Санды және әріпті өрнектер. Өрнектерді құрастыру, жазу және оқу. Өрнектің мәні. Көбейтудің ауыстырымдылық , терімділік қасиеттері әріпті теңдік түрінде. Санды өрнектерді салыстыру. Жақшалы және жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу тәртібі. Теңдік құру үшін әріпті өрнектер түрінде қолдану. Өрнектерді салыстыру. Теңдік және теңсіздік. Теңдеу. Теңдеулер және теңсіздіктерді шешу.
«Геометрия элементтері»
Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі. Шеңбер мен дөңгелек, центр, радиус, диаметр. Симметриялы және симметриялы емес фигуралар. Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу. Тікбұрышты үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш аудандары. Құрастырылған фигуралардың, периметрі. Параллель және қиылысатын түзулер. Шеңбер сызу. Кеңістіктік фигуралардың жазбасын дайындау. Кеңістіктік фигуралардың өзгерістері.
Нүктелердің координаталары және қозғалыстың бағыты. Нүктелердің жазық фигурада орналасуы.
«Жиындар. Логика элементтері»
Жиындар және олармен орындалатын амалдар. Жиындардың қиылысуы мен бірігуі. Тұжырымдар. Ақиқат және жалған тұжырымдар. Логикалық есептер. Кестелер мен графтар. Тізбектер. Сандар тізбектеріндегі заңдылық. Тізбектерді құрастыру. Заттар комбинациялары. Мүмкіндіктер тармағы.
«Математикалық моделдеу»
Есептер. Математикалық модель. Есептердің шартын моделдеу. Есептерді талдау және шығару. Есептің жауабын алдын ала болжау.
Математикалық тіл. Екітаңбалы сандардың графикалық моделі. Разрядтар және кластар кестесі. Жиын белгілері. Латын алфавитінің әріптері. Амалдар компоненттерінің атаулары.Деректерді жинақтау, кестелер мен диаграммалар, пиктограммалар.
4 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады: «Сандар мен шамалар» Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер. Көптаңбалы сандар. Санның натурал сандар қатарында орны. Көптаңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру және дөңгелектеу. Көптаңбалы сандардың разрядтік және кластық құрамы. Разрядтік қосылғыштардың қосындысы. Миллион. Пайыз. Пайыз бүтіннің жүзден бір үлесі. Бөлшектерді салыстыру. Дұрыс және бұрыс бөлшектер, аралас сандар.
Сандармен амалдар орындау. Бөлшектерді қосу және азайту. Көптаңбалы сандарды қосу және азайту. Санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге бөлу. 0, 100, 1000-ға бөлу. Көптаңбалы санды көбейту және бөлу. Көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау. Аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру. Пайызды бөлшекке, бөлшекті пайызға түрлендіру
Шамалар және өлшем бірліктер. Шамаларды өлшеу, салыстыру түрлендіру. Шетелдік және ұлттық валюта, олармен әрекеттер.