Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)



Pdf көрінісі
бет7/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
 
 
 
 
 
 


 
22 
Тауасарұлы  Қазыбек бек (1692 – 1776) 
 
                                                                               Жау шапты деп елімді
                                                                            Ер де сасар болар ма? 
Шалқып жатқан көл, теңіз, 
                                                                             Күні жетпес соларға? 
Қазақты да құдай жаратқан, 
                                                                                  Сақтасын Алла апаттан. 
  
Төле би 
 
Қазыбек  бек  Тауасарұлы  1692  жылы  сәуір  айында  Іле  Матайының  (қазіргі 
Талдықорған облысы Кербұлақ ауданы) етегінде дүниеге келген. Оның шыққан 
тегі Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Әкесі Тауасар Матайұлы көзі ашық, 
дәулетті  кісі  болған.  Ал  Матай  бидің  әкесі  Дәулет  (Қазыбектің  бабасы)  атақты 
Қарасай  батырдың  тұстасы  болыпты.  Тауасар  баласы  Қазыбекті  алты  жасынан 
білім  алуы  үшін  Бұқараға  жіберген.  Ол  баласын  шаруашылыққа  әсіресе 
көшпенді тіршілікпен мал бағатын қазаққа керекті ауа райын, құбылысын, аспан 
әлемінің сырын білетін адам етпек болады. 
Сөйтіп  Қазыбек  Бұқарадағы  діни  медреседе  төрт  жылдай  білім  алады. 
Жетісуға  оқу  бітіріп  оралған  соң  Матай  биге  кісі  салып,  немересі  біздің 
балаларымыздың тілін сындырсын, ұрпағымыз көркөкірек болып қалмасын деп 
он  жасар  Қазыбекке  бала  оқыттырады.  Сол  төңіректегі  Дулат  пен 
Шапыраштылар  балаларын  Матай  –  Шаққанайға  екі  жыл  бойы  жан-жақтан 
жіберіп  тұрады.  атасы  Матай  би  балалардың  оқуын  өзі  қадағалап  отырады 
өйткені,  Қазыбектің  атасы  да  сауатты  Үйсін  –  Найманға  ықпалын  жүргізіп 
айтулы кісі болған. 
Матай  би  әсіресе  қазақ  пен  қырғыздың  ара  татулығына  көп  көңіл  бөлген. 
Екі  халықтың  арасында  дәнекер  болып,  екі  елдің  тізе  қосып  бірге  өмір  сүруіне 
көп  күш  салған. Матай би  қырғыздың  атақты шешені  Төлекеймен қиыспас дос 
болған. Сондықтан да би кіші ұлының атын Төлекей қойған. 
Сөйтіп,  Қазыбек  екі  жылдай  бала  оқытып  көп  қарадомалақтың  сауатын 
ашады. Оның өзі оқытқан балаларының ішінде тіпті өзінен үлкендері де болған. 
Олардың  арасында  «мүйізді  Өтеген»  атанған  Өтеген  Өтеғұлұлы  да  болған.  Ол 
кейінӨтегенмен  арадан  қыл  өтпестей  дос  болып  жер  жаһанды  аралап  шығады, 
өмірінің ең бір елеулі шақтарын бірге өткізеді. 
Араға  екі  жыл  салып  Қазыбек  қайта  оқуға  аттанады.  Бұл  жолы  Жаныс  – 
Жарылқамыс  Өтеғұл  бай  өзінің  баласы  Өтегенді  Қазыбекке  қосып  жібереді. 
Содан  кейін  Қазыбек  пен  Өтеген  Самарқантағы  оқуларын  бітіріп  Бұқара  одан 
Ауғанстан арқылы Шам, Бағдат шаһарларына, одан әрі Ыстамбұл, Римге барып 
сегіз  жыл  түрлі  білім-ілім  алып  орыс  жері  арқылы  қайтып  1709  жылы  елге 
оралады.  
1710  жылы  Тәуке хан Жетісу  жеріне келіп Көктөбенің  маңындағы Кішісаз 
аталатын жайлаудың төрін жайлайды. Осы кезде ол Тауасар баласы Қазыбектің 


 
23 
сауаттылығын  есітіп  оны  ордаға  қызмет  етуге  шақырады.  Бірақ  Қазыбек  Тәуке 
ханның бұл ұсынысынан бас тартады. 
Елге келген соң Қазыбек жиһангерлік сапарында жүріп жазған жазбаларын 
жүйелеп үш-төрт жыл  уақытын  «Иран шешегі» атты еңбегін жазуға жұмсайды. 
Сол  жылдары  ол  Іле  өзенінің  оң  жақ  қанатынан  расытхана  салуды  жоспарлап, 
оның  құрылысын  бастайды,  алайда  оны  жоңғарлармен  болған  соғыс  жоқ  етеді. 
Сөйтіп Қазыбектің бұдан былайғы өмірі ат үстінде, найзаның қомында өтеді. 
Седан  Рабдан  өзіне  қаратып  алған  қарғыздарды  қазақтарға  айдап  салып, 
1715  жылы  соғыс  ашты,  сол  соғыста  қазақтар  орыс  елшісі  Трубниковты  қолға 
түсіріп Қазыбек оның сөзін тәжірмалауға қатысты. 
1717  жылыҚазыбек  қалмақтар  мен  қазақтардың  Аягөздегі  соғысына 
қатысты. Қазақ қолын әз Тәукенің баласы Қайып сұлтан басқарған болатын. Ол 
осы ұрыста Қабанбай батыр мен Қожаберген жырауды көрді. Келесі жылы (1718 
жылы)  Қазыбек  Седан  Рабдан  қаршысына  елші  болып  барды.  Ол  мұнда  екі 
жылдай  жүріп  олардың  сырын  да,  жырын  да  Россия  мен  Қытайға  бірдей  елші 
жіберіп  отырған  саясатын  түсінді.  Елге  келген  соң  жоңғарлардың  қазақтарға 
соғыс  ашатынын  жеткізді.  Бұл  мәліметке  Қайып  хан  да  тіпті  әкесі  Тауасар  да 
сенген жоқ. 
1723 жылдың қысының соңында қалмақтар Балқашты айналып өтіп Шу мен 
Таласқа  шабуыл  бастады.  Содан  бастап  Қазыбек  Жетісудағы  қалмақтармен 
болған барлық соғысының басы-қасында болды. Бұл жылы Қазыбек Іле өзенінің 
сол  қанатынан  Қордайға  дейінгі  өңірдегі  қазақтардың  қарсылығын  басқарды, 
оның қолына әкелі-балалы Сатай мен Бөлек келіп қосылды. 
1724  жылы  Үш  Алматы  түбінде  қалмақтарға  шабуыл  жасалды.  Соғыс 
алдындағы  жекпе-жекке  Шамалханның  әскерінен  Қашу  деген  батыры  қазақтар 
жағынан Қазыбек шықты. Қазыбек Қашудың қолын шауып түсіріп мерт қылды. 
Бұдан  кейінгі  жекпе-жекте  Сатай  мен  Еспенбет  жеңіске  жетті  (Осы  жекпе-
жектен соң Қазыбек батыр атанды). 
1726 жылғы Түркістан түбіндегі ұрыста Ұлы жүздің қолында 17 мың жасақ 
болған  көрінеді.  Оны  Қазыбектің  өзі  былай  жазады:  «Ұлы  жүздің  он  жеті  мың 
қолына  басшылықты  Жолбарыс  хан  жүргізуі  тиіседі,  ұрыс  барысында  қолды 
белгілі  батырлар  бастап  кетті.  Дулаттардан  келген  сегіз  мың  қолды  Төле  бидің 
бірге  туған  бауырлары  Сеңкібай,  Шойбек,  Шымыр-Қойгелді,  Қарақалпақтан 
келген екі мың қолды Қылышбек, Жангел екеуі басқарды. Қалған жеті мың қол 
Жетісу  қазақтары  болатын.  Осы  жеті  мың  адамға  жалпы  басшылықты 
Тауасарұлы Қазыбек батыр жасады, Шапырашты  – Еміл ағайынды Қаумен мен 
Дәулет,  Шапырашты  Асыл  Наурызбай,  әкелі-балалы  Сатай  мен  Бөлек,  Дулат  – 
Жаныс  Өтеген,  Дулат  –  Ботбай  Сәмен,  Албан  Хангелді,  әкелі-балалы    Қазыбек 
пен Қасқары осы қолдың басшылығында болды. Осы аталғандардың барлығы да 
жекпе-жекке  түсіп,  жаудан  қазақ  кегін  алған  көрнекті  батырлар  еді» 
(Қ.Тауасарұлы «Түп-тұқианнан өзіме шейін» 15 бет). 
1726  жылдың  жазында  Сарысу  бойындағы  Айрантөгілген  деген  жердегі 
ұрысқа қазақтың 44 мың сарбазы қатысты. Ұрысты Жолбарыс хан мен Төле би 
күндіз-түні  тапжылмай  бақылап  отырды.  Жетісулықтардың  қолын  басқарған 
Қазыбек  қолы  «Ай  қораланды»  аталатын  соғыс  тәсілін  жүргізіп  жауды  қатты 


