Бастауыш сыныптарда ертегілерді оқытудың ерекшеліктері Орындаған: Ибрайшина Д. С., 3ка тобы Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»



бет11/11
Дата06.06.2023
өлшемі1,3 Mb.
#99140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
DOC-20230418-WA0005.

Қорытынды
Ертегілермен жұмыс істеу барысында балалардың әмбебап оқу әрекеті, яғни кітаппен өз бетінше жұмыс істеу, сұрақ қою, гипотеза қою және олардың жауабын дәлелдеу дағдылары қалыптасады. Жұпта, топта коммуникативті қарым-қатынас дағдылары жетілдіріледі, зейіні, есте сақтауы, сөйлеуі, логикалық және қиялдық ойлауы дамиды, танымдық белсенділік деңгейі мен оқу ынтасы артады, оқушылардың ой-өрісі кеңейеді, мінезінің жағымды қасиеттерін жарқындыққа тәрбиелейді.
Қорыта келе, курстық жұмысты жазу барысында ертегілердің зерттелуі, жиналуы, түрлері туралы мәліметтерді қарастыру да негізгі әдебиет ретінде Тұрдалиева Ж. «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі» кітабынан қарастырдық. Зерттеу жұмысының бірінші бөлімін ертегілердің жиналуы мен зерттелуіне, және ертегінің түрлеріне, оларды оқытудағы өзіндік ерекшеліктерге арнадық. Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде ертегілерді оқыту барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен оларды балаға меңгертудің тиімді жолдары қарастырылды. Курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдістемелік оқулықтар мен журналдардың көмегіне жүгіндік. Жұмысты жазу барысында өзіме алдағы уақытта қажетті көптеген тәжірбиелерді жинақтадым.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет