Қортындылай келе, осы 5топтағылардың 2,4,5 түрі бойынша кездескендер болмады. Көбінде 1 мен 3 типке кіреді. Ол дегеніміз, баланың өсіп-өнуіне, қалыпты, дұрыс тәрбте алуына еш кедергі жоқ. Ал, жанұядағы келіспеушілік, менің ойымша, барлық жанұяда кездеседі.
Оқушылардың эмоционалды-адамгершілік сферасын және қарым-қатынас дағдыларын дамыту ойындарын және жаттығулары
«Өзіңді ата»
Мақсаты: Өзін құрбы-құрдастар ұжымына таныстыру.
Барысы: Балаға өзін таныстыру оған қалай атаған ұнайды, үйде қалай атайды немесе тоапта қалай атағанын қалайтынын айту керек.
«еркелетіп шақыр»
Мақсаты: балалардың бір-біріне тілектестік қарым-қатынасын тәрбиелеу.
Барысы: баланың жақсы көретін құрбысына оны еркелетіп атап, допты лақтыру немесе ойыншықты беруі қажет.
«Сиқырлы орындық»
Мақсаты: Мейірімді болуға тәрбиелеу, Балалар тілінде жылы мейірімді сөздерді көбірек қолдануға тәрбиелеу.
Барысы: Бір бала ортадағы «сиқырлы» орындыққа отырады, қалғандары ол туралы мейірімді, жылы сөздер, комплименттер айтады. Отырған баланы сипауға, құшақтауға, сүюге болады.
«Сезімдердің берілуі»
Мақсаты: Вербальды емес тәсілмен (сөйлемей) әртүрлі эмоциональды жағдайларды беруді үйрету
Барысы. Балаға «тізбек бойынша» белгілі бір сезімді мимика, жеке қимылдары арқылы көрсетуге тапсырма беріледі. Одан соң балалар не сезгенін ортаға салады.
«Түрлі-түсті гүл шоғы»
Мақсаты: қуанышты және қанағаттанарлық сезім ала отырып, өзара іс-әрекет жасауға үйрету
Барысы: Әр бала өзін бір гүлмен атайды да, өз таңдауын түсіндіре отырып, гүл шоғы үшін басқа гүлді табады. Одан соң барлық гүлдер бір гүл шоғына бірігеді де, қол ұстасып ән айтады.
«Май-шам»
Мақсаты: Өзінің эмоциональды жағдайын басқара білу, өз сезімдері мен уайымдары туралы айта білу қабілеттерін дамыту
Барысы: Балалар май шамды айнала өздеріне ыңғайлы қалыпта отырады да, бірнеше секунд ішінде жалынға қадала қарайды. Одан соң көздерін жұмады, бұл кезде май шам сөнеді. Көздерін ашып балалар май шамның жалынында қандай образдар көргендерін, не сезінгендерін айтады.
«Жақсы көру перамидасы»
Мақсаты: Әлемге, адамдарға орындықамқорлық қарым-қатынас тәрбиелеу, қатынас жасау қабілеттерін дамыту
Барысы: Балалар айнала отырады. Тәрбиеші айтады «Біздің әрқайсымыз бір затты немесе бір адамды жақсы көреміз, бұл сезім бәрімізде де бар, біз оны әртүрлі түрде білдіреміз. Сендер де айтыңдар, нені жақсы көресіңдер, кімді жақсы көресіңдер» (балалар әңгімесі) «Ал, енді, қазір бәріміз қолдарымызбен жақсы көру сүйіспеншілік пирамидасын құрайық. Мен өзімнің жақсы көретін затты немесе адам атын атап қолымды қоямын, одан кейін әрқайсыларың өздеріңнің жақсы көретін затты немесе адам атын айтып, қолдарыңды қоясыңдар» (балалар перамида тұрғызады). «Сендер қол жылуын сезесіңдер ме? Бұл жағдай сендерге ұнай ма? Қараңдаршы, біздің перамидамыз қандай биік болған. Биік, өйткені біздің бәрімізді жақсы көреді, өзіміз де жақсы көреміз».
«Досыма сыйлық»
Мақсаты: Заттарды вербальды емес тәсілдермен «сипаттай» білуін дамыту
Барысы: Бір бала «туған күн иесі» болады да, қалғандары өз қарым-қатынасын мимика, жеке қимылдары арқылы білдіре отырып, «сыйлықтар» ұсынады
«Түрлену»
Мақсаты: Пластика, мимика, жеке қимылдары арқылы білдіре отырып, заттарға, жануарларға түрлену, кейпіне ену
Барысы: Балалар кезекпен белгілі бір образды ойлап, атын айтпай бейнелейді.