«Бастауыш сынып информатика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану»



бет12/31
Дата09.04.2022
өлшемі8,44 Mb.
#30425
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Біріншіден, құрал-сайман, кем дегенде бір компьютер, оқытушының идеалды түрде автоматтандырылған жұмыс орны, бірнеше оқушы жұмыс орны, видеопроектор және интерактивті тақта.

Екішіден, компьютерде жұмыс істеу дағдысы

бар мұғалім мультимедиялық проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.



Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы қажет.

Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. ЭЕМ-ды математика сабақтарында қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін (мотивациясын) және оқу-танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.

Мұғалім – сабақтағы негізгі әрекетті тұлға. Сондықтан компьютер мен мультимедиалық құралдарды оқытудың тек инструменті (құрал-сайманы) ретінде қарастыру керек. Бұл инструменттің көмегі өте мәнді.

Сабақтың параметрі



  • АКТ-ны қолданатын сабақ;

  • Дәстүрлі сабақ.

Ақпаратты беру - оқушылар ақпаратты неғұрлым қаныққан, көрнекі түрде алады, мұғалімнің түсіндіруі, оқулық бойынша параграфты өз беттерімен оқуы, кестелерді қолдануының рөлі зор. 

Жұмыс қарқыны - әр оқушы өз қарқынымен жұмыс істейді, тапсырмалар мен мультимедиялық құралдар білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың сол уақыттағы білім мен дағды деңгейлерін есепке алады. Мұғалім сыныптағы оқушылардың көпшілігіне сәйкес келетін жұмыс қарқынын қолданады.

  Оқушымен кері байланыс - түсіндіру кезінде, бекіту кезінде іске асады.

Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, компьютерлік бағдарламалардың қолданылуының үш негізгі формасын бөліп алуға болады:

1) компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар;

2) оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы;

3) қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы өзара іс-әрекеті).

АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:

· дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);

· әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);

· ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);

· оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).

Осы көрсетілген мәселелерден компьютерлік бағдарламаны қолдану сабақтарын дайындау әдістемесі мынадай кезеңдерден тұратынын айтуға болады:

·  мұғалімнің міндеттерді қоюы (конкретті сынып бойынша берілгендерді талдау, тұтас сыныппен және жеке оқушылармен жұмыс формалары мен әдістерін айқындау);

·  компьютерлік бағдарламаның әзірлемесін дайындау бойынша немесе дайын білімдік цифрлық ресурсты пайдалануы бойынша мұғалімнің өздік жұмысы;

·  дайындалған бағдарламаны сабақтың әр түрлі кезеңдерінде пайдалану;

·  тестілеу қабыршағы көмегімен тесттік бақылау жүргізу (тақырыптық, аралық, сабақ қорытындысы бойынша);

·  оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы өздік жұмыстары үшін бағдарлама енгізу;

·  осы сыныптағы келесі сабақтың мазмұнына түзету енгізу мақсатында сабақты талдау, мысалы, не игерілмегенін, оған кейін қайта оралу қажеттігін анықтау.

АКТ-ны әдебиеттік оқу сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді



Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану дайындық деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама көтереді.

Соңғы он жылдықта адамзаттың жеткен жетістіктерінің бірі, оқыту үрдісіне елеулі әсерін тигізген халықаралық желі – Интернет. Интернетті оқу мақсатында қолдану әдістемесінің жаңа бағыты болып саналады. 
Интернеттің негізі – оқушының мәдениетаралық дағдысын қалыптастыру. Интернет – халықтардың көпұлтаралық, мәдениаралық қоғам, яғни әлемнің миллиондаған адамдарының электронды түрде қарым-қатынас жасау кезінде студенттер нағыз өмірлік жағдайларға тап болады. Компьютер оқушылардың жұмысына сын айтпайды, керісінше өзіндік қабілеттерін дамытып, олардың сенімін арттыра отырып, қолайлы әлеуметтік, психологиялық атмосфера құрайды.

Ақпаратты жүйе ретінде Интернет түрлі ақпараттар мен ресурстарды ұсына алады: 

- электрондық хат;

- телеконференция;

- бейнеконференция; 

- өзінің ақпаратын беру, өзінің сайтын құрып Web- серверге орналастыру;

- ақпараттық ресурстарды қолдану;

- ақпараттық жиынтықтар;

- желіде сөйлесу мүмкіндігі.

Lucent Technologies компаниясының сайты шет тілінде сөздерді тыңдауға мүмкіндік береді. Бұл жерде мәтінді дыбысқа айналдыру үшін сөйлеу синтезаторы орналасқан. ­­Http://www.bell-labs.comсайты арқылы жеті тілдің бірін тыңдауға болады. Сосын, терезеде кез келген сөзді жаза алады. Бірнеше секундтан кейін компьютер терезесіне енген сөз дыбысталады. Дыбысталған компьютер жадында сақталып, дискіге жазу арқылы бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді. 

Интернет – әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар жайлы мәлімет алудың тез және ең оңай жолы. Интернеттің көмегімен аудиторияны жаңалықтар өзегімен қамтамасыз етіп, оқушыларды тәжірибелі журналистерге айналдыруға болады. Қазіргі таңда көптеген газеттердің жеке WEB парақшалары бар. Сонымен қатар, WEB газеттер түрлі бөлімдерге бөлінеді: жаңалықтар (мәдениет және өнер, сауда, экономика, т.б.), спорт, жарнама, ауа райы жаңалықтары.

Оқушылар WEB газеттер арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды көру арқылы, есту процесі арқылы және оқу арқылы хабардар бола алады. Әсіресе, аудиторияда баспамен тікелей қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін сайттар бар. Бұл арқылы оқушылар оқыған мақаласы жөнінде өз ойын айтуға және автормен тікелей байланысқа түсуге мүмкіндік алады. 
Оқушылар өздеріне қажетті информацияны табуды, оны оқып, ішінен ең маңыздысын табуды және өз қажеттілігіне жұмсауды үйренуі шарт. Және оқушылардың бойында өзіндік білім алуды, бүгінгі күн талабына сай ізденуді, ақпараттық ағымда жол табу және өзін- өзі дамытуды әрі қарай жетілдіру қажет. Оқушылар арасындағы байланысты, топтық, ұжымдық жұмысты дамытуға мүмкіндік аса маңызды.

Білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық құралдардың жаңа заман талабына сай түрлерінен саналатын мультимедиалық энциклопедия, қашықтықтан оқыту, электрондық оқулықтар мен түрлі дыбыстық таспа материалдары бүгінгі таңда оқушылардың қай пәнді болмасын тез әрі терең, шығармашылықпен игеруіне мейлінше қолайлы жағдай тудырып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет