келу.
қатысқан оқушыларды бағалау.
сабаққа кіріседі.
1865) алып келді.
жазды.
прологымен ашылды.
Ребусты шешкенде «Вена» сөзі шығады.
келуге тырысады.
Берілген тапсырманы мұқият орындайды.
әйгілі театрлардың аттарын табады.
жазып алады.
Күнделіктеріне баға қойғызады.
Марапатталады.
Қарым-қатынас орнайды.
аударады.
шылықтары артады.
анықталады.
мәліметтерін айтады.
молаяды.
жақындайды.
оқушылар естеріне түсіреді.
естеріңде сақталады.
білімдерін кеңейтеді.
кеңейтеді.
туралы айтылып өтіледі.
мәлімет беріледі.
туралы ақпарат жинайды.
көрсетіледі.
деген қызығушылығы дамиды.
қалыптасты.
бойынша талданады. Өлең
деген ынтасы артады.
түсінгендіктерін көрсетеді.
қабілеттерін арттырады.
істеуге дағдыландыру.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
Тігін машинасы туралы ақпарат беру, тігін
машинасында орындалатын қауіпсіздік
ережесіне түсінік беру. Дамытушылық:
Оқушылардың ой-өрісін, білімдерін іс жүзінде
жүргізуге ықпал ету, жұмысты орындаудағы
ептілігін дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелілік: Еңбек мәдениетіне, іскерлікке,
ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, шеберлікке,
төзімділікке тәрбиелеу, әсемдікке
баулу.
С а б а қ т ы ң
көрнекілігі:
к а р т о ч к а л а р ,
логикалық
ойлау
сұрақтары, дайын бұйым.
Сабақтың
түрі:
теориялық,
сарамандық
Сабақтың әдісі: ауызекі баяндау, ой қозғау
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын тексеру.
Өткен сабақты қайталау:
- қандай тігіс түрлерін білесіңдер?
- біріккен тігістер қандай жағдайларда
қолданылады?
- шеттік тігістерді не үшін қолданады?
- әрлеу тігістерін не үшін қолданады?
- біріккен тігістерде бөлшектер қалай
орналасады?
- шеттік тігістерде бөлшектер қалай
орналасады?
Жаңа тақырып: Тігін машинасы - адам
еңбегін жеңілдететін машиналардың бірі. Үйде,
ательеде, фабрикада тігін машинасымен киім
тігеді. Киімді қолмен тігетін де кез болған.
Машинаны жұмысқа дайындау:
Бұған: а. Аяқты берілісті дайындау;
б. Жіптерді өткізу;
в. Ірі тігістерге келтіру жатады.
Бұл жұмыстар сатылап игеріледі.
І. Қызығушылығын ояту.
«Қайта жаңғырту» (Қауіпсіздік ережелері)
Пайдалы кеңестер:
• ине сақтайтын қораптың түбіне магнит
салып
қойсаңыз,
инелеріңіз
ешқашан
шашылмайды.
• ине тот баспас үшын оны сабынға тығып
қою керек.
• егер үтіктің астына синтетикалық талшықтар
жабысса, оны ацетонмен сүрту керек.
• киім тіккенде жіпті киім түсінен күреңдеу
етіп таңдаңыз, себебі катушкада оралған жіп өз
түсінен әлдеқайда күреңдеу болып көрінеді.
• қалың матаны тігу оңайырақ болу үшін
инеге сабын жағыңыз
• Тігін машинасын жұмыс орнында жарық сол
жақтан түсіп тұратындай етіп орналастырады.
• Тұрмыстық тігін машинасы өзінің
құрылымы, техникалық мүмкіндігі
және сыртқы көрінісі
бойынша түрліше
б о л ы п
келеді. Бірақ
олардың құрылысы,
реттеуі
және
пайдалану
ережелерінің көпшілігі ортақ.
Машинада дұрыс отыру тәсілдері:
- жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе
алдыңғы жақтан түсіп тұру қажет.
-отыратын орындық пен тігін машинасының
ара қашықтығы 10-15 см болуы керек.
- құрал – жабдықтар арнайы қорапта тұруы
керек.
-тігін машинасының айналатын бөлшектеріне
жақындауға болмайды.
Машинада тігу кезінде орындалу керек
техникалық талаптар:
1.Бөлшектерді сырып тігу үшін тігіске
арналған қосымшалар иненің оң жағында, ал
бөлшектер сол жағында орналасады.
