Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)


  Сатыбайұлы Байтана батыр (1602



Pdf көрінісі
бет4/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
 


 
10 
Сатыбайұлы Байтана батыр (1602-1664) 
 
Біздіке азаттық үшін айқас, 
Жаудыке қара жүзділік шайқас. 
Алла біздің жағымызда, 
Әруақ аузымызда, 
Алла ақтың жағы, 
Жаудың ақсын қаны. 
Елімнің тиылсын енді мұң мен зары. 
 
Төле би 
 
Қазақ  даласында  қасіреттің  қара  бұлты  үйіріліп,  жоңғар  қалмақтары 
Қаратауға қара бұлттай төнген кезде еліне тіреу, қорған бола білген батырлардың 
бірі Байтана батыр. 
Садыбайдың асына қатысқан Есім хан Марсым биден енші бөлгізіп, беліндегі 
белдігі  мен  алтын  сапты  қылышын  кішкентай  Байтанаға  сыйға  тартқандығы 
туралы көнекез қариялардан жеткен естелік әңгіме бар. 
Байтана жоңғар басқыншыларына қарсы соғысқа жастайынан араласады. Ол 
Салқам Жәңгір ханның 600 сарбазының қатарында жоңғар қонтайшысы Батурдың 
50  мың  шеріктеріне  қарсы  Орбұлақ  шайқасына  қатысып  өз  үлесін  қосқандығы 
туралы да тарихи деректер бар. 
Жетісудың  едәуір  бөлігі  мен  Алатау  қырғыздарының  10  мыңдай  адамын 
жоңғарлардың  тұтқынға  алғанын  естіген  Жәңгір  хан  болмашы  қолмен  (600 
адаммен) Батур қонтайшыға қарсы аттанады. Бұл оқиға туралы тарихи деректерде 
былай  делінген:  «Жәңгір  өз  тобының  бір  бөлігіне  жоңғарлар  тау  асудан  асып 
келгенше, екі таудың арасындағы тар жырада ор қазып, бекініс жасауға бұйырады. 
Ал, өзі екінші бөлігімен таудың екінші бетіне жасырынады. Қонтайшы ор қазып 
алып, ерлікпен қорғанып  жатқандарға қарсы шабуыл жасады. Осы кезде Жәңгір 
жаудың  ту  сыртынан  лап  береді.  Сөйтіп,  жоңғарларды  қатты  жеңіліске 
ұшыратқаны  сонша,  олар  жақтан  10  мыңдай  адам  өледі.  Ұрыс  бітуге 
жақындағанда 20 мыңдай әскерімен Самарқан билеушісі атақты Жалаңтөс батыр 
Жәңгірге көмекке келеді. Батур қонтайшы кейін шегінуге мәжбүр болады. Әскер 
басшылық  ісін  Жәңгір  тұсында  жалғастырып,  қалмақтың  50  мың  қолына  қарсы 
тұрған  соғысының  бір  қаһарманы  Байтана  батыр  болған.  (Қазақ  Совет 
энциклопедиясы, 4-ші том, 201-ші бет) 
Қазыбек  бек  Тауасарұлының  1776  жылы  жазылған  «Түп  тұқияннан  өзіме 
шейін» атты кітабында: «1640 жылдан қазақты Жәңгір хан сұрай бастады. Өйткені 
Есім хан науқас болды» дей келе оның елуден асып кеткені жазылады. Бір жылдай 
қалмақ арасында тұтқында болып, олардың жай - күйін білген, сырын мол түйген 
Жәңгірден олар қатты қорқады. 1643 жылы Алтын ханның ұлы Омбы - ойраттың 
білікті нояндарымен қазаққа қайта лап қояды. 
Бұл  жеңісті  алғаш  тарихи  айналымға  түсірген  тарихшы  И.Я.Златкин 
«История  Джунгарского  ханства»  атты  кітабында  (Мәскеу,  1983жыл)  толық 
баяндайды.  Бұл  соғыстарға  Байтана  батыр  да  белсене  қатысты.  Ол  әкесі 


