Үшінші ереже. Қатысушылардың саны мен білім беру сапасы тікелей бағыныштылықта болуы мүмкін. Тек осы жағдайда топтағы өнімді жұмыс мүмкін. Өйткені мәселе бойынша әрбіреуін тыңдау, әрбір топтың шығуы маңызды. Өзіміз жоғарыда айтып кеткендей, топтың құрамы – 5-7 адамнан тұруы тиімді болып табылатынын тәжірибе жұмысымыз көрсетті.
Төртінші ереже. Жұмысқа арналған орынды даярлауға көңіл бөлу керек. Бұл алғаш көрінгендегідей жай мәселе емес. Сынып бөлмесі қатысушылардың үлкен және топтардағы жұмысқа ауысуы жеңіл болатындай есепте даярлануы қажет. Яғни оқушыларға денелік қолайлылық тудырылуы қажет.
Әрине сабақ кезінде біреудің мойнын бұрып отырғаны қолайсыз. Сондықтан да үстелді «шырша», «дөңгелек үстел» түрінде орналастырған тиімді, мұнда әр оқушы сабақты жүргізушіге қырынан, «бетпе-бет» отырады және топта жұмыс жасауға мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: |