Әліппе оқулығынан «Төрт түлігім- байлығым» тақырыбына ҚМЖ құрастыру.
Пәні:
|
Әліппе
|
Күні:
|
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Сынып: 1
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Буын Төрт түлігім-байлығым
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
Сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын таниды;дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, әріп элементтерін, үзік сызықтарды бастырып жүргізеді, жазады.
|
Сабақтың мақсаты
|
Әріп элементтерін бастырып жүргізеді
Буынның сызбасына сәйкес сөзді табады
Сөзді буынға бөліп айтады
|
Р.Л Сабақ барысы
|
Сабақтың
кезеңі/уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (3 мин)
|
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал орнату.
«Көңіл күй»
|
Оқушылар сабаққа назар аударады.
Оқушылар әуенмен көңіл – күйлерін білдіреді.
|
|
https://www.youtube.com/watch?v=ui8J9vlQ4wA
|
Сабақтың ортасы
(5 мин)
7 мин
|
«Ой қозғау» әдісі
Жұмбақты шеш.
Маң-маң басып келеді,
Тапырақтап желеді.
Мойны ұзын, үсті тау,
Ертеден елге бел еді.(Түйе)
Төрт бұлағы - сүт,
Баққанға ол - құт. (Сиыр)
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
буын, дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінесің
1-тапсырма
Жеке жұмыс
«Балмұздақ таяқшалары» әдісі
Суреттен не көріп тұрсың? Ата
Буындап оқы
Жаңылтпашты тыңда, жаттап ал.
Дескриптор:
- суретке сәйкес сөзді табады
-сөздерді буындап оқиды
-жаңылтпашты қайталайды
|
Жұмбақтың шешуін табады.
Сұрақтарға жауап береді
1.Суретке сәйкес сөзді табады
2. Сөздерді буындап оқиды
3. Жаңылтпашты қайталайды
|
Мадақтау
Жұлдызша
мен бағалау
|
Оқулық
10 бет
Төрт түліктің суреттері А4
Оқулық
10 бет
Аудио
тыңдалым
https://atamuraweb.kz/?page_id=32510
|
7 мин
Сергіту сәті
2 минут
|
2- тапсырма
Жеке жұмыс
Дәптермен жұмыс
Берілген суретті боя.
Әріп элементтерін бастырып,жүргіз.
Дескриптор:
- әріп элементтерін бастырып жүргізеді
- берілген суреттерді бояйды
Нейрогимнастикалық жаттығу
«Алма және алма ағашы»
|
1.Әріп элементтерін бастырып жүргізеді
2. Берілген суреттерді бояйды
Алма мен ағашты саусақпен көрсетіп жаттығады.
|
«Комментарий» арқылы бір-бірін бағалау»
|
Дәптер
қаламсап
Түрлі – түсті қарындаштар
|
Сабақтың соңы
6 мин
|
3 –тапсырма
Жұптық жұмыс
«Ойлан, тап» әдісі
Буынның сызбасына сәйкес сөзді тап.
Дескриптор:
- сызбаға сәйкес сөзді табады
- сөзді буынға бөліп айтады
|
1.Сызбаға сәйкес сөзді табады
2. Сөзді буынға бөліп айтады
|
«Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау»
|
Таратпа
қаламсап
|
Рефлексия
5 мин
|
«Бағдаршам» әдісі (Бағалау)
Бүгінгі сабақты толық түсіндім
Бүгінгі сабақты түсіндім, сұрағым бар
Бүгінгі сабақты түсінбедім
|
Бүгінгі сабақтан алған білімдерін бағдаршам түстері арқылы көрсетеді, айтады.
|
|
Бағдаршам дөңгелек
тері (қызыл,сары,
жасыл)
|
Сауат ашу кезеңінде баланың тілі мен ойын дамытуға қойылатын талаптар
Қазақ бастауыш мектептерінде оқыту ісінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов ағартушы ғалымдар әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды.
Сауат ашу кезінде оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т.Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың еңбектерінде де қозғалды. Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген Қ.Жұбанов, Г.Бегалдин, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйқыбаев секілді ғалымдар осы мәселеге ерекше мән берді.
Тіл дамыту жұмысы сауат ашу кезінде де жүргізіледі.
Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының бастауыш мектептің басқа сыныптарындағы тіл дамыту жұмыстарынан өзгешелігі – оқыту ісіндегі талдау және жинақтау процесінің бірлігінде.
Тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы; сөйлем құрастыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойлады: бірі оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулу, олардың ойлау қабілетін жетілдіру, екңншісі – жаңа сөздер үйрету барысында, яғни жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, сөйлем құрастыруға үйрету. Сөйлем құрастырудың мынадай түрлерін пайдалануға болады.
1. Үлгі бойынша сөйлемдер құрастыру. Баяндауыштары зат есімнен, етістіктен, сын есімнен, жіктік жалғаулы сөздерден жасалған екі-үш сөзді сөйлемдер: “Айдос - оқушы”, ”Күн ашық”.
2. Сұраққа толық жауап алу арқылы сөйлемдер құрастыру.
- Бұл не? - Қарға қайда қонды?
- Бұл дәптер. - Қарға сымға қонды.
- Сенің атың кім? - Айдос не істейді?
- Менің атым – Айдос. - Айдос кітап оқиды.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары сауат ашу кезінде әрбір сабақ сайын жүзеге асырылып отырылуға тиіс.
Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – оқиға мазмұнын жүйелі түрде баяндап шығу, яғни әңгімеге қатысты сөйлемдер арасындағы ой байланысын сақтап, оларды рет-ретімен айтып беру. Байланыстырып сөйлеуді дамыту оқулықтағы суреттер бойынша, сондай-ақ экскурсиядан, күнделікті өмірден көрген білгендері бойынша және ойын, т.б. туралы әңгімелер құрастыру арқылы жүзеге асырылады.
Тіл дамытуға байланысты логикалық жаттығулар жүргізудің мәне зор. Логикалық жаттығулар айналадағы заттар мен құбылыстарды таныту арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін кеңейтіп, тілін дамытады. Мұндай жаттығулар әр топтағы заттар мен
Достарыңызбен бөлісу: |