Әліппе оқулығынан «Жол бағытындағы ерекше белгілер» тақырыбына мәтін құрастырып, талдау –жинақтау әдісі бойынша талдау жасау
Бұл суреттерден Саматтың мектепке бару жолын қарастырмыз.
Сауат ашу кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі: балалар талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып буын етіп, сөз етіп оқитын болады.
Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
Бұл кезеңнің негізгі мақсаты –сауат ашу кезеңінде берілген білім негіздерін одан әрі жетілдіріп, оқушыларды екінші жарты жылдықта «Ана тілі»пәнінен оқытуға даярлау. Ана тілі пәні құрамында оқу, тіл дамыту, жазу және грамматика мен емле салалары енеді. Грамматика ана тілінің ең күрделі саласы және ол балалардың ақыл –ойын дамытуда өте маңызды қызмет атқарады. Өйткені, оқушыларға тілдің құрылымдық жүйесін меңгерту, оның заңдылықтарын білгізу осы грамматика арқылы жүзеге асады. Бұл кезеңдегі оқу материалдарының басты ерекшелігі – мұнда өзара байланысты мәтіндер беріледі. Байланысты мәтіндермен жүргізілетін жұмыс оқу қарқынын жетілдіруді, мәтін мазмұнын бірден қабылдап түсінуді, әрбір сөйлемді өзіне тән дауыс ырғағымен оқуды талап етеді.
Қазақ бастауыш мектептерінде оқыту ісінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов ағартушы ғалымдар әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударады.
Сауат ашу кезіңде оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т.Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың еңбектерінде де қозғалады.Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген Қ.Жұбанов, Г.Бегалин, С.Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйқыбаевсекілді ғалымдар осы мәселеге ерекше мән береді.
Тіл дамыту жұмысы сауат ашу кезеңінде де жүргізіле береді.
Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының бастауыш мектептің басқа сыныптарындағы тіл дамыту жұмыстарынан ерекшелігі – оқыту ісіндегі талдау және жинақтау ісінің бірлігінде.
Тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы; сөйлем құрастыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады:бірі оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулу, олардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, екіншісі – жаңа сөздер үйрету барысында, яғни жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, сөйлем құрастыруға үйрету.
Бастауыщ мектепте тілді оқыту барысы мынадай мәселелерді қамтиды:
Оқуға үйрету;
Сөздік қорын, оқушылардың логикалық жүйелікті қамтитын байланысын сақтап сөйлеуін дамыту;
Фонетиканы,сөз құрамын және грамматиканы (морфология, синтаксис) меңгерту;