IV. Жаңа сабақты түсіндіру
Мұқият бол. Не өзгергенін анықта. Өзгерістердің саны қанша? (8 өзгеріс)
Дұрыс, жарайсыңдар.
- Бұл зат қалай аталады? (комбинезон)
- Қалай ойлайсыңда бұл зат неге бұлай аталған? (күрте мен шалбардың қосылып тігілуінен)
- Қосу, қиыстыру деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалар өздерінің түсініктері бойынша жауап береді ….
- «Комбинезон» сөзімен түбірлес тағы қандай сөздерді білесіңдер?.
Оқушылар: Комбинат, комбикорм, комбинация, комплекс.
- Дұрыс балалар, жарайсыңдар. Мен өз тарапымнан тағы да «комбинаторика» деген сөзді қосар едім
- Сендерге бұл сөз таныс па? Кәне бұл қандай сөз екенін бәріміз ойластырып көрелік? / Білмей қалу ұят емес, нағыз ұят ол, білімге ұмтылмау
Таныс емес сөздерді қай жерден іздеп табуға болады?
Балалар. Сөздіктен
- Өте дұрыс айтасыңдар. Асылға «комибинировать» және «комбинаторика» сөздерінің мағынасын білуді тапсырған болатынбыз. Енді дұрыс жауапты тыңдайық.
- Комбинировать – қосу, қиыстыру, ұластыру, құрамдастыру; (строить комбинации) әрекет істеу, амал жасау. Орысша-қазақша сөздік. Өңделіп, толықтырылып үшінші басылуы. 70000 сөз. Алматы ДАЙК-ПРЕСС, 2005ж. -1146б)
- сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «КОМБИНАТОРИКА» екен
- бүгін біз сіздермен құрама есептерді шешудің жолдарын үйренеміз
- Барлық есептерді шешудің жолдары әрекет пен амалдарды таңдап алуға негізделеді
Енді құрама есептерді шешіп көрейік:
Жұмыс дәптерлеріңнің 17 бетін ашыңдар. Не берілген? Сандарды үйшіктерге орналастыруды және оның қанша мүмкін жолдары бар екендігін анықтау сқралыпты. Жақсы мұндай есепті бұрын көріп па едік, таныс па бұл тапсырма?
- ия біз математика сабағынан осындай есептерді шығарып үйренгенбіз.
- ондай болса бізге қиын соқпайды деп ойлаймын.
- кәне осы тапсырманы интерактивті тақтада орындап көрейік. Барлығымыз интерактивті тақтаның не екенін білеміз ба?
- Ия.
- Бұл тақтаның қандай ерекшелігін білесіңдер?
- Тақтада жазу жазуға болады.
- Сурет салуға болады,
- Мультфильм көруге болады,
- Музыка тыңдауға болады,
- тест тапсыруға болады,
- ойын ойнауға болады.
- Бәрекелді балалар сендер бұл сиқырлы тақта туралы бәрін біледі екенсіңдер.
Онда осы сиқырлы тақтаның көмегімен біз бүгін бірнеше есептер шығаратын боламыз.
- Жақсы онда бірінші тапсырманы орындаймыз. Тақтаға Арман шықсын, қалғандарымыз дұрыстығын тексеріп отырайық.
- Дұрыс па балалар Арманның орындағаны. Жарайсың Арман. Сен біздің сиқырлы тақтамызды ренжітпедің. Есепті дұрыс рындадың.
Достарыңызбен бөлісу: |