 
11 
Садыбайдың кегін алуға  ерте аттанды, осы соғыста бұғанасы қатып, отыз жасқа 
келген  кезі  еді.  Шапырашты  Ер  Қарасай  осы  соғыста  қонтайшы  Батурдың  оң 
қолын шауып түсіреді. Ол содан келесі жылы өледі. 
Есенқұлұлы  Кәрібай  жырау,  шежірешінің  дастанында  Байтана  батырдың 
ерлігі былай жырланады: 
                                  ...Кім білмес біздің баба Байтананы, 
                                  Оранған батыр дейді байтабаны. 
                                  Қызғыштай елі - жұртын қорғап жүрсе, 
                                  Жүрегі оның сонда жай табады. 
                                  Байтана жекпе - жекке бірде шығып, 
                                  Найзасын жау өтіне алған сұғып. 
                                  Қайтарды талай рет әке кегін, 
                                 Сескенген жан емес ол жаудан бұғып. 
Ата  жолын  қуған  Байтана  батыр  Салқам  Жәңгір  қайтыс  болған  соң  қазақ 
қолын  одан  ары  қарай  бастап  шүршіт  –  мәнжүрлерді  Алтайдан  асырып  Амурға 
дейін  тықсырып  қуған  деп  айтылады.  Соғыстың  біткендігі  туралы  жаумен  шарт 
жасасқандығы  туралы  тарихи  деректі  жазушы  Қалихан  Ысқақовтың  1993  жылы 
«Егемен Қазақстан» газетінде  Тынды станциясына таяу  Байтанова  қаласы батыр 
қолбасшының зиратына байланысты атағанын жазған. 
Шежіреші  қарттардың  айтуына  қарағанда  Байтана  батыр  қырық 
жасында  үйленіп  артында  алты  ұл  қалдырған.  Алпыс  жасында  жауға  аттанып 
соданқайтыпелгеоралмаған.(БұлдеректерСадыбай Байтана шежіресінен алынды) 
Кәрібай  жырау  өз  дастанында  Байтана  мен  оның  батыр  ұрпақтарының  да 
шетінен батыр болғандығы туралы: 
 
                              Бұл күнде кім білмейді Байтананы, 
                              Шын жүрек жарысқанда байқалады. 
                              Шалданбай, Қыршынбай мен Бораншыны, 
                              Дастан ғып талай ақын айта алады. 
                              Алты ұлды Байтанаға құдай берді, 
                              Бір туған Тәңірберді, Құдайберді, 
                              Дүйсенбі, Әсілбек пен Рысқұлға 
                              Әуелден батырлықты Құдай берді... деп жырлайды. 
Еліміз  егемендік  алғаннан  соң  бұрынғы  өткен  батырлардың  есімдері  қайта 
жаңғыра  бастады.  Отанымыздың  тәуелсіздігі  үшін  шейіт  болған  сол  ерлердің 
ұрпақтары батыр бабаларының тарихын түгендеуге көп еңбек сіңірді. 
«Сатыбай»  ұранды  Байтана  ұрпақтары  жоңғарға  қарсы  шапқан  батырлар 
көптеп  саналады.  1729  жылғы  Аңырақай  шайқасынан  бұрын  да  кейін  де  өмір 
сүрген.  Олар:  Бораншы,  Шалданбай,  Қырқымбай,  Сатылған,  Есқара,  Сегізбай, 
Әзберді,  Шоқан,  Қожақ  т.б  батырлар.  1770  -  1864  жылдары  басқыншы  қоқан 
хандары мен қырғыздың соңғы манаптарымен соғыста ерлік жасаған Кәшке мен 
Қыдыр  батырлар  бізге  тарихтан  белгілі.  Бір  тайпа  елге  есімдері  ұран  болған 
Садыбайдың, Байтананың 1,5 мыңнан астам ұрпақтары бүгінде Жамбыл, Алматы, 
Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Қырғызстан, Өзбекстан жерлерінде де тұрып 
жатыр. 


 
12 
1993  жылы  қазанның  23  күні  ұрпақтары  Жуалы  ауданы  Бауыржан 
Момышұлы ауылының шығыс жағынан кіре берісінде, мешіттің жанынан батыр 
бабалары Садыбай - Байтанаға арнап еңселі етіп ескерткіш орнатты. 
Біз,  пайдаланған  тарихи,  әдеби  кітаптарда  батырдың  атын  «Садыбай»  емес, 
«Сатыбай»  деген  атауды  көп  кездестірдік,  сондықтан  біз  де  оны  «Сатыбай»  деп 
алдық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет