Бесінші ереже. Жүру барысы мен тәртібіне аса мән беру қажет. Топта жұмыс жасау ережелерін алдын ала келісіп алып, оны бұзбауға тырысу қажет. Мысалы, барлық қатысушылардың кез-келген көзқарасқа шыдамдылық танытуын, әр адамның сөз бостандығына деген, өзіне деген құқын сыйлауға келісу пайдалы.
Алтыншы ереже. Сабаққа қатысушылардың топқа бөлінуіне үлкен көңіл бөлу қажет. Алдымен оны еріктілік негізде жүргізген жақсы. Кейін кездейсоқтық таңдау принципін қолданған дұрыс.
«Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.
Оқушыға тиянақты білім беріп, білім сапасын көтеру жолында информатика пәніне қызығушылығын ояту үшін, АКТ-ны қолдану тиімді:
Уақыт ұтамыз /көрнекілік дайындау т.б./
Ұстаздардың өз білімін жетілдіруі, өзара тәжірибе алмасу. / Internet жүйесі / -Тәжірибе жинақтау. /компьютермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады/.
-Бақылау мен бағалаудың объективлігін қамтамасыз етеміз.
-Оқушылардың қосымша білім алуына мүмкіндік туғызамыз.
Қызығушылық /мотивация/ оятуға болады.
-Эстетикалық талғам ескеріледі.
-Заман талабына сай қажеттілікті ақтаймыз.
-Оқушылармен кері байланыс орнатылады.
Ақпараттық технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Сабақта жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастырумен, сандай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.
«Баланың ынтасын артыру үшін оқылатын нәрседен бір жаңалық болуы керек» Жүсіпбек Аймауытов
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күннен-күнге артып бара жатқаны байқалады.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім - бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына өте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |