«Бастауыш сынып информатика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану»



бет13/31
Дата09.04.2022
өлшемі8,44 Mb.
#30425
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Интернет қолданушыларды өзінің бай бояуларымен, мультимедиалық мүмкіндіктерімен, өздерінің сүйікті музыкалық топтары, т.б. туралы толық мәліметтер ала алатынымен қызықтырады.

Интернет жүйесінде оқушыға арналған бағыттар: жалпы даму, іздеу, сөйлесу, ақпаратты өз бетімен беру, керекті компьютерлік бағдарламаны іздеу, ары қарай білімді таңдау. 

Бұл кезеңде сыни ойлау дамиды, оқушылардың ақпараттық сауаттылығы арта бастайды, өзіне қажеттілерін бөліп алып, білімін қызықты танымдық мазмұнмен толықтыруға тырысады. Тіларалық кедергілер жойылады, коммуникативтік іскерліктер дамиды, тілді тереңірек оқудың мотиві пайда болады, жер шарының түкпір-түкпіріндегі адамдармен байланыс жасау мүмкіндігі пайда болады.

Жүйеде оқушылар еңбегінің тиімділігін жоғарылату үшін өз алдына әр түрлі оқулық пәндерден нақты материалды іздеуге мақсат қою керек. Сөйтіп, олар болашақта интернетте өз бетімен жұмыс істей алады.

Интернет жүйесі осындай барлық мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Олар қашықтықтан оқытудың кез келген білім мекемесінің оқу үдерісінде табысты қолданылады. Ал бұл өз кезегінде бастауыш сынып ақпараттық мәдениет негіздері пәнінің мазмұнында қарастырылатын тақырыптардың жалғасы іспеттес. Олай дейтініміз ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана алудың алғышарттары осы бастауыш сыныптағы информатиканы оқыту әдістемесі пәнінде қаланады.

Электрондық оқу құралы – бір пән бойынша өзіндік білім алуға арналған ақпараттық, графикалық, әдістемелік және бағдарламалық жабдықтардың кешенін құрайтын электрондық оқу материалдарының жиынтығы деп түсінеміз. Электрондық оқу материалдарының мазмұндық құрылымы дәстүрлі оқулықтағы оқу материалдарының құрылымымен сәйкес келеді, тек қысқа, нақты, әрі анық тұжырымдалады. 

Дәстүрлі оқулықтардан өзгешелігі – жоғары динамикалық (анимация) үлгілер көрсету, ақпаратты үнемі толықтырып отыруға, көбейтуге, ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Электрондық оқулықтың ішкі мазмұны үнемі интернет желісі және басқа да электрондық кітапханалармен толықтырылып отырады, сөйтіп әр оқушы өз мүмкіндігінше, даярлығына сәйкес ақпарат, мәліметтер алып, танымдық өрісін кеңейтіп, белсенді жұмыс жасай алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үдерісіне кеңінен енуі оқушының танымдық белсенділігін арттыра отырып, электрондық оқулық көмегімен оқушылардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.

Интерактивтік технологиялар – оқытудың әдістері мен түрлерінің, бағдарламаларының интерактивті мүмкіндіктері кері байланысты іске асыра отырып, оқушының белсенділігін арттыруға, дәстүрлі оқыту жүйелерінің көбінде орындалмайтын диалог пен тұрақты көмекті де іске асыруға мүмкіндік береді. Демек, бір-бірімен бетпе-бет кездесуінсіз-ақ оқушы пен оқытушы арасында интерактивті қарым-қатынас орнату және аталған курс бойынша білім мен дағдының белгілі бір мөлшерін өз бетінше игеру іске асады. 
«Интерактивтік» термині ағылшынның interaction сөзінен шыққан, мағынасы «өзара белсенділік» дегенді білдіреді. Бұл термин көбіне-көп информатика, коммуникация және өндірістік дизайн саласында кеңінен қолданылады. 
Оқу материалдарының мысалдары, түсіндіру тәсілдері, тапсырмалары  анимациямен көрсетілсе, оқушының жеңіл түсінуіне және есте сақтауына көмектеседі. Анимациялық көрнекіліктер оқытушының жұмыстарын жеңілдетіп, сабақ беру тәжірибесін, қызығушылығын арттырады. Анимация терминін ауысып отыратын бейнелердің жүйелілігі деп түсінуге болады. Оқулықтың анимациясы әртүрлі бағдарламаларда жасалуы мүмкін. Мысалы, Macromedia корпорациясының – Flash MX бағдарламасы.


2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ


2.1 Информатика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану әдістемесі
Зерттеушілер білім берудің ұстанымдарына сәйкес технологиялардың алты түрін белгілейді: білім берудің диалогты әдістері; ойын технологиялары; тренингті технологиялар; интеграцияланған тұлғалық-бағдарлы технологиялар; оқу-кеңістік ортасы; сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары.

Осы аталған білім беру технологиялары әртүрлі болғанмен, олардың жалпы бір ұқсастығы бар: практикада олардың барлығы білім берудің сынып-сабақ жүйесінде негізделеді. Бірақ оларды практикада қолдану мынадай факторлармен қиылыспайды: ең жақын даму аймағында білім беру ұйымдастырумен; шығармашылық оқыту әдістерімен; оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне білім берудің бағытталуымен.

Дәл осы факторлар оқушы тұлғасына бағытталған білім берудің моделін жасауда ең негізгілер болып табылады.

Қазіргі уақытта сынып-сабақ жүйесінде білім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқыту формалары бар. Олар бір сыныпта түрлі деңгейлі оқу бағдарламаларының бірнеше нұсқасын қолдануға, оларды оқушылардың таңдап, ең жақын даму аймағына сәйкес жеке жылдамдықпен ұйымдастырылуына, әрбір оқушының дер кезінде кәсіби көмек алуына, білім берудің шығармашылық сипатта болуына, материалды проблемді ұсынуға мүмкіндік береді. Ол мүмкіндікті қазіргі информатика мен телекоммуникация құралдарын қолдана отырып, жүзеге асырады.

Білім беру негізінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруды диалогтық және топтық қарым-қатынастарға негізделген интерактивті технологиялар арқылы жүзеге асырады. Олар: сократтық әдіс, еркін микрофон, миға шабуыл, ашық ойлар сәті, «үлкен шеңбер», «вертушка», «аквариум».

Әр оқушының еңбегі пайдалы болу керек. Өзінің ғана емес, өзгенің де еңбегі жауапкершілікпен қаралуы керек. Түсінген әр оқушы басқаға, серіктесі меңгергенше тексеру. Өзі оқи отырып, өзгені оқытуға үйрену. Мұндағы диалогтық білім берудің негізгі мақсаты: әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, коммуникативтік қабілетін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, бақылауға, байқампаздыққа жетелеу. Қарым-қатынасты дамыту негізінде білім беру оқушының жеке тұлға ретінде және ақыл-ой зердесін дамытуда үлкен роль атқарады. Жоғарыда аталған жағдайды талдай келудегі ізденісте осы негізде біріктіруші құрал болып мәтінді технологиялық өңдеу жатыр.

Диалог пен топқа негізделген сабақты ұйымдастырудың тәжірибесін талдай отырып, мына ережелерді ұсынамыз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет