Батыр апаларға тағзым! ұ с т а з ы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата10.01.2017
өлшемі2,39 Mb.
#1612
  1   2   3   4   5

Батыр апаларға тағзым!

ұ   с   т   а   з   ы

А қ п а р а т т ы қ ,   т а н ы м д ы қ   ж ә н е   ә д і с т ем ел і к   б а с ы л ы м

Ж А Й Ы Қ

№5 (308)

19 наурыз,

 2015 жыл 

2015  жылдың  4  наурызы  күні  Жұбан 

Молдағалиев  атындағы  облыстық  әмбебап 

ғылыми  кітапхананың  оқу  залында    Ұлы 

Отан  соғысы    Жеңісінің  70  жылдығына  

және Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 

«Арулар  отты  жылдарда»  тақырыбындағы 

әдеби танымдық кеш оздырылды.

Кештің  мақсаты –Ұлы Отан соғысының 

отты  жылдарында  ер  –азаматтармен  бірге 

қолына  қару  алып,  жаумен  шайқасып, 

ерен  ерлік  көрсеткен  аналарымыздың 

ерлігін жас ұрпақтың бойына дарыта білу, 

сол  арқылы  олардың  патриоттық  сезімін 

арттыру.  Соның  ішінде  біздің  өлкемізден 

қанды соғысқа қатысып, елге аман оралған 

ардагер аналардың ерлігі мен батылдығын 

жас  ұрпаққа  насихаттау,  үлкен  мереке 

қарсаңында құрмет көрсету. 

Кешке Ұлы Отан соғысының ардагерлері: 

Губанова  Лидия  Игнатьевна,    Митрохина 

Алевтина Тимофеевна, Ермекова Қаламсия, 

Зайнулина  Рабиға,  журналист,    «Жайық 

ұстазы»  газетінің  бас  редакторы,  «Нұр 

апасы  Жайықтың»  кітабының  авторы 

Ақмаржан  Таубаева,  ҰОС  партизаны, 

марқұм  Нұрғаным  Байсейтіваның  келіні 

Иманғалиева 

Орынтай 

Махмудқызы, Мәншүк Мәметова атындағы 

мұражай  директоры  Бектенова  Светлана 

Саржанқызы  қатысып,  Батыс  Қазақстан 

гуманитарлық 

университетінің 

аға 

оқытушысы, тарих ғылымының кандидаты 



Боранбаева 

Бақтылы 


Сансызбайқызы 

қатысып, жиналған жас ұрпаққа естеліктері 

мен тағылымды әңгімелерін айтты. Әскери 

гарнизонның  қызметкерлері,  жоғары  және 

арнаулы  оқу  орындарының  студенттері, 

№27 мектеп  - гимназиясының оқушылары 

қатысты.

Елімізде  қайғы-қасірет  жүректерге 

жазылмас  жара  салған  соғысқа  Ақ  Жайық 

өңірінен  76625  мың  адам  аттанды.  Олар 

майдан  даласында  ерліктің  не  бір  ғажап 

үлгілерін  көрсетті.  36548  жерлесіміз  қан 

майданнан оралмады, атамекеннен бір уыс 

топырақ  бұйырмай,  жат  жерде  жерленді. 

Солардың  қатарында  ерлігі  аңызға 

айналған  халқымыздың  батыр  қыздары, 

жерлесіміз 

Мәншүк 


Мәметованың, 

мерген  қыз  Әлия  Молдағұлованың, 

ержүрек  ұшқыш,  «қанатты  қыз»  Хиуаз 

Доспанованың,  қазақтың  партизан  қызы, 

жерлесіміз Нұрғаным 

Б а й с е й і т о в а н ы ң 

есімі  айырықша  атап 

өтіліп,  ерліктері  еске 

алынды. 

Б о р а н б а е в а 

Б а қ т ы л ы 

С а н с ы з б а й қ ы з ы 

біз  біле  бермейтін 

қаншама 


жерлес 

апалардың  соғысқа 

қатысқаны  жөнінде 

бейне 


жазбамен  

деректер көрсетті.   

Елге  аман-есен 

оралған 


ардагер 

апаларымыз  сол бір 

күндерді  еске  алып, 

енді  соғыс  болмай, 

ж а с т а р ы м ы з д ы ң 

болашағы  жарқын, 

елде 

бейбітшілік, 



тұрақтылық,  бірлік 

болсын 


деген 

тілеулерін тіледі.

Кеш  барысында  осы  аяулы  батыр 

қыздарымыздың  майданнан  жолдаған 

хаттары 

мен 


монологтары, 

белгілі 


ақын-жазушылардың  өлеңдері  оқылып,  

патриоттық 

әндер 

шырқалды. 



