7
Марсымұлы Сатыбай батыр (
1578-1603)
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе,
Бетегелі сары белдің бойында
Соғысып өлген өкінбес.
Доспанбет жырау
Садыбай Марсымұлы 1578 жылы Мыңбұлақаймағында дүниеге келген.
Оның өмір сүрген кезеңі Есім хан ел билеген уақытқа тұстас келеді. Халық
аузындағы Садыбай батыр Есім ханның бас батырларының бірі болған.
Жоңғарлармен соғысқа қол жинап аттанып бара жатқанда ол жиырма бес
жастағы жігіт екен. Анасы:
- Кейінірек аттансаңшы, келіннің айы - күні жақын қалған жоқ па?! -деп
шырылдапты. Сонда Сатыбай батыр:
- Апатай, анталап жау қаптап келе жатқанда келініңіздің етегін желпіп
отырмақпын ба? - деп Садыбай атқа қонған екен, жары сыңсылап келіп
үзеңгісін ұстағанда:
-Жаман неме тапсаң, сүйінші сұратарсың - деп сарыала туын желбіретіп
Мыңбұлақтан аттанып кеткен екен деп жазады Садыбай Байтана кітабында.
Осынау қиын - қыстау кезеңде ел тұтқасы еңсегей бойлы Ер Есім ханның
колында еді. Сол Есім ханның қарулы күштерінің сапына - қайыңнан шоқпар
байлаған, еменнен найза сайлаған, көк тәңірді пір тұтып, туған жерін, өскен елін
қорғау үшін сары ала ту алып, тұлпар мініп - 17 жасында қосылған екен Садыбай
бабамыз. Елім деп еңіреген сол ерлердің бірі - Садыбай батыр есімі ел есінен
сан ғасырлар етсе де өшпеген.
Байтана руының шежіресі бойынша: Шымырдан – Бекболат, Темір,
Шынқожа таратылады. Шынқожадан – Қобыланды, Марсм, Бозқозы, Бозан
туады. Марсымнан – Қырғызалы, Қонақбай, Сатыбай өрбиді. Сатыбайдан –
Байтана туылады. Байтанадан – Арыстанбай, Қоянбай, Соқыркемпір, Есқара,
Тілеп атты бес бала тарайды.
XX ғасырдың бас кезінде Есенқұлтегі Кәрібай деген жырау Марсымұлы
Сатыбай туралы былай толғайды:
Белгілі ғой тарихқа бай даламыз,
Сырлассақ, қызғалдақтай жайқаламыз,
Тараған Шынқожадан Байтанамыз.
Ата жау болып бізбен қалың жоңғар,
Боялған қызыл қанға талай жандар.
Балапан болып сонда басыменен,
Тұрымтай ажырасқан досыменен.
Далаға тастап зәулім ақ ордасын,
Ел-жұрты жүрген салтаң қосыменен.
Сол кезде қазақ бар ма сақтанбаған,
Жоңғарға қарсы шығып аттанбаған.
Сол тұста батыр баба Сатыбай да,
Басына ұйықтап жастық жастанбаған.
9
батырдың Көксерке атты арғымағы болғандығы, жаумен шайқасып жүріп
атымен бірге орға құлап кетеді. Сатыбай ор ішінде де талай жоңғарды жер
жастандырады. Шайқасып жүріп өзі де мерт болады. Ол дастанда төмендегідей
баяндалады:
Жығылды Көксеркесі оның орға,
Шығарды аға, іні оны зорға.
Шыға алмай қалды батыр ор ішінде,
Түсті ғой байқаусызда өзі торға.
Жоңғармен ор ішінде кескілесті,
Өлікті таптап, қып-қызыл қанды кешті...
Сатыбай жоңғарлардан болды қаза,
Өлімге билеушісі кескен жаза.
Қонақбай, Қырғызәлі сан күйзеліп,
Сол кезде жалпақ Шымыр тартқан аза...
Сатыбай батыр туралы бір деректі Мұхаметжан Әлімбеков деген зейнеткер
- журналист 1991 жылы Талдықорған облысы Арасан - Қапал курортында
демалғанда Қарашоқы қорымынан «Шымыр, Садыбай» деген арабша жазуы бар
құлыптасты көргенін айтады.
Қазіргі кезде Садыбай батырдың ұрпағы мың - жарым түтіннен асады, оның
көбісі Жуалы ауданында тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: