Балаңыздың мектепте өткізген әр күні жайлы сұрап отырыңыз.Мұндай қатынас балаңызбен жақындасуыңызға көмектеседі, кейін балаңыздың сізден жасыратын сыры болмайды.
Бейімделу кезеңінде баланың темпераментін ескеру керек. Қимылы баяу, тұйық мінезді бала құрдастары мен үлкендер тарапынан күштеу мен қатыгездік сезінсе, оқуға деген қызығушылығын жоғалтуы мүмкін.
Оқу жұмысында балаға еркіндік беріңіз. Баланың оқу барысына бақылау жасағанда, бұл бақылауыңыз сенімділік сипатында болуына күш салғаныңыз жөн.
-Біз сіздермен бірге баланы ересектік өмірге даярлаймыз. Бұл ата-аналар мен педагогтердің басты міндеттерінің бірі. Белгілі педагог әрі психолог Симон Словейчик кітаптарының бірінде бізге бейімделу кезеңіндегі баланы мектептегі сыныптастарының арасында өз бетімен өмір сүруіне даярлауға көмектесетін ережелерді жариялаған.
( қағазға басылған ережелер ата-аналарға таратылады)
Біреудің бірдеңесін тартып алма, және өзіңдікінен де айырылма.
Затыңды сұраса-бер, тартып алмақ болса-қорғанып бақ.