Бұл 

ретте  батыр  апалар  бейнесін  сомдаған 

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық 

колледж 


студенттерінің 

өнеріне 


жиналғандар тәнті болды  

Кешке  Орал  қалалық  мәдениет  және 

тілдерді  дамыту  бөлімі  демеулік  көрсетіп, 

қонақтарға сыйлықтар  мен гүл шоқтарын 

тапсырды.

Облыстық  кітапхана  директоры  осы 

шараны  қорытындылай  келе,  облыстық 

балалар  кітапханасы  директорына  Ұлы 

Жеңістің  70  жылдығына  арналған  «70 

ізгілікті  іс»  акциясы  аясындағы  «Ізгілік 

эстафетасын» табыс етті

Зәру Жонисова,

Ж.Молдағалиев атындағы 

әмбебап ғылыми кітапханасының 

кітапханашысы

8-наурыз - Халықаралық әйелдер 

күні қарсаңында Мәншүк Мәметова 

мемориалдық музейінде “Олардың 

есімі мәңгілік” атты шара өткізілді. 

Шара  қазақтың  батыр  қыздары 

Мәншүк,  Әлия,  Хиуаз  апаларға 

арналды.


Шара 

қонақтары 

ретінде 

ҰОС  ардагері,  “Фронтовичка” 

клубының 

мүшесі 


Губанова 

Лидия  Игнатьевна,  “Ару  аналар” 

клубының жетекшісі, еңбек ардагері 

Саржанова Клара Бақтығалиқызы, 

батыр қыздар туралы қалам тербеп 

жүрген  журналист  Ақмаржан 

Таубаева 

шақырылып, 

олар 

шараға  қатысушы  жас  ұрпаққа 



тағылымды  әңгімелерін  айтты. 

Бұл шараға қатысып, өздерінің ән-

жырын қонақтарға арнаған, апалар 

әңгімесін  ықыласпен  тыңдаған 

Орал  газ,  мұнай  және  салалық 

технологиялар  колледжінің  І  курс 

студенттері  батыр  апалар  туралы 

мол  мағлұмат  алды,  танымдық 

кешті жүргізушілер де, кешті ашып 

сөз  сөйлеген  музей  директоры 

Светлана Бектенова да ұрпақ үшін 

қажетті бұл шараға аса мән беріп, 

мазмұн қоса түсті.

Осы  шарада  ойға  оралған 

төмендегі  шумақтарды  батыр 

апаларға 

тағзым 

ретінде 


ұсынамын:

Нарынқұм менен Қобданың,

Жайқалған қызғалдақтары.

Қаймықпай Отан қорғадың,

Елемей ызғар, дақ барын.

Қыз Мәншүк, балғын Әлия – 

Жаны пәк, батыр аруым.

Ұрпаққа атың жария,

Халқымның мәңгі дәруі.

Біріңді бірің көрместен,

Атандың батыр қос шынар.

Жүректе алау сөнбестен,

Ескерткіш болып тұрсыңдар.

Бел буып қайран ел үшін,

Кесілген қара бұрымдар.

Қос батыр, құрыш ескерткіш,

Айтатын Сізге сырым бар.

Жайықтан қанат қаққандар,

Ерліктің отын жаққандар!

Қанатты қызы қазақтың,

Хиуаздай батыр апам бар.

Қаһарман қыздар тобына,

Қапысыз қосқан қазағы.

Соғыстан тірі қайтса да,

Аз болмапты ғой азабы.

Сап түзеп қатар үшеуің,

Ерліктің сырын шертерсің.

Ескерткіш болып Жайықта,

Ғасырдан ғасыр жетерсің.

Жайық пен Қобда бойынан,

Дүр етіп ұшқан кептерлер.

Қайсарлық тұнған ойында,

Намыс боп жанып кеткендер.

Ақмаржан Таубаева

Олардың 

есімі мәңгілік

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ



1941-1945 

ж

.

ж

. Ұлы ОтАН СОҒыСы:

тарих тағылымдары және жаңаша көзқарас

2015 жылдың 26 ақпаны күні Батыс 

Қазақстан  инженерлік-гуманитарлық 

университетінің  гуманитарлық  ака-

демиясында “1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан 

соғысы: тарих тағылымы және жаңаша 

пайымдаулар”  атты  республикалық 

ғылыми-практикалық 

конференция 

оздырылды.

Конференция  Бауыржан  Момыш-

ұлының өз даусымен айтылған соғыс, 

Отан  қорғау  туралы  монологын 

тыңдаудан,  шағын  фильм  көруден 

басталды.

Бұл 


конференция 

жұмысын 


ф.ғ.д.,  Батыс  Қазақстан  инженерлік-

гуманитарлық 

университетінің 

проректоры, 

профессор 

Мұрат 


Бөкенбайұлы Сабыр жүргізіп отырды. 

Конференцияға 

қатысушыларға 

“Қош    келдіңіз”  деп,  жиынды  ашқан 

университеттің 

гуманитарлық 

академиясының  директоры,  химия 

ғылымының  кандидаты,  профессор 

Баян  Сабырқызы  Жұмақаева  еліміз 

үшін  Ұлы  Жеңістің  маңызы  туралы 

айтып өтті.

Конференцияға арнайы шақырылған 

Ұлы  Отан  соғысының  ардагері, 

М.Өтемісов  атындағы  БҚМУ-інде 

тарихшы  ғалым-ұстаз  болған  Қалам 

Сүйінішәлиевке  ұрпақтар  алғысын 

жеткізіп, құрмет көрсетілді.

Конференцияда  БҚИГУ  доценті, 

т.ғ.к.  Б.С.Боранбаева  “Ұлы  Отан 

соғысына  қатысқан  батысқазақстандық 

қазақ  қыздары”,  БҚИГУ  доценті, 

т.ғ.д.  Н.Ә.Әділбаева  “Ұлы  Отан 

соғысы:  білім  беру  мен  тәрбиедегі 

ролі мен орны”, БҚИГУ доценті, ф.ғ.к. 

А.Ы.Мамыров  “Соғыс  тақырыбына 

жазылған  шығармалардағы  ұлттық 

болмыс  көріністері”,  С.Сейфуллин 

атындағы  №11  ОДБАҚМИК  мұғалімі 

А.С.Әлмұханов  “Ұлы  Отан  соғысы 

тақырыбының  мектептерде  оқытылу 

мәселелері” 

туралы 


мазмұнды 

баяндамалар жасады.

Конференция 

қонағы, 


ҰОС 

ардагері, тарихшы ғалым, ұстаз Қалам 

Жұмашұлы:  “Өмірдің  ұзақ  кезеңін 

бастан  кешірдім.  “Тарихты  қалай 

түсіндіріп  жатыр  екен?”  деген  ой  жиі 

мазалайтын.  Бүгін  түсінгенім:  біздің 

тарихшылар өте дұрыс жеткізуде екен. 

Әсіресе  ҰОС-ндағы  қыздар  туралы 

баяндама  керемет,  тек  солардың 

ұрпақтарын  қосып  жазса  деген  тілек 

бар. 

Патриоттық сезім қашан да өсіреді. 



Егемен  ел  ұрпақтарына  аса  қажет 

осындай  шаралар  қатары  көбейе 

бергей!”  -  деген  тілегін  білдіріп,  ІІ 

дүниежүзілік  соғыс  туралы,  ондағы 

қорғанушылық 

бағыты 


жөнінде, 

қазақи  патриотизм  хақында  келелі  ой 

толғады.

Конференцияға  арнайы  келген 

Ақтөбе  мемлекеттік  университетінің 

оқытушысы 

Жазира 

Жарасқызы 



конференцияның  тарихи,  танымдық 

мән-мазмұны  мен  жас  ұрпақ  үшін 

берер  мол  тағылымына  тоқталып,  өз 

алғысын білдірді.



Түйін: 

Әлмұханов 

Асқар 



“Қазақстан тарихында” ҰОС тақырыбы 



қалай оқытылуда дегенде, мазалайтын 

сұрақтар  баршылық.  М.Қозыбаев 

оқулығы  бойынша  еш  кіріспесіз, 

ұжымдастыру  кезеңінен  соң  бірден 

Ұлы Отан соғысына тоқталамыз. Неге 

қатыстық,  кімді  қорғадық,  ролімізді 

анықтау  керек.  “Түркістан  легионы” 

туралы ештеңе айтылмауы, “Партизан 

соғысы” туралы тек екі жол сөйлеммен 

шектелу ойлантады. Түсініксіз сөздер 

көп болған соң терминдер глоссарийін 

де  беру  қажет.  Соғыстың  қасірет 

екендігі ашық көрсетілуі қажет. Бүркіт 

Аяған мен Меңдіғаным Шаймарданова 

оқулығы тиімдірек деген пікірдемін.

Ақмаржан Бақытқызы,

Орал қаласы

« А р у л а р

о т т ыж ы л д а рд а »


Мақсаты:  Ұлы  Отан  соғысында  ерлікпен 

қаза  тапқан  Абдолла  Жұмағалиевтің  өмірі  мен 

шығармашылығын кеңінен таныту.Оқушылардың 

шығармашылық  қабілетін  дамытып,  ойын  еркін 

жеткізе  білуге  баулу,  қосымша  материалдармен 

жұмыс  жасауға  дағдыландыру,  мәнерлеп  оқу 

қабілетін ұштау. Отансүйгіштікке, поэзияны сүюге 

тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: пресс-конференция сабағы.

Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, мәнерлеп оқу.

Көрнекілігі:  ақын  портреті,  бүктемелер, 

кітаптар  көрмесі,  конференцияға  қатысушы 

қонақтардың аты-жөні жазылған тақтайшалар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.

Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Биыл Ұлы Жеңіске 

70  жыл.  Осы  атаулы  күнді  жақындату  үшін 

қаншама  боздақтар  майдан  даласында  шейіт 

болды. Осындай боздақтардың бірі - жерлес ақын, 

майдан  даласында  ерлікпен  көз  жұмған  Абдолла 

Жұмағалиевтің биыл 100 жылдығы.

Күле кірдім  дүниеге,

Күлуменен өтемін.

Сұлуым - өмір, тіршілік,

Сүюменен  өтемін,-  деп  Абдолла  ақын  өзі 

жырлағандай, ол кеудесі арманға толы, өмірді жан-

тәнімен  сүйген  сыршыл,  лирик  ақын  еді.  Ақын 

көзі  тірісінде  тынбай  жазып,  артына  мол  мұра 

қалдырып кетті.

Біреулер  «Мың рет басып, бір шөп жапырмай» 

елеусіз  өтсе,  енді  біреулер  аз  ғұмырында 

француздың  ұлы  жазушысы  В.Гюго  айтқандай  : 

«Өзіне  арналар    ескерткіш  тұғырын  өз  қолымен 

тұрғызып»,  сол  тұғырда  мәңгі  өшпес  алаудай  

жарқырап  тұрады.  Ақын  Абдолла    да  мәңгілік 

алауға айналып, ұрпақ есінде мәңгі сақталды.

Ақын бір өлеңінде: 

Анам жырмен тербеген бесігімді,

Жырмен жазам тарихқа есімімді.

Жылдар жылжып өтсе де талай ұрпақ,

Өз жырыммен қағар кеп есігімді,- деген екен. 

Бүгінгі  пресс-конференция  сабағымыз  ұрпақтар 

атынан  Абдолла  шығармашылығына  арналмақ. 

Бұл  кешке  қонақтарымыз  келіп  отыр.  Ортадағы 

қонақтарды таныстыру.

1.  Абдолла  Жұмағалиевтің  інісі  Шайдолла 

Жұмағалиевтің өкілі (алдында «Ш.Жұмағалиевтің 

өкілі» деген тақтайша)

2.  Абдолла  Жұмағалиевтің    ұстазы  Қажым 

Жұмалиевтің  өкілі  (алдында  «Қ.Жұмалиевтің 

өкілі» деген тақтайша)

3. Ақынның досы Қалижан Бекқожиннің өкілі 

(алдында «Қ.Бекқожиннің өкілі» деген тақтайша)

4.  Қаламдас  досы  Дмитрий  Снегиннің  өкілі 

(алдында « Д.Снегиннің өкілі» деген тақтайша)

5.  Абдолланың  қарулас  әрі  қаламдас 

досы  Қасым  Аманжоловтың  өкілі  (алдында 

«Қ.Аманжоловтың өкілі» деген тақтайша)

Журналист:  Бірінші  сөзді  ақынның  інісі 

Шайдолла Жұмағалиевтің өкіліне берсек.

-  Біз  Абдолла  екеуміз  бұрынғы  Жымпиты 

ауданының  Қоңыр  елді  мекеніне  қарасты 

Былқылдақ деген жерде туып өстік. Абдолла 1915 

жылдың  26  ақпаныныда  дүниеге  келді.  Жосалы 

ауылдық  бастауыш  мектебін  аяқтады.  Кейін 

Жымпитының  7  жылдық  мектебін    бітірді.  1932 

жылы ашылған Орал педагогикалық институтында 

оқыды.  Соңғы  курсын  Алматыдағы    Қаз  ПИ-де 

жалғастырды.  1938-39  жылдары  Қызылордадағы 

сауда  техникумында  оқытушы  болды.  1939-41 

жылдары  Қазақ  мемлекеттік  көркем  әдебиет 

баспасында редакторлық  қызмет атқарды. Ағамыз 

сол  кездері  көп  өлеңдер  жазып,  баспасөз  бетіне 

жариялаған.