 
24 
қырғынға ұщыратты. 
1729 жылы Жолбарыс пен Төле ордаға кетіп Ұлы жүздің он үш мың қолын 
басқару  Қазыбек  батырға  жүктелді.  Қазыбек  Қаратау  қойнауындағы  Екітұра 
аталатын  жерде  қалмақтарға ұрыс салды. Бұл  соғыстың  алдындағы жепе-жекке 
Қазыбек батырға шығуға Төле мен Жолбарыс тиым салды. Жекпе-жекке Өтеген 
мен  Ботхишар  шығып,  Өтеген  жеңіске  жетеді  де  қазақтар  қолы  жауды  Шудан 
асырып қуып тастады. 
1729  жылғы  Далатаудағы  (Аңырақай)  шайқас  қазақтардың  жеңісінің 
бетбұрысы болды. Бұл ұрыстағы жекпе-жекте Бөлек батыр – Аңырақты, Абылай 
–  Шарышты  өлтірді.  44  күнге  созылған  бұл  соғыста  Қазыбек  батыр  қолданған 
«Үш тоғыс» тәсілінің жемісі ерекше болды.  
Аңырақай  соғысын  басқарып,  жеңіске  ие  болған  Қазыбекке  «Бек»  атағы 
беріліп,  ол  Жолбарыс  ханның  қаршысы  болып,  бірнеше  жыл  ордада  болды. 
Бектің  ордада  болған  жылдары  жемісті  болып  «Жетім  Жолбарыс»,  «Қарадан 
шыққан хан Абылай» деген еңбектер жазды. 
Қазыбек  бек  елге  келген  соң  Қабанбай,  Бөгенбай,  Наурызбай  бастаған 
соғыстарға  қатысып  оларға  ақылшы  болды.  Қалмақтарды  қазақ  жерінен 
түбегейлі қуып шыққанша ат үстінен түспеді. Сөйтіп жүріп қырық жерінен найза 
тиіп, ақыры сол жарақаттан 1776 жылы көз жұмды. Оның денесі Күртідегі (кейін 
Қазыбек тауы атанды) биік төбенің үстіне қойылды.  
Қазыбек  батыр  өлер  алдында  «Сарытөсек  болғанда»  атты  ұзақ  дастан 
жазды. Онда ол бастан кешкен оқиғаларын өлең түрінде баяндайды: 
 
Қазыбек – Тауасардың баласы мен, 
Төре емес, көп қазақтың қарасы мен. 
Алқымдап ажал келіп қалғаннан соң, 
Жаздым хат дене қырық жарасымен... 
 
112 шумақ өлеңінің соңын: 
 
Өкпелеме, жүрмейді өлімге өкпе 
Шашқан емен топырақ қалың-көпке. 
Ешкімге жәбір жасап көрмеп едім, 
Ғафу ет болса өкпе, мені сөкпе! 
 
Жауыма жан жібімей кетіп барам 
Қаныма толып сақсыр, кеудем кекке. 
Бар жазғаным үлгеріп осы болды, 
Бетің сипап дұға қыл Қазыбекке! – деп аяқтайды. 
Қазыбек  бек  өзінің  тарихи  еңбегінің  соңында  қазақтың  бір  тудың  астына 
топтасып, бір орданың астынан тарағанын көргісі келетін арманын айтады. Елдің 
болашағы  бірлікте  екенін  келер  ұрпаққа  аманат  етеді.  Ендеше  біз  осы  Қазыбек 
бектің ұрпаққа өсиет еткен өз сөзімен бұл тақырыпты аяқтайық: 
«Өзінің  тарихында  талай  мәрте  толып,  талай  замат  ортайған  қазақ  елінің 


 
25 
ендігі  алдағы  ғұмыры  қалай  кешілер  екен,  қалай  шешілер  екен  дегенде,  ұйқым 
шайдай  ашылады.  Ойламауға,  ойға  қалмауға,  күдіктенбеуге  бола  ма  !?  мен  сол 
үмітіммен, қазақтың болашағына сеніп о дүниеге аттанғым келеді. Алла тағала, 
Арыстың  ұрпағына  пейіл-пікіріне  лайық  ғұмыр  бере  көр;  салуалы  ордасы, 
салауатты  адамы  болса  екен,  ел  қамын  жейтін  ерлері  болса  екен;  елім  деп 
еңіренгенде  етегі  жасқа  толатын,  қазағым  дегенде,  қабырғасы  сөгілетін 
ұрпағымызды  көбейті  көр!  Қазақ  тым  сенгіш,  тым  аңқылдақ,  ақкөкірек, 
осысынан көп қорлық көрмегей! Әумин! (387 бет) 
(Біз,  Қазыбек  бек  Тауасарұлы  тақырыбын  жазғанда  дерек  көздерінің  денін 
оның өз еңбектерінен пайдаландық) 
«Тектіден  –  текті  туады»  -  демекші  Қазыбек  батырдың  ұрпағынан  да  ел 
қорғаған  батырлар,  белгілі  тарихи  тұлғалар,  көрнекті  қайраткерлер  шыққан. 
Мәселен Қазыбек бектің жеті ұлының үлкені – Қасқары айтулы батыр болған. Ол 
Жоңғар батыры Боралдайды жекпе-жекте өлтірген.  
Қазақ  Совет  энциклопедиясында  Қасқары  батыр  туралы:  «Он  сегіз  жасар 
Қасқары  Шамалханның  сақа  батыры  Боралдаймен  (қазіргі  Алматы  қаласының 
түбіндегі Боралдай аталатын дөңесте) жекпе-жекке шығып, оны найзамен түйреп 
өлтірген.  Қасқарының  бұл  ерлігі  жоңғар  қалмақтарының  Жетісудан  біржола 
ығысуының  бір  бастамасы  болды»  -  деп  жазады.  (ҚСЭ.  7том,  535  бет). 
Қасқарының  үлкен  ұлы  Молдабайды  (Қазыбектің  немересі)  Бұхар  жырау: 
«Досын  жаудан айырған, тағыны тыңнан қайырған Қасқарұлы Молдабай» - деп 
жырға қосқан. Қазыбек бектің бір ұлы Құдабайдан қазақтың атақты ақыны, әнші, 
жетісудың  жеті салының бірі-Дәурен  сал туылған. Қазақ  мемлекетінің көрнекті 
қайраткері Ораз Жандосов  - Қазыбектің Қозыбай деген ұлының ұрпағы. 
Қазыбек бек Тауасарұлы туралы мақаламызды қорыта келе айтарымыз: Ол – 
XVIII   - ғасырда  өмір  сүрген, артындағы  ұрпаққа  үлкен мұра  жазып  қалдырған, 
жоңғарлармен  болған  шайқаста  қол  бастаған  айтулы  батыр  Қазыбек  бек.  Ол  – 
XVIII ғасырдағы Қазақ хандары мен батырларының билері мен саясаткерлерінің 
қазақ  халқын  жеңіске  бастаған  ұлы  істерін  көзімен  көріп  ұрпағына  аманат  етіп 
қалдырған  дара  тұлға.  Сондықтан  оның  есімі  ұрпақтар  санасында  мәңгі  жасай 
береді. 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет