Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)


  Қаңлы Қуат батыр (т.ж. – ө.ж.белгісіз)



Pdf көрінісі
бет16/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
 


 
55 
Қаңлы Қуат батыр (т.ж. – ө.ж.белгісіз) 
 
Адамзаттың баласы 
Атадан алтау тумас па? 
Атадан алтау туғанмен, 
Оның ішінде біреуі арыстан болмас па?! 
Арыстанның барында 
Жорғасы болса мінісіп, 
Торқасы болса киісіп, 
Толғамалы қамшы алып, 
Толағай да толғай дәурен сүрмес пе?! 
 
Бұқар жырау 
 
Қазақтың  жер  тұтастығын,  ел  азаттығын  қорғап,  қантөгіс  жорықтарда  бел 
шешпей  ат  үстінде  күн  кешкен,  туған  өлкесін  ұрпағына  мирас  етіп  қалдырған, 
есімі  атадан  балаға,  ұрпақтан-ұрпаққа  аңыз,  шежіре  болып  жеткен  есімі 
мақтанышпен аталатын батыр бабаларымыздың бірі – Қуат батыр. 
Қуат  батырдың  шыққан  тегі  –  Қошқарата  аймағын  мекендеген  қасиетті 
Қаңлы  руының  ұрпағынан.  Кіндік  кесіп  балалық  дәуренін  өткізген  жері  – 
Үлкентұра  мен  Кішітұра  арасындағы  Теректі  өзеніне  құятын  жайылманың 
бойындағы шпғын ауыл болатын. 
Бұл;  жері  сулы,  қамыс,  қоғасы  нулы,  жазы  салқын  аймаққа  Аса  өзенінің 
төменгі  сағасының  келіп  қоныс  тепкен  Найман  руының  Садыр  аталығынан 
тарайтын Жомарт батыры өзінің өз алдына енші алыспаған тоғыз ұлымен қатар 
жайлайтын.  Қуат  сол  Жомарт  батырдың  ұлы  Тынышбаймен  түйдей  құрдас,  әрі 
дос  болды.  Сол  Тынышбай  құрдасы  кейін  жігіт  бола  Қуаттың  туған  қарындасы 
Күнайымға үйленеді.  
Қаратаудың  қойнынан  аққан  сансыз  бұлақтың  қайнарынан  арда  еміп  өскен 
Қуат  Жомарт  батырдың  «тоғыз  бөлтірігі»  атанған  жаужүрек  балаларымен  біте 
қайнасып бірге өседі. Жомарт батырдың туған баласындай болып жортуылдарда 
бірге  жортар  сенімді  серігіне  айналады.  Жаугершілік  заманның  жан  алқымға 
тақалған  кездегі  Қарақұмдағы  құрылтайға,  Ханбадтағы  жиынға,  Түркістан, 
Отырардағы,  Күлтөбедегі  келелі  кеңестерге  Қуат-  Жомарт  батырмен  үзеңгілес 
болып бірге барды. 
Қуат  батыр  бірде  құлан  түзде  ақбөкен  аулап  жүрін  кездейсоқ  төрт  аттыға 
кезігеді.  Олардың  артында  не  серіге,  не  батырға  ұқсамайтын  бәйгекөк  мінген 
біреуді  көреді.  Әлгі  мықтымсынған  немелер  жалғыз  аттыға  менсінбей  оның 
берген сәлеміне де дұрыс жауап қатпады. Бұған жігіттік желіктің қызба намысы 
қозған  Қуат  батыр    атын  лекітіп  барып  лезде  әлгілерді  аударып  тастап,  атын 
жетектеп шыға келеді. Арттағы үзеңгіге шіренген кісі: 
-Әй, құйысқанға қыстырылып жүрген кімсің өзің? Сор түртіп келген бейбақ 
болармысың! – дейді зекіп. Қуат одан қаймықпай: 
-Нығыз сөйлеп, қыр көрсетуіңе қарағанда, көп сұлтанның бірі шығарсың. Ел 
менен қара халықтан ірі емессің. Мен сол көптің өкілімін, тақсыр, - дейді. 


 
56 
-Айтсам, аттан түс те, тізеңді бүк! Кісеңді мойныңа салып, алдымнан өт! 
-Айыбым не? Не бүлдіріппін! – дейді Қуат та қатуланып.  
-Жел  жағымнан  жүрмейтін  тоң  мойын  құл,  нөкерімді  жаяулатып  бұдан 
артық төбемде ойнаймысың! – деп анау ашуға басып, тақымдай берді. 
-Е,  атқа  сен  мінгізіп,  сен  түсіріп  жүр  ме  едің?  Ал  түспедім  қайтесің?  –  деп 
Қуат айылын да жимады. 
-Ұста!  Соқ  мына  итті!  –  деп  әлгі  төрт  нөкеріне  иек  қақты.  Нөкерлер  оны 
ұстап байламаққа ұмтылған кезде Қуат батыр қылышын суырып: 
-Ел арасында телі мен тентек көп еді. Сен солардан да асып түстің, ноқталы 
басқа бір өлім,- деп тұра ұмтылды... 
Қуат  батырдың  аңшылап  жүріп  кездескен  адамы  Тәуке  ханның  ұлы  Болат 
сұлтан болатын. Ол сол күні кешке әкесінің үстіне сұраусыз кіріп Қуаттан көрген 
«қорлығын» шағына айтып, өсіре жеткізген болатын... 
Күлтөбедегі  дуанның  түскі  маслихатында  Тәуке  хан  әдеттен  тыс  ашулы 
көрінді.  Ханның  тұлан  тұта  мінез  танытуына  Болат  сұлтан  себепші  болған.  Ел 
алдында Тәуке хан: 
-Тобылдағы  Сұртай  батыр  бір  емес  бірнеше  бүліктің  басы  болды.  Өзгені 
еліктіріп,  бүтінді  бүлдіріп  бітті.  Беті  бері  қараған  орыс  пен  қазақты 
тоқайластырған бітімді бұзды. Сұртайды осында алдырамын. Айыбына басымен 
жауап береді! Қане батырлар қайсысың барасың? – деп сөзін сұрақпен бітірді. 
Содан соң Жомарт батырға қарап: 
-Сенің  соңыңа  ерген  Қуат  деген  жас  батыр  бар  екен.  Бұл  байламды  соған 
тіредім. Ат-қаруын өзің сайла! – деді. 
-Тақсыр,  өлімге  жұмсардай  Қуаттың  нендей  күнәсі  бар  еді?  Үкіміңізді 
қайтып алыңыз. Мен-ақ барайын, Қуатты бұзбаңыз, - деді Жомарт батыр. 
-Аздырма жұртты! Қуат батыр барады, басқа сөзім жоқ, бітті! – деп тоқтады 
Тәуке хан. 
Тәуке ханның «алып кел»  - деп жұмсап отырғаны Тобылдағ елінің еңіренген 
ері,  халқының  қадірлі  ақыны  Сұртай  болатын.  Жеті  атасынан  бері  жайлап  келе 
жатқан ата жайлауынан айрылып, еріксіз қоныс аударған елінің қорғаны болған 
Сұртайды қарақшы  етіп ханға  жеткізген сондағы  Тілеуқабақ,  Тұрсын  сұлтандар 
болатын.  Олар:  «Орыс  пен  екі  ортада  дау  туғызды,  лаң  шығарды»  -  деп  Тәуке 
ханға жалған шағым жеткізген. 
Хан  жарлығымен  Тобылға  аттанған  Қуат  батыр  мен  Тынышбайдың 
жігіттерімен  бірге  Күлтөбеден  қайтқан  Қазыбек  бидің  отыз  шақты  атты  тобы 
болды.  Қуат  батырлар  Сұртай  ауылына  келгенде  ол  Тілеуқабақтың 
зорлықшыларының  қолынан  тапқан  жарасы  меңдеп  алты  ай  бойы  төсекке 
таңылып, сарытап болып жатқан. Сұртай келген қонағына бар болған жағдайды 
баяндап берді, қабағы жадырап ырзалық білдірді: 
-Қарағым  Қуат,  жас  та  болсаң  білігің  бар  інім  екенсің.  Зарға  құлақ  салар 
пейіліңді ұқтым. Мені қинайтын кішкентай Жоламанның қамы, сен оны өзіңмен 
бірге  ала  кет.  Алыстан,  абройы  асып  Жомарт  батырдың  атағы    маған  да  жетіп 
жатушы еді, балам екеуіңе аманат , - деп соңғы тілегін айтты. 
Қуат  батырдың  келгеніне  үшінші  күн  болғанда  Сұртай  көз  жұмды. 
Түркістанға  оралған  Қуат  батыр  Тәуке  ханға  соғып  шаруасын  бітіріп  кері 


 
57 
қайтқанда  қасында  Жоламан  жүрді.  Жуалының  Теректісінде  отырған  Жомарт 
батырдың аулына келіп Сұртайдың аманатын табыс етті. 
Қуат батырдың Тобылға барған бұл сапары 1717 жыл болатын. Келесі жылы 
яғни, 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болып, орнына Қайып хан отырды. Бірақ ол да 
1718  жылдың  ағында  қайтыс  болып  орнына  Тәукенің  ұлы  Болат  таққа  отырды. 
Осындай жағдайда 1723 жылдың көктемінде жоңғарлар жетпіс мың қолмен қазақ 
жеріне басып кірді. Бүкіл Оңтүстік өңірден айрылған қазақтар Бұхараға, Жем мен 
Жайыққа  Арқаға  қарай  басып  кетті.  Қаратаудың  басынан  көш  келеді  дейтін 
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама басталды. 
Лаузан-Шона  сегіз  жүзге  тарта  жасағымен  Жомарт  батырдың  аулына 
тұтқиылдан шабуыл жасаған кезде Қуат батыр ауылда жоқ болатын. Ол Жомарт 
батырдың әлдебір тапсырмасымен Шыршық басындағы Бөрте батырға жолығуға 
кеткен. 
Аңшылықта жүрген Жоламан ауылдағы жағдайдан бейхабар болатын. Саят 
қызығымен  ауылдан  алыс  тап  кеткен  ол  Жомарт  батырдың  жылқыларын  айдап 
бара  жатқан  жау  шеріктерін  көреді.  Ауылға  жау  шапқанын  сезіп  Сүлікқарасын 
құйындатып  жеткенде  шаң-топалаңға,  көк  түтінге  көмілген  ауылды  жаумен 
арыстанша  айқасып  жүрген  Жомарттарды  көреді.  Сол  сәт  Жомарт  батыр  да 
Жоламанды байқап қалады. 
-Тым  болмаса,  сен  аман  қала  ма  деп  едім  Жоламан!  Неге  ғана  оралдың!  – 
Жоламаным  құлыным!  Құтыл!  Тез  жөнел!  Қуатты!..  Қуат  батырды  табасың... 
қарайлама бізге... Жеткіз еліме... – деп Жомарт батыр айғай салады. 
Атасына  болысқысы  келіп  ұмтыла  берген  Жоламанның  мойнына  бұғалық 
түсіп  аттан  жұлып  түсірді.  Көк  аспан  көк  тегенедей  шыр  айналып  үстіне 
төңкеріліп құлады... 
Тұтқынға түскен Жоламан кейін  жоңғарлардың тұтқынынан қашып шығып 
Қабанбай  батырдың  қолына  қосылады.  Сөйтіп  ол    -  Бөкенбай  батырдың  зеңгі 
серігі,  өкіл  баласы  болады.  Одан,  Қабанбай  қолындағы  жүздікті  басқарып 
Аңырақай шайқасында ерлік көрсетеді. 
Кеш  бата  жолаушылап  оралған  Қуат  батыр  кешегі  ақ  боз  үйлі  еңселі 
ауылдың  дауыл  соққандай  қираған  жұртын  көріп  шошып  кетті.  Күн  ұзын  ат 
тұяғы  жаныштаған  ауылда  жан  жоқ  еді.  Алғашқы  жұлдыз  туа  ауыл  үстінде 
ақырған  боздаған,  аруананың  даусындай  жалғыз  үн  естіледі.  Бұл  құйқаны 
шымырлатар  зарлы  үн  Жомарт  батырдың  үлкен  ұлы  Тынышбектің  келіншегі 
Аршагүлдікі болатын. Жау шауып, шайқас басталған кезде Аршагүл құндақтағы 
сәбиін жейдесімен  орап  жерге  жатқызады. Есік алдындағы тайқазанды төңкеріп 
сәбидің  үстіне  жабады.  Ауа  кіріп  тұрсын  деп  қазанның  жиегін  көтеріп  кесек 
қойып  саңылау  қалдырады.  Сөйтіп  жас  ана  жандәрмен  қалың  қамысты  өзенге 
түсіп жасырынады. 
Ай  көтерілгенде  қамыс  ішінде  қалшылдап  жаураған  Аршагүл  ат  тұяғының 
дүбірін  естиді.  Жақындай  келе  әлгі  ат  дүбірінің  иесі  Қуат  батыр  екенін  танып, 
қамыс арасынан шыға талықсып кетеді. 
Таң  құланиектене  бір  атқа  мінгескен  олар  жау  ойрандаған  ауылдан  ұзай 
береді. Кешегі Садыр руынан тірі қалған  жалғыз  Тасболат  қырқынан шықпаған 
нәресте  анасының  зарына  мұңлық  іңгасын  қосып,  батысқа  қарай  көшкен  елдің 


 
58 
соңынан  кетіп  бара  жатты...  (Бұл  оқиға  С.Сматаевтың  Елім-ай  романының  I-ші 
томында  баяндалады.  Ал  тарихшы  Мұхаметжан  Тынышбаев:  оқиғаны  баяндай 
келе,  «сол  тірі  қалған  Тасболат  біздің  түбірдегі  алтыншы  атамыз,  мен  сол 
Тасболаттан тараймын»  - деп жазады. Садыр руы  опат болған  оқиғаны  жазушы 
Әбіш  Кекілбай  да  өзінің  «Үркер»  романында  жазады.(«Садыр  қамалған» 
қырғыны туралы көзі қарақты оқырман осы тарихи кітаптардан оқып біле жатар. 
Біз Қуат батыр жайлы әңгімені әрі қарай жалғайық) 
Ордабасы  –  Алатаудың  жатқан    жотасындағы  Қаржан  тауынан  бастау 
алатын  Бадам  өзенінің  жағасындағы  Шымкент  шаһарының  батысы,  Арыс 
өзенінің жағасындағы келелі кеңес, жиын, дуан өтетін тарихи мекен. 
1728  жылы  осы  Ордабасыда  бірлік,  еркіндік,  ерлік  аңсаған  елдің  басын 
қосқан, көптен бері болмаған  ерекше серпін, ауызбірлік танытқан жиын болды. 
Бұл  жиынға  Қошқарата  мен  Боралдай  өзендерінің  құйылар  тұсындағы 
Арқарлы тауындағы тоғайлы сайдағы Үлкен Орда қонғаннан Ұлы хан Болат хан, 
одан төрт шақырымдай  қашықтықтағы Кіші Орда  қонғаннан Әбілқайыр келген. 
Жоңғар боданындағы Ұлы жүздің ханы Жолбарыс бұл жиынға келе алған жоқ. 
Хан тобы жетісімен жан-жақтан ұрандаған: «Бұхар!», «Құндыз!», «Тұлпар!» 
-  деген  үш  жүздің  ұрандары  жер  жаңғыртты.  Әр  ру  өз  ұрандарын  айғайлап 
дауылдады. Бұл әруақтанған ұрандар бүкіл қазақтың тұтастығының белгісі еді. 
Батырлардан  келген  Бөкенбай  батыр,  Елшібек  батыр,  Қуат  батыр,  Жәнібек 
батыр,  Аралбай  батыр,  Сайрық  батырлар  топ  алдында  тұрды.  Олардың  ішінде 
Ақтанберді мен Бұқар жыраулар болды. 
Осы үш жүздің үйіріліп,  алты  арыстың  осы  бас қосуында бәрі бір ауыздан 
Әбілқайырды  бас  сардар  етіп  сайлады.  Жиыннан  соң  Әбілқайыр,  Бөкебай, 
Елшібек,  Қуат,  Аралбай,  Сайрық,  Есет,  Дәулен  т.б.  батырлармен  бөлек  кеңес 
өткізді. 
-Ендігі  бет  алыс  –  шығыс.  Жоңғарлардың  қазіргі  хонтайшысы  Қалдан-
Сереннің шеріктері Меркеде, Қайнар, Қызтоғансай, Қорағаты өзендерінің бойына 
бекінген жауға бірінші ұрыс салып, мына біріккен елдің ынтымағын танытайық, - 
деді Әбілқайыр. Бұл шешімге қолбасылар, батырлар, Болат хан да келісімін берді.  
Содан  Ордабасы  жиыннан  соң  Билікөл  маңына  топтасқан  қазақ  қолы  жан-
жақтан  шоқпар  асынып,  найза  ұстаған  жігіттермен  толысып,  дайындалып 
шілденің  ортасында  Әулиеатаға  қарай  бет  алды.  Шаһардың  батыс  тұсынан 
айналып  өтіп,  Таластың  оң  жақ  беткейіне  шығып  Әбілқайыр  Ақыртөбенің 
жанындағы Қосапан деген жерге барып тоқтады. Бұл кезде Қалдан-Сереннің інісі 
де  екі  жарым  түмен  қолын  осы  жердегі  сайдың  қапталына  әкеліптоптастырды. 
Ертеңінде  таң  ата  осы  жерде  қырғын  шайқас  болды.  Екі  жақтан  да  үздіксіз 
атылған қара мылтық, тоқтаусыз тартылған садақ, адам қиқуынан дала дүрлікті. 
Күн талтүске тырмысып екі жақтың да итжығыс халге жеткен шағында сайға 
оң жақ бүйірден тың күш келіп қосылды. Бұл Әбілқайыр сардардың қиын шақта 
майданға қосқан Сайрық батырдың қолы болатын. Қуат пен Дәулен батырлардың 
сарбаздары әбден қалжыраған кезде тың күштің көмегімен қазақтар жағы дендеп 
сала  берді.  Ойраттар  жағы  қаша  ұрыс  салып  жылыстай  берді.  Осы  кезде  оң 
қапталдан  шабылдауға  тиіс  Барақ  сұлтанның  қолы  тайқып  кетті.  Осылайша 
қазақтар қолы қолда тұрған жеңістен айырылып, жауды түбегейлі жойып жібере 


 
59 
алмады. Қазақтардың жеңісіне тағы да көлденең кесір болған қараулық пен орда 
төңірегінің бақастығы болатын. 
Кейін  ел  сол  Әбілқайыр  сардардың  ұрыс  жүргізген  сайын  ұрпаққа  ерлік 
үлгісіндей  етіп  «Әбілқайыр  сайы»-  деп  ,  ал  екінші  Барақ  сұлтанның  сатқындық 
жасаған жерін «Сұм қайтты» (кейін айтыла келе Сұңғайты болып қалыптасқан) – 
деп атап кеткен. Бұл соғыстың тарихта осылай аты қалды. 
Қазақ  жасақтарының  алдында  жоңғарларға  қарсы  азаттық  соғысында 
түбегейлі бетбұрыс әкелген Аңырақай шайқасы күтіп тұрды...  
Қуат батырдың қай жылы қайтыс болып, қай жерде жерленгені туралы дерек 
еш  жерде  жоқ.  Тарихи  еңбектерде  Қуат  батырдың  Түркістан,  Сауран 
қалаларының  түбіндегі,  Ақыртөбе  маңындағы  шайқастарға  қатысқан 
батырлардың  санатында  аты  аталады  да,  оның  жеке  ерлігі,  жекпе-жекке 
шыққандығы  туралы  ештеңе  айтылмайды.  Қазақ  «батыр»  -  деген  атақты  тек 
жекпе-жекте жеңіске жеткен сарбаздарға ғана беретінін ескерсек, ел оны тектен-
текке  батыр  атамағаны  даусыз.  Сондықтан  біз,  әлі  де  болса  бұрынғы  өткен  ел 
қорғаған,  жер қорғаған Қуат батыр сияқты  жауға қарсы  күреске ұйытқы болған 
бабаларымздың  ерлік  істерін,  өнегелі  өсиеттері  туралы  аз  білетінімізді 
мойындағанымыз  абзал.  Оларды  жұртышылыққа  жеткізу,  тарих  төрінен  орын 
беру, қазіргі ұрпақ парызы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет