Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта


Еңбек – адам эволюциясының маңызды факторларының бірі



бет11/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   139

Еңбек – адам эволюциясының маңызды факторларының бірі.


Кез келген еңбек құралдарын жасау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Ф.Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің ролін жоғары бағалады. Ол: ―Еңбек – адамзат ӛмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз„-деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам ӛз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасап алды. Жануарлар табиғатқа ӛз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етті. Ал адам ӛзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты ӛзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Адам ӛз еңбегі арқылы ӛзіне де ӛзгерістер енгізді. Еңбек – адам эволюциясына тән негізгі фактор. Қорыта айтқанда, тік жүруге кӛшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның алғашқы қалыптасу кезінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте – бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: ―Қол – еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге қол – еңбектің ӛз жемісі‖- деп түсіндірді.

Қоғамдасып тіршілік ету – адам эволюциясының қозғаушы


кҥші.
Адамның ең ежелгі маймылға ұқсас ата – тектері де топтасып ӛмір
сүрді. Олардың еңбек етуіде қоғамдық сипатта болды. Сондықтан
Ф.Энгельс адамның арғы ата тегі топтасып тіршілік еткен маймылдардан іздестіру керек екенін атап кӛрсетті. Топтаса жүріп еңбек еткендіктен, олардың арасында ӛзара қауымдық қарым – қатынас қалыптаса түсті. Олар ұжым болыпаң аулауды, жыртқыш аңдардан қорғануды, қоғамдасып бала тәрбиесіне кӛңіл бӛлді. Ересектер ӛз ӛмір тәжірибелерін ұрпақтарына үйретті. Адам бірте – бірте отты пайдалануды және оны сақтауды үйренді. Адамның арғы ата – тектері бірте – бірте ӛсімдіктекті тағамдарды пайдаланудан жануартекті тағамдарды кӛбірек пайдалануға кӛшті. Ол үшін олар аң мен балық аулау құралдарын жасауды жетілдіре түсті. Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның ата – тектерінің табиғатты танып білуіне, ӛмір тәжірибелерінің жинақтала түсуіне мүмкіндік жасады. Олардың бір–біріне ымдау, ишарат және дыбыс шығарып хабарласуғды талап етті. Ең ежелгі адам пайдаланған сӛздер еңбекпен тікелей байланысты болды. Адам да жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта тітіркенулерін қабылдайды. Бұл – бірінші хабаршы жүйе арқылы жүзеге асады. Екінші хабаршы жүйе адамның жоғары дәрежелі жүйке қызметіне тікелей байланысты. Адамның ағы тектерінің ӛзара сӛзбен қарым – қатынас жасауы адам миының дамуына, ойлау қабілетінің арта түсуіне ықпал жасайды. Сӛз бірте – бірте тәрбие құралына айналды. Қоғамдық қарым – қатынастардың қалыптасуына сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу ӛз мәнін бірте – бірте жойды. Оның есесіне әлеуметтік фактор (еңбек ету, сӛз) адам эволюциясында негізгі орын алды. Ойлау, сӛйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым қуаламайды. Тек адамның морфологияық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым қуалайды. Қоғамның дамуына байланысты адамдардың еңбек ету қабілеті арта түсті. Түрлі шаруашылық салалары дамыды, ӛнеркәсіп ӛркендеді, ғылым, ӛнер, сауда, дін, т. б.ӛрісін кең жайлы. Тайпалардан бірте – бірте ұлттар пайда болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет