Бастауыш сыныптарда ертегілерді оқытудың ерекшеліктері Орындаған: Ибрайшина Д. С., 3ка тобы Мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»



бет2/11
Дата06.06.2023
өлшемі1,3 Mb.
#99140
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
DOC-20230418-WA0005.

Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш мектепте ертегіні оқыту жолдарын теориялық тұрғыда негіздеу
2. Ертегі, оның түрлерін анықтау
3. Қазіргі уақыттағы зерттеулер мен тұжырымдарды келтіру.
4. Ертегіні оқытудың ерекшелігін сипаттау.
5. Бастауыш мектепте ертегілерді оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтау.
6. Ертегілерді оқытудың тиімді жолдарын көрсету.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сыныпта ертегілерді оқыту арқылы қабілеттерін жетілдіру жолдары
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта ертегіні оқыту үрдісі
Ертегілер туралы зерттеулер, ғалымдар
тұжырымдары
Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік тағы басқа тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор.
Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтаған Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, Н.Березин, В.В.Радлов, А.Е.Алектров, А.Ивновский, Л.Исаков, О.Әлжанова, Р.Дүйсенбаев, М.Көпеевтер болса кейін, М.Әуезов, С.Сейфуллин, М.Ғабдулиндер зерттеп жинақтай бастады.
Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғылыми түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегі жарық көрді, ғылыми айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Потаниннің, Радловтың, А.Н.Веселовскийлердің кең масштабты ғылыми - зерттеулеріне ілікті.
Ертегінің түрлері
Ертегілердің түрлері: хайуанаттар жайындағы ертегілер, қиыл-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, новеллалық ертегілер, сатиралық ертегілер болып бөлінеді.
Хайуанаттар жайындағы ертегілер – бұл топтағы ертегілердің де алғашқы үлгілері өте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарастырған. Және де әрбір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы түрлі мифтік ұғым-түсініктер ойлап шығарған. Хайуанаттар жайындағы ертегілер – “Ақ қасқыр”, “Жігіт пен қасқыр”, “Сиқыршы”, “Сырттандар” т. б ертегілер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет