Әліппе оқулығынан «Мен әдепті баламын» тақырыбына сурет бойынша сөйлем құрастыру, сөйлемдердің графикалық модельдерін құру
Әдепті сөздер – сәлеметсіз бе?, сау болыңыз, рақмет, кешіріңіз, т.с.с. Әдепті балалар әдепті сөздерді үнемі қолданады.
Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала, ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады. Әдепті балалар кездескен адамдардың бәрімен амандасады, қоштасады. Әрдайым таза жүреді. Автобуста үлкендерге, жасы кіші балаларға орын береді. Ата – анасының айтқанын орындайды. Әдепті бала айналысындағыларыменжақсы қарым – қатынас жасап, көмек қажет болса, дайын тұрады. Өзіне міндеттелген жұмыстарды атқарады. Өтірік айтпайды, достарын жақсы көреді, ешкімді ренжітпейді.
Дайындықтары әр түрлі оқушылармен жүргізілетін сауат ашу жұмысының ерекшеліктері
1-сыныпқа дайындықтары әр түрлі балалар келеді. Олардың ішінде кейбіреулері кітапты жүгіртіп оқи алады, ал екіншілері ежелеп оқиды, үшіншілері буындап оқиды, төртіншілері тіпті оқи да алмайды, әріпті танымайды. Сондықтан мұғалім ең алдымен өз сыныбына түскен оқушылардың құрамымен танысады. Жүгіртіп оқи алатындарға «Әліппе серігінен» қосымша матернал беріледі. Ежелеп оқитындарға «Әліппеден» әріптерді қосып оқу тапсырмалары орындатылады. Дайындығы нашар балалармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта үнемі жеке жұмыс жүргізіледі. Әрбір оқушының дайындығына қарай, тапсырма дәл, тез беріліп, оларды түгел қамтиды, Мұнда, әрбір бала бір тапсырманы орындаганда сол класс коллективінің ең бір пайдалы мүшесІ сияқты сезінетін жағдай жасалганы жөн. Оқуға алынатын материал сабақтың жалпы такырыбына сәйкес Іріктеледі (әдетте «әліппенің» беттеріне сай), бірақ әр баланың мүмкіндігіне қарай, әр түрлі сөздер, буындар, сөйлемдер таратылады. Осы принцип әліппеден кейінгі кезеңдерде, «Ана тілін» оқығанда да, дидактикалық материалдар таратқанда да сақталып отырады. Бұл жұмыстардың барлығының көздейтіи мақсаты — сабақ үстінде окушылардың келісімді қызмет жасауын қамтамасыз етіп, әр окушының дайындығына қарай, оқу дағдысын жетілдіру.
Оқушылардың дайындықтары әр түрлі болады. Біреуінің үлгерімі жоғары, енді біреуінің үлгерімі төмен. Бұл оқушылардың әрқайсысымен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен үлгерімі төмен оқушылармен жұмысқа тоқталатын болсақ:
1.Үлгермейтінге бірден жағдаятты сұрақ қойып, тез жауабын талап етуге болмайды.
2. Оқушының ойлану мен дайындалуына жеткілікті уақыт беру
3. Міндетті түрде жауап жазбаша болғаны жақсы .
4. Аз уақыт ішінде үлкен материалды меңгеріп алулары мүмкін емес, сондықтан қиын материалды шама шарқынша бөлімдерге бөліп беру керек.
5. Жаңа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап берулерін талап етпеу керек, одан да келесі сабаққа қалдыру керек .
6. Оқу қызметінің жетістігін қамтамасыз ету үшін мұғалім жұмыс жүйесін ойластыру керек
7. Мұндай оқушылардың өзіне деген, біліміне, күшіне деген сенімділігін қалыптастыру .
Жұмыс түрлерін ұйымдастыруда оқушылардың үлгерімін жақсарту барысында үш түрлі бағытты атап көрсетуге болады. Осы үш бағыттың бірлігінде жұмыс үнемі орындалса, мұғалімдер қиыншылыққа ұрынбас еді. Олар: психо-педагогикалық, медико-биологиялық және әлеуметтік бағыттар.
Бұл бағыттар оқушының даму дәрежесіне, сабаққа қатысуына, оқу үрдісіне жеке оқушының өз қабілеті мен мүмкіншілігін пайдалану жолдарын ашуға көмек береді.
2. Дайындықтары әр түрлі оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыстың негізгі принциптері
Дайындықтары әр түрлі оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыстың негізгі принциптеріне тоқтала кететін болсақ:
1.Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
2. Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесу
3. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасау
4. Жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтау
5.Мұғалім оқу жұмысын күнделікті бақылап отыруы керек.
Міне, осындай принциптер негізге алынғанда, оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: |