2.Барлық ішкі тігімдер үстіңгі матаның
түсімен түстес болады.
3.Жіп нөмірі, машина инесінің нөмірі
және тігімдегі инешаншымдар жиілігі мата
қалыңдығына, орындалатын операция түріне
сәйкес алынады.
4.Жібек және жүннен тігілген бұйымдардың
барлық сыртқы тігімдерін, түймеліктер мен
бекітпелерді жібек немесе синтетикалық
жіптермен тігеді.
5.Әрлеу тігімдерінде үстіңгі жіптің ұшын
терістеме жағына шығарып түйеді.
6.Сырып тігетін машиналарда орындалатын
барлық ішкі тігімдерді (бүйір, иық қиықтарын,
жең бөлшектерін) екі рет ұзындығы 7-10 мм
болатындай қайтарымды тігімдермен бекітеді.
7.Тұйық сызықтар бойымен тігім түсіргенде
(мысалы, жеңді қондырып,)
Мұғалім қорытындысы: Тігін
машинасымен жұмыс кезінде еңбек қабілеттілігі
мен денсаулықты сақтайтын талаптарды орындау
керек. Олардың ішінде – жұмыс орнының
жарықтануы. Егер осы талаптарды орындаса,
адам шаршамайды, шапшаң және өте жақсы
тігеді.
Үй тапсырмасы: Тігін машинасының
құрылысын оқып келу, машиналары барлар
машинамен жұмыс істеп үйрену.
Бағалау.
Жанна Ғұсманова,
Ақсуат ЖББОМ,
Теректі ауданы
7
Жайық ұстазы
19 наурыз, 2015 ж.
Математика, 1-сынып.
тігін м
ашина
сымен
жұмы
с
істеген к
ездегі қа
уіпсіздік ере
жесі
П с и х о л о г - а д а м
ж а н ы н ы ң б а ғ б а н ы
ӘРіпТЕС ТуРАлЫ СЫР
Мектептегі психологтың орны ерекше. Біздің
№12 жалпы орта білім беретін мектебіміздің
педагог-психологы
Балымжан
Байырқызы
Ахметжан өз қызметін 2001 жылдан бері
атқарып келеді. Мектептің үнін, әр баланың тәтті
қылығы мен күлкісін жүрегіне алау етіп жағып,
көпшіліктің көз айымына айналған, әр кісінің жан
дүниесіндегі жағдайларға жүрек түпкіріне үңіле
білетін жан. Педагогикалық шеберлікпен қоса
алғанда, сақтық, аңғарымпаздық, әр кісіге ден
қоюды басты ереже етіп алған. Әрбір баланың,
ұстаздар қауымы мен ата-аналардың сырқатына
ем болып, адал ниеттің арамдықпен өлмеуіне,
мінезінің мөлдір, ашық, жарқын болуына,
көпшілікпен бірге жұмыс жасауға, ұжымды
бірлікке жұмылдыруға шын жүрегімен тырысады.
Оқушының қызығушылығы, бейім-қабілеті және
басқа да психологиялық ерекшеліктерін үнемі
басты орында ұстайды. Күнделікті жұмысы
арқылы баланың психологиясын зерделей
отырып, олардың жат қылықтың жетегіне ермеуі
үшін алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Зерделеу,
зерттеу жұмыстарының нәтижесімен оларды
түзетіп, кеңестер беріп, мәдени ақпараттармен
жүйелі таныстырып отырады. Қазір мектептегі
оқушылардың
ата-аналары
психологпен
кеңесуге келеді. Мектеп ұстаздары да шәкірттері
туралы немесе өз мәселелері жөнінде пікірлесіп
отырады. Тіптен ауыл адамдары мен кала
мектептеріндегі әріптестері де кеңес сұрап
жатады. Балымжан Байырқызы еңбек еткен аз
уақытта шәкірттерінің жүректерінен өзіндік
орын алған. Әрбір оқушының педагогикалық-
психологиялық картасын жинақтап, барлық
сыныптар үшін диагностикалық бағытта
сауалнама, тест, тренинг жұмыстарын жүргізеді.
Қала көлемінде өткен «Балғын психологтар»,
«Болашақ» тобы «Білімпаз» номинациясымен,
«Алғыс хатпен» марапатталды. 2013 жылы
қалалық білім жүйесіндегі педагогикалық
шеберлігі, шығармашылық ізденісі және өскелең
ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін
ұстаз «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
2014 жылы Жас ұрпаққа білім беру мен
тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін және 8 наурыз
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай
Құрмет грамотасымен марапатталды. Ғылыми
–әдістемелік «Ұстаз» журналының «Жан сыры»
қосымшасына «Адамға өмір бір-ақ рет беріледі»
деген қала деңгейінде өткізілген ашық семинар
сабағы басылып шықты. Мектебімізге келген жас
мұғалімдермен «Мамандығым - мақтанышым»
атты тренинг,сауалнама жұмыстары жүргізілді.
Мектептегі әрбір ұстаздың ұжымға деген
көзқарасын анықтау мақсатында «Педагогикалық
қызметтің едәуір маңызды тұстарын анықтау»
сауалнамасы жүргізілді.11сынып оқушыларымен
ҰБТ-ға байланысты қала мектептерінің педагог-
психологтарының қатысуымен «Мен таңдаған
жол» тақырыбында ашық психологиялық
тренинг өткізді. Сондықтан да Балымжан
Байырқызының мамандыққа деген сүйіспеншілігі
оған қызметінің ащы балын татып, тәттісімен
өз ісінің шебері болуға көмектеседі. Қашанда
тәжірибесі мол ұстаздар, психологтардан дәріс
алып, үйреніп, әріптестерімен тығыз байланыста
болып, тәжірибе алмасуға даяр тұрады. Мектеп
психологы оқушылардың қызығушылығын
одан әрі арттырып, олардың осы мамандықты
таңдауына жол ашты.
Біздің
мектебімізден
түлеп
ұшқан
оқушыларымыздың
ішінде
мектептерде
педагог-психолог маманы болып, Атырау
қаласында А.Машаева, Новеньки ауылында
О.Таржманова еңбек етіп жүрсе, ал студенттер
Р.Забекова, А.Батыршинова, Ұ.Есенболатова.
БҚМУ педагогика –психология бөлімінде білім
алуда.Биылғы оқу жылында болашақ түлектер
11а сынып оқушысы Құрманғалиева Назерке
педагогика –психология мамандығын таңдап
отыр. Болашақта да осы ең алдымен адамның
ішкі жан дүниесін зерттейтін ғажап мамандығы
арқылы жабырқаған көңілге қуаныш сыйлап,
олардын жүрек түкпірінде жатқан бүкпесіз
сырларын тыңдап, шәкірттеріне өз болашағына
сеніммен қарауына ықпал ете біледі.
Қазақстанның болашағы – жас ұрпақ
десек, олардың еш алаңсыз жеке тұлға болып
қалыптасуы үшін Балымжан Байырқызының
да мол үлес қосқандығын мақтанышпен айта
аламыз.
Гүлсім Мерғалиева,
№12 ЖББОМ директорының оқу
ісі жөніндегі орынбасары
Мақсаты:1. Білімділігі: Оқушыларға 9 саны
туралы түсінік беру. Ертегі бойынша есептер
шығаруға машықтандыру. Дамытушылығы:
Оқушылардың
ойлау
қабілеттерін.
Ой-
өрісін дамыту, жазу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа,
тиянақтылыққа, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақты түсіндіру
Түрі: топпен жұмыс, ертегі желісімен
Көрнекілігі:
проектор,
дидактикалық
материал, кеспе сандар, слайд.
пәнаралық
байланыс:
дүниетану,
әдебиеттік оқу
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі – амандасу, сыныпты
түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
- Балалар, ертегіні жақсы көресіңдер ме?
- Қандай ертегіні білесіңдер?
Дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық.
II. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс 9 санының
құрамына мысалдар жазу.
8+1, 7+2, 6+3, 5+4
Назарларын проекторға аудару.
- Мына ертегі сендерге таныс па?
- Қандай ертегі деп ойлайсыңдар?
- Жақсы.
- "Бауырсақ" ертегісінің желісімен
тапсырмалар
сіздердің
көмектеріңмен
орындалады.
І. Ертегіні еске түсірейік, кім көмектеседі
маған. (топтан сұрау)
№ 1 Тақтамен жұмыс. 1. Қоянға кездеседі.
(тапсырмасы) "Қандай сандар жазылмаған?"
1 4 7 10
10 6 3 0
№ 2 Қасқырға кездеседі. (тапсырма)
"Әр бөлімнен қосуға 2 өрнек, азайтуға 2 өрнек
құрастыр" оқушылар топпен орындайды
6+3 9-2
7+2 9-5
№ 3 Аюға кездеседі.(тапсырма) Сурет
бойынша өрнек құрастыру. Дәптермен жұмыс
ІІІ. Сергіту сәті. (музыкалық әуенмен)
№ 4 Түлкіге кездеседі (тапсырма) Есепте
(ауызша)
ІV. Қорытынды. Үйге тапсырма № 5,
оқулықтың 138б.
V. Мадақтау.
- Сабақ аяқталды
Жайнагүл Кабулова,
Тихонов мектеп-балабақша кешені,
Бөрлі ауданы
9
санын қосу және азайт
у
ТЕХНОлОГия
Сабақтың мақсаты: а) теориялық
ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін,
ерекшелігін меңгерту. ә) жетілдіру,
өз алдына шұғылдануға қажеттілігі
мен қабілеттілігін жетілдіру. б) Ойындардың
тәрбиелік мәніне назар аудару.
Сабақтың
типі:
Жаңа
білімді
қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Жеке және жалпы жұмыс
жасау, жан – жақты түсіндіру.
Құрал – жабдықтар: Ысқырық, доптар,
сақина, арқан, т.б.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Сапқа тұрғызу; Оқушы мәліметін қабылдау.
Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы «Солға»! «Оңға»! «Кері айнал»!
жаттығуларын орындау.
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар
жасату. Көңілді старттар және ұлттық ойындар:
Соқыртеке. Ойыншылар дөңгелене тұрады.
Ортаға орамалмен көзі байланған адамды –
«соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша
тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені»
түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны
ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің»
тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына
болады.
Ұсталынып
қалған
ойыншы
«соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.
Түйе мен бота. Ойын көгалды жерде немесе
спорт залда өтеді. Балалардың санына шек
қойылмайды. Бұл ойын орыс халқының «мысық-
тышқан» ойынына ұқсас. Басқарушының
нұсқауымен бір бала түйе болады, екіншісі
ботаның роліне сайланады. Қалған ойыншылар
өзара қолдарынан ұстап, шеңбер бойына қатарға
тұрады. Түйе шеңбердің сыртында, ал ботасы
ішінде қалады.
Түйе шеңбердің сыртында жүріп, ботасына
үйге жүр дейді. Бота жоқ, үйге бармаймын дейді.
Түйе ботасын әкетпек болып қуа бастайды. Ал
бота шеңбер бойымен айнала қашады. Ойын
шарты бойынша бота шеңбердің ішіне кіріп-
шығып, еркін қозғалып жүре алады. Ал түйені
аса еркіне жібермей, кей кездерде шеңбердін
ішіне еркін кіріп-шығуына әртүрлі кедергілер
жасалады, яғни шеңбер бойындағы ойыншылар
қысып қалады. Ақырында түйе алдап жүріп
ботасын колға түсіргенде, бота жібер дейді. Түйе
жібермеймін дейді. Осы сәтте шеңбер бойында
тұрған ойыншылар түйені қоршап, ұстап алып:-
«шөк, шөк» деп, түйені шөгеруге тырысады.
Түйе оған көнгісі келмегенімен, көпшілік болып
шөгереді, яғни жүресінен отырады.
Содан кейін ойыншылар сапқа тұрып, кезек-
тесіп, шөккен түйенін үстінен бір-бірлеп секіре
бастайды. Ойын шарты бойынша түйе жүресінен
екі колын жерге тіреп отырады да, үстінен
секіргендерді орнынан козғалмай қолымен ғана
ұстай алады. Осы кезде түйе үстінен секірген
ойыншылардын кайсысын бірінщі ұстаса, сол
түйенің ролін ойнайды да, екінші ұстағаны
ботаның ролін ойнайды. Осылайша ойынды
қайта жалғастыруға болады.
Түйенің үстінен секірген ойыншы оған
колымен, болмаса аяғымен тиюіне болмайды.
Түйенін үстінен секіргенде мүмкіндік болғанша
алысқа түсуге тырысады. [5]
Достарыңызбен бөлісу: