орындалуын іске қосады. Басқаруды пернетақтаға тапсыруға мүмкіндік береді.
Біз таңдаған мәнге эффектерді орнату.
Дыбысты ойнату (дыбысты таңдауға болады). Оған қоса дыбыстарды кітапханадан таңдауға болады, ол жерде дыбыстардың алуан түрі бар. Сонымен қатар, суреттер кітапханасы сияқты дыбыстар кітапханасы кеңейтіледі және оған жергілікті .wav, mp3 форматындағы дыбыстарды қосуға болады.
Мақсаты: батырмалар арқылы спрайттармен басқару (интерактивтілік).
Тапсырма.Жобаға фонды және екі спрайтты енгізіңіз.Ол жерде сиқыршы және айдаһар болу керек. 1 батырмасына басқанда – сиқыршы айдаһардың түсін өзгертеді, 2 батырмасына басқанда – ол көбейеді, 3 батырмасына басқанда – айдаһар жоғалу керек. Пробел батырмасына басқанда – айдаһар қайтадан көрінетіндей бағдарлама құрыңыз.
Тапсырманы орындау технологиясы. Scratch бағдарламасын іске қосыңыз.
Енді әр спрайтқа скриптерді тұрғызамыз. Біз спрайттарды 1, 2, 3, пробел батырмалары арқылы басқарамыз.Сондықтан сиқыршы, яғни Спрайт1-ге келесідей скрипт құрамыз:
Сурет 69. Сиқыршы спрайтына арналған бағдарлама
Ал айдаһар, яғни Спрайт2-ге келесідей скриптерді құрамыз: