Қиял-ғажайыпертегілер – ертедегі адамдар табиғат және оның құбылыстары туралы, адамның еңбегі, тіршілік кәсібі, күресі жайында, дүние – жаратылыс, қас пен дос, неше түрлі керемет күштер туралы қиял – ғажайып ертегі — әңгімелер туған. Қиял – ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар болып отырады. Қиял ғажайып ертегілеріне “Ер Төстік”, “Керқұлла атты Кендебай”, “Күн астындағы Күнекей қыз” ертегілері жатады
Ертегі қаһармандарының үнемі күрес үстінде көрінетіні жəне осы жолда жеңіске жететіні, əділдіктің əркез үстем болатыны – халықтың осынау көкейтесті ой-арманының көрінісі. Халық ойының аса бай құнарынан жаратылғандықтан да ертегі əрбір оқушы үшін ерекше маңызға ие. Əр алуан ертегілермен танысу оқушыны қиялдай білуге үйретеді. Халықтық тəрбиенің қасиетті бұлағынан сусындауға мүмкіндік жасайды. Ел мен жерге деген сүйіспеншілігін оятады, азаматтық көзқарасының алғашқы негізінің қалыптасуына септігін тигізеді.
Қазақ ертегілерін академик М.Әуезов үш жанрға бөледі; қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер.
Ертегілерді оқытудың
ерекшеліктері.
Ертегілерді оқытуға байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері Бастауыш сынып мұғалімінің ең маңызды міндеті – оқушылардың үнемі кітап оқуға деген қажеттілігін қалыптастыру, балалардың бейнелі және логикалық ойлауын, жүйелі сөйлеуі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, мектеп оқушыларының сөздік қорын байыту.
Ертегі бойынша жұмыс негізінен белгілі бір алгоритм бойынша жүреді: 1.Дайындық жұмысы (музыкалық сүйемелдеу, слайд-шоу суреттері, балалардың болжамдары, лексикалық жұмыс).
2.Мәтінді алғашқы қабылдау (мұғалімнің мәнерлеп оқуы, дискіден жазылған ертегіні тыңдау).
3.Ертегіні талдау (текст мазмұны бойынша сұрақтар).
4.Мәтінді қайталама қабылдау (балалардың тізбектей дауыстап оқуы, жұппен оқуы, өз бетінше оқуы).
5.Басты кейіпкерлердің мінездемесі, ертегінің негізгі идеясы, ертегінің мәнерлілік құралдары мен оның жанрлық ерекшеліктерімен жұмыс (мәтінмен диалог).
6.Мәнерлеп оқу жұмысы (жұппен жұмыс, рөлдер бойынша оқу).
7.Шығармашылық жұмыс (жоспар құру, досқа сұрақтар, шығармашылықпен қайталау, орындау).
8.Жұмыстың нәтижесі (ертегі нені үйретті?)