Журналист:  Ақын  аға  соғысқа  қашан  және 

қай  жерден  аттанып  еді?  Жүз  жасаған  бәйтерек 

бабамыз Жамбыл мен күш атасы Қажымұқаннан 

бата алып, 1941 жылдың шілдесінде бейбіт өмір 

өрісін аяқтап, соғысқа   Алматыдан аттанғаан.

Сарапшы: Шайдолла ағаның өкілі бізге ақын 

өмірінің бір қырын ашып берді. Көп рахмет! Келесі 

сөзді Қажым Жұмалиевтің өкіліне береміз.

Журналист:  Сіз  Абдолла  Жұмағалиевпен 

қалай таныстыңыз?

-  Абай  атындағы    Қазақ  мемлекеттік 

педагогикалық  институтын  бітірісімен  Қазақстан 

Халық  ағарту  министрлігі  мені  Оралда  жаңа 

ашылайын  деп  жатқан  педагогикалық  инстиутқа 

оқытушы қылып жіберді. Бұл 1932 жыл болатын. 

Сол жылы Абдолла да Жымпиты ауданынан келіп, 

осы институқа оқуға түсті. Әдебиет факультетінің 

қазақ  бөліміне  түскен  30  шақты  баланың  бірі 

Абдолла  оқу  басталып,  біраз  күн  өткеннен  кейін 

маған өзі келіп танысты.



Журналист: Институтта оқып жүргенде  ақын 

аға қандай қасиетімен көзге түсті?

-Оның  бойында  ақындық  қана  емес,  сахна 

өнерпаздарының да қабілеті мол болатын. Өлеңді 

нақышына келтіре әсерлі оқитын.

Журналист:  Абдолланың  бір  өлеңін  оқып 

берсеңіз.

Адам жолы алыс жол,

Күлермін де жылармын.

Гүлмен ойнап ерінбей,

Талай базар құрармын.

Күндер де өтер, түн  өтер,

Айлар да өтер асығып.

Жылдар да өтер жылыстап,

Жабар бетін жасырып.



Сарапшы:  Абдолла аға сөз жоқ, өлмес талант 

иесі.


Ақын шіркін ақын ба?

Даусы егер жетпесе,

Ғасырлардан  ғасырға,-деп  ақын  ағамыз  өзі 

жырлағандай,ақынның  ақындығы-  өлеңдерінің 

өміршеңдігінде.Әңгімеңізге рахмет!

Келесі  сөз  кезегі  ақынның  досы  Қалижан 

Бекқожиннің өкіліне беріледі.

-  Абдолла  біздің  арамызда  өзгеше  болуға 

талаптанды.  Ол  поэзияны  ерекше  қадір 

тұтып,өлеңдерінде сыршылдықты, сезімталдықты 

мұрат етті. Бізбен сырласқанда ол: - «Поэзия музыка 

сияқты  нәзік  үнді  болса  екен,  поэзияда  сезім, 

бейне, үндестік басым болса екен, өлең жүректің 

үнімен  үндессін»,-деп  толғанатын.  Өлеңдерін 

«болмасаң  да  ұқсап  бақ»  деп,  «поэзиямыздың 

күн  шуақты  асқар  биігі»  Абайға  еліктеп  жазды.

Ақынның «Келер ұрпаққа» деген өлеңінен үзінді 

оқып берейін.

Өлсем ұмыт болмай ма дүние деген,

Мәңгі айырылысып қалмай ма о да мүлдем.

Жанжал, шумен алысқан қайран басым,

Бір қуыста қалмай ма үңгірлеген,

Айтар сөз кетерде тек жалғыз ғана.

Мынау-ақ түскен мөрдей бұл қағазға,

Өтті ластап демеңіз жүрген жолын.

Келер күн, келер ұрпақ заманаға.



Сарапшы:    Әңгімеңізге  рахмет!  Келесі  сөз 

кезегі ақынның қаламдас досы Дмитрий  Снегиннің 

өкіліне беріледі.

-Абдолла  өзінің  бүкіл  табиғатымен  ақиық 

арман, нәзік те асқақ жыр үшін жаратылған адам 

еді. Ол бойға шағындау, шыбықтай сындарлы, аса 

ширақ,  көз  аумағы  шеңберлі  де  дөңгелек,  отты 

қарашығы мөп-мөлдір, келбетті жігіт болатын. Ол 

қазақ әдебиетіне кейінірек келе тұра, болашағынан 

үлкен үміт күттірер деректі ақын ретінде бірден-

ақ  көзге  ілігеді.  Абдолла  өлеңдерінде  баттасқан 

бояудан гөрі  мазасыз ой, ізденіс, өзгеше толғаныс, 

тебіреніс көп болатын. Сол бір беймаза тебіреніс 

Абдолланы қазақ ақындарынан даралап көрсетер 

еді. 

Журналист:  Сіз  Абдолламен  соғыс  кезінде 

кездестіңіз бе? Москва маңындағы деревнялардың 

бірінде  атқыштар  батальонына  келе  жатқан 

сәтте  Абдолламен    кездестім.  Жақындай  түсіп, 

құшағымды аша бердім. Ол батальон штабының 

кезекшісі екенін ескертті. Оған да қараған жоқпын. 

Құшағыма алып, қаусыра құштым.

- Ау, бұған дейін қалай кездеспегенбіз?

- Сен зеңбірекші, мен жаяу, сен командир, мен 

жауынгер  ғанамын,  шалғайлығын  аңғардың  ба, 

достым-ау  осы  екі  араның»,-деп  Абдолла  маған  

осы сөзді тақпақтап орыс тілінде жеткізді. Маған ол 

қазақ өлеңін жалма-жан орысшаға аударып тұрған 

тәрізденді. Ол орысшаға жетік еді. Лермонтовтың 

«Литва қызын», Байронның «Шильон тұтқынын» 

орысшадан  қазақшаға  аударып,  ел  ықыласына 

бөленді. 

Сарапшы:  Ақынның  қарулас  әрі  қаламдас 

досы  Дмитрий  Снегиннің  сөзінен  біраз  жайға 

қанықтық. Әңгімеңізге рахмет!

Поэзия минуты. Ақынның өлеңдері оқылады.



Сарапшы:  Келесі  сөз  кезегі  Қасым 

Аманжоловтың өкіліне ұсынылады.



Журналист: Абдоллаға арналған «Ақын өлімі 

туралы аңыз» поэмасы қалай дүниеге келді?

-  Ұлы  Отан  соғысы  жүріп  жатқан  кез. 

Абдолланың  ерлігін  соғыс  даласында  жүріп 

естідім.  1942  жылдың  26  қазан  күні  лейтенант 

Григорьевтің  ротасы  Москва  түбіндегі  бір 

деревняны  тастап,  шегіне  бастайды.  Елеусіз  бір 

үйге үш жауынгер қалдырылады. Біреуі -Абдолла. 

Жауынгерлерге берілген тапсырма біздің әскерлер 

шегінгенше,  жаудың  жолын  бөгеу  болатын.  Жау 

қаптап келеді. Қасындағы жолдастары «шегінелік» 

дейді.  Абдолла  шегінуді  ойламай,  жауға  тістене 

оқ жаудырады. Ала алмасын білген жау үйге өрт 

қояды.  Албырт  та  аяулы  ақын  сол  өрттің  ішінде 

өзі де жанып кетеді. Бұл оқиға маған қатты әсер 

етті.  Ақынға  арналған  поэмамды  окопта  отырып 

жаздым.

Сарапшы:  Ақынның  өмірі  бар  болғаны  27 

жасында  қиылып,  өшпес,  өлмес  ерліктің  үлгісін 

көрсетті. Айтақын ақынның мына сөзі Абдоллаға 

арналғандай:

Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай,

От боп жанып өтіп кеткен ақынға 

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай.

Ақын  мұрасы  өшпейді,  мәңгі  жасайды  деп 

айта аламыз.Оны жазған ақын да өлмейді. Асыл 

қазынасын, асқан ерлігін дәріптеп, келер ұрпаққа 

жеткізу- біздің қасиетті борышымыз. 



Хорлан Нұрмұханова,

БҚО дарынды балаларға арналған 

қазақ-түрік мамандандырылған 

мектеп-лицей интернатының мұғалімі



Т а б иға

т қ а        

қ а м қор

л ы қ ”

 

2

Жайық ұстазы

19 наурыз, 2015 ж.

Абдолла - өшпес ерлік, 

өлмес талант иесі

Сабақ мақсаты:  Оқушыларды табиғатқа 

қамқорлық  жасауға  үйрете  отырып,  қиянат 

жасамау құндылығын ұғындыру. 

Міндеттері:  Білімділік:  Оқушыларға 

табиғатқа  қамқорлықтың  -  қиянат  жасамау 

екендігін 

ұғындыру. 



Дамытушылық: 

Оқушылардың 

бойында 

сүйіспеншілік, 

қамқорлық  қасиеттерін  дамыту.  Тәрбиелік: 

Оқушыларды айнала қоршаған ортаға қамқор 

болуға тәрбиелеу. 

Ресурстар: 

(құралдар, 

мәлiметтер 

күнделік, дәптер, пенал, бейджик, қалам 



Сабақ барысы:  Ұйымдастыру кезеңi. 

Оқушылардың 

құрал-жабдықтарын 

түгендеу. 5 «Т» ұстанымын еске түсіру. 

1. Тәртіп          4. Тазалық

2. Талап           5. Татулық

3. Тыныштық 

Тыныштық сәтi: «Орманға ойша серуен» 

(Ескерту:  егер  бұл  сабақ  ашық  алаңда 

өткізілсе,  онда  серуенді  сыныпта  емес, 

бақтағы бір орыннан бастау керек). 



Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. 

Көзіңізді  жұмып,  терең  тыныс  алыңыз. 

Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек 

босаңсып,  сабырлы  болуға  тырысыңыз. 

Қазір  біз  орманға  серуенге  шығамыз. 

Өзіңіздің  сынып  есігіне  қарай  беттеп, 

есікті  ашқаныңызды,  дәлізбен  өтіп,  далаға 

шыққаныңызды  елестетіңіз.  Таза  ауаны 

жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және 

бетіңізді  сәл-пәл  қыздырған  күн  сәулесін 

сезініңіз.  Орманға  қарай  жүре  бастаңыз. 

Келе  жатқанда  абай  болыңыз,  жәндіктерді 

басып  кетпеңіз.  Бір  минут  тоқтап  айналаға 

көз  салыңыз.  Табиғаттың  әсемдігі  мен 

балғындығын  сезініңіз.  Гүлдердің  біріне 

жақындап,  еңкейіп,  оның  нәзіктігі  мен 

жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және 

хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені 

бақылап,  ары  қарай  жүре  беріңіз.  Гүлдер, 

гүлдер  мен  ағаштардың  иісі,  құстардың 

дауысы  және  жәндіктердің  ызыңы.  Орманға 

ендей  түсіңіз,  қараңызшы,  ағаштар  биіктей 

әрі  қалыңдай  түсті.  Жарық  пен  көлеңкенің 

ойынын 


қызықтаңыз, 

жапырақтардың 

сыбдырын  тыңдаңыз.  Біз  өзімізді  орманда 

бақытты  әрі  қауіпсіз  сезінеміз.  Алаңқайға 

шығып,  осында  бірнеше  минут  демалыңыз. 

Түбіне  барып  отырғыңыз  келетін  ағашты 

таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен 

құшақтаңыз.  Оның  қуаттылығын  сезініңіз, 

ондағы  өмір  қуатын  сезінуге  және  ұғынуға 

тырысыңыз.  Енді  оның  діңіне  арқаңызды 

сүйеп  отырыңыз.  Көзіңізді  жұмыңыз,  терең 

тыныс  алыңыз  және  қоршаған  айналаның 

жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы 

жерде  мұғалім  1-2  минут  үзіліс  жасауына 

болады). 

Бізге  қалайша  жеңіл  әрі  тыныш  және 

бақытты  сезіну  қандай.  Табиғат  неткен 

ғажап,  оны  қалайша  сүйетінімізді  бен 

қадірлейтінімізді, бірде-бір тірі жәндікке зиян 

тигізбес  үшін  қамқорлық  жасауды  түсінеміз. 

Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген 

уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. 

Ал  қазір  мектепке  қайтуға  дайындалыңыз. 

Орныңыздан  тұрып,  айналаға  тағы  бір  көз 

қырын  салыңыз.  Келген  жолыңызбен  кері 

қайтыңыз,  жолыңыздағы  жәндіктерді  басып 

кетпеңіз.  Міне,  мектептің  алдына  да  келдік. 

Айналаңызға  тағы  бір  қараңыз,  таза  ауаны 

терең  жұтыңыз,  есікті  ашып,  өз  орныңызға 

қайтып 


келіңіз. 

Осы 


жым-жырттық, 

тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. 

Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! 

Дәйексөз.  «Табиғатсыз  адамдардың  күні 

жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ». 

Р.Сәтімбеков 

1. Дәйексөзді оқыту. 

2.Дәйексөздің 

мағынасын 

қалай 


түсінеcіңдер? 

3. Дәйексөзді дәптерге жаздыру 

4. Қорытынды 

4. Әңгiмелеу. 

Үзілген гүл. Кеңес Оразбекұлы 

Бүгін  Жамал  апай  табиғат  туралы,  оның 

адамзат үшін маңызы жөнінде әңгімелеген. 

Г ү л м і н е з 

сабақтан  келе  салысымен, 

асханадан  пышақ  пен  шыны  ыдыс 

алып, үй сыртындағы қыратқа шығып кетті. 

Біраздан  кейін  жүзі  гүл-гүл  жайнап, 

қайтып  оралды.  Қолындағы  шыны  ыдысқа 

қырдың  ақ  гүлдерін  толтырып  жинаған  еді. 

Оларды  бақша  ішіндегі  гүл  егетін  алаңға 

отырғыза бастады. 

Осы  кезде  үйден  шешесі  шықты.  Қызын 

бақша ішінде көрді де, жанына келді. 

- Қарашы, апа. Мына әдемі бәйшешектерді 

адырдан  қазып  алдым.  Біздің  Жамал  апай 

айтты: «Табиғатты қорғау керек» деп... 

-  Сен  оларды  қорғаудың  орнына,  өсіп 

тұрған жерінен үзіп әкелдің ғой. 

-  Иә,  міне,  қарасайшы,  тамырлары  бар. 

Қайтадан отырғызып жатырмын. Мен бұларға 

күнде су құйып күтетін болам. Әйтпесе, далада 

оларға ешкім қарамайды. Жазға жетпей қурап 

қалатыны содан... 

Шешесі  мырс  етіп  күліп  жіберді  де,  іле 

салмақты күйге ауысып: 

-  Сен  дұрыс  жасамадың,  Гүлмінез,-  деді. 

–Табиғатта  не  нәрсенің  болса  да  өз  орны, 

заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер – көктемнің 

хабаршысы.  Ерте  гүлдейтіні  де  содан.  Бұлар 

қурағанымен,  орнын  басқа  гүлдер  басады. 

Сонысымен  де  адамға  қымбат.  Мына  гүлдер 

қай  жерде  гүлдесе,  сол  жерде  ұрық  шашып, 

ендігі жылы тағы өніп шығар еді. Ал сен оларды 

білместікпен  зорлап  әкелдің.  Егер  Жамал 

апайыңнан  «Табиғатты  қалай  қорғаймыз?» 

деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді. 

Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. 

Шешесі қызының шашынан сипап: 

- Бұларды енді осы орнынан қозғамай-ақ 

қой. Екінші рет қателік жасамауға тырыс. Жүр 

үйге, тамақ суып қалады, -деді. 

Гүлмінез ілбіп басып шешесінің соңынан 

ерді.  Сөйтсе  де  оның  санасында  «Табиғатты 

қалай қорғаймыз?» деген сауал жаңғырықтай 

қайталанғандай болды. Осыны келесі сабақта 

апайынан сұрап алуға бекінді. 

Мәтін бойынша сұрақтар қою: 

1.  Гүлмінез  неліктен  бәйшешекті  үзіп 

әкеліп, үйінің маңына отырғызды? 

2.  Гүлмінездің  әрекетіне  анасы  қалай 

жауап берді? 

3. Гүлмінездің іс- әрекеті туралы не айтуға 

болады? 


4.  Анасының  «табиғаттың  өз  орны, 

заңдылығы бар»деген сөзін қалай түсіндіруге 

болады? Мысал келтіріңдер 

5. 


Гүлмінездің 

«Табиғатты 

қалай 

қорғаймыз?»  деген  сұрағына  қалай  жауап 



берер едіңдер? 

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 

Оқушыларды 4 топқа бөлу (шаңырақ әдісі 

бойынша)  .Оқушылармен  табиғат  туралы 

диалогтік әңгіме құру.

Топпен ән айту. 

Ертегілер әлемі. АйгерімҚалаубаева 

Ғажайып түс көрдім, 

Таң ата мен бүгін, 

Ертегі әлемнің қызығында жүрдім, 

Нұрына шомылдым бүгін. 

Жұлдыз, айы көркем, 

Әдемі еді неткен, 

Құстары сөйлейді, 

Бұлттары тербейді

Мен оянып кеттім, әттең! 

Қ/сы: 


Ертегілер, ертегілер, 

Неге мені ертпедіңдер, 

Әлемдеріңнің ғажап күйін 

                         шертпедіңдер сендер? 

Ертегілер, ертегілер, 

Неге мені ертпедіңдер, 

Әлемдеріңнің ғажап күйін 

                         шертпедіңдер сендер? 



Гүл тердім бұлттардан, 

Әр гүлде бір арман, 

Таусылмайтын тәтті, 

Сый әкеліп жатты 

Жан біткеннің бәрі маған. 

Үй тапсырмасы. 

1.  Оқулықтың  133-бетіндегі  Э.Шимнің 

«Көктем иісі» мәтінін оқып келу. 

2.  «Табиғатты  қорғайық!»  тақырыбында 

жоба әзірлеу. 

Соңғы тыныштық сәтi. 

- Ал, енді балалар,бір минут тыныштықта 

бүгінгі  сабақта  үйренген  жақсы  қасиеттерді 

еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет