Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта


Экотоп– белгілі экологиялық жағдайларда ӛмір сүретін және де ӛзіне тән бейімдеушілік белгілері болады. Экологиялық ӛзгергіштік



бет71/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   139
Байланысты:
asz

Экотоп– белгілі экологиялық жағдайларда ӛмір сүретін және де ӛзіне тән бейімдеушілік белгілері болады.
Экологиялық ӛзгергіштік– түр ӛз ареалының кӛлемінде әр жерде әр түрлі жағдайларда мекендеген болса ғана пайда болады.
Энтомофилия – ӛсімдіктердің айқас тозаңдануының ең кең тараған
түрі.


Тақырыбы: Жалпы эволюция туралы


Мақсаты: Эволюция ілімінің биологиялық пәндер жүйесіндегі орнын кӛрсетіп, эволюцияның даму тарихы туралы мәлімет беру.

Лекцияның жоспары және қысқаша мазмҧны:


  1. Эволюциялық ілім- тірі табиғаттың тарихи дамуының қозғаушы күштері және ортақ заңдылықтары туралы ғылым.

  2. Эволюциялық зерттеудің мәні және оның методологиялық және практикалық маңызы. Эволюцияны зерттеудің әдістері

  3. Эволюциялық ілімінің диалектикалық материализм арақатынасы. Дарвинизм органикалық дүниенің тарихи даму заңдарын зерттейді.

Бұл ғылым ХІХ ғасырдың ортасында жануарлар мен ӛсімдіктердің эволюциясы жайында жүйелі ілім қалыптастырған әйгілі ағылшын ғалымы Чарлз Дарвинның атымен аталады. «Дарвин хайуандар мен ӛсімдіктердің түрлерін еш нәрсеге байланысы жоқ, кездейсоқ «құдайдың ӛзі жаратқан» және ӛзгермейтін нәрсе деген кӛзқарасты мүлде жойып, түрлердің ӛзгеріп отыратындығы мен олардың ӛзара сабақтастығын ашып, биологияны толық ғылыми негізде бірінші рет салды».
Органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын дәлелдеу үшін дарвинизм биологияның әр түрлі салаларының және ауыл шаруашылығының, сондай-ақ геология мен палентологияның қорланып, жиналған бай материалдарын пайдаланды. Бұдан дарвинизм курсы бүкіл биологиялық және ауыл шаруашылық ғылымдарымен ӛзара тығыз байланысты екенін кӛреміз. Эволюциялық теория ӛзіне қатысты пәндердің жаңа факторларымен үнемі толықтырылып отырады. Сонымен бірге тірі табиғаттың дамуы жӛніндегі жалпы заңдардың ашылуы әрбір жаратылыс зерттеушілердің нақтылы зерттеу жұмысына тікелей кӛмектесіп отырады. Үй жануарларының жаңа тұқымдарын және мәдени ӛсімдіктердің жаңа сорттарын жасау жӛніндегі адам баласының практикалық жұмыстарының тәжірибелерін қорытып, дарвинизм, жануарлар мен ӛсімдіктердің осы кездегі селекциялық әдістерге сүйенетін теориялық негіздерін жасады. Бұл ауыл шаруашылығының жаңа міндеттеріне және талаптарына сәйкес жаңа органикалық формаларды жасау жӛнінде бұрын белгісіз болып келген жолдарды табуға мүмкіншілік береді.
Орта мектептердегі биология пәнінің мұғалімдерін дайындау саласында дарвинизм курсы ерекше орын алады. Себебі биология әрқашан да материализм мен идеализмнің шиеленіскен күрес алаңы болған және болып келеді. Дарвинизм курсынан осы күрестің тарихын оқу, оқушылардың диалектикалық-материалистік дүниетану кӛзқарасының қалыптасуына кӛмектеседі.
Табиғат жайында осыдан екі жүз жыл бұрын, жаратылыстану діни кӛзқарастардың тұтқында болып келді. Ф.Энгельстің метафизикалық дәуір деп атаған осы кезеңдерді жаратылыс зерттеушілердің ақыл-ойын ӛзінше
бір дүниетану кӛзқарасы шырмады. Олар, Жер және онда тіршілік еткен тірі табиғат құдайдың құдіретімен жаралған, содан бері олар ӛзгермей келеді деген ұғымда болды.
ХVІІІ ғасырдың ортасында, кейбір озат ғалымдар, жануарлар мен ӛсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде ӛзгеріске ұшырайды деген нанымға келді. Бірақ сіңіскен діни кӛзқарастарды жеңуіне үлкен қиыншылық келтіреді. Органикалық дүниенің ӛзгеретіні жайындағы жаңа идеяның қалыптасуына, биологияда жиналған материалдардың болуы, ғылыми дәлелдемелердің аздығы бӛгеу болды.
1859 жылы Дарвиннің «Табиғи сұрыптау жолмен түрлердің шығу тегі немесе тіршілк үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы» деген негізгі кітабы жарыққа шығумен ең алғаш эволюциялық идея тиянақты ғылыми негізге ие болды. Бұл кітап биология ғылымына тӛңкеріс жасады. Ондағы органикалық табиғаттың тарихи дамуы (эволюциясы) жайында айтылған ілім дүние ӛзгермейді деген ескі тозығы жеткен метафизикалық ұғымды талқандады.
Табиғат жайындағы одан кейінгі тарихи кӛзқарастар, органикалық дүниенің дамуын материалистік ұғымға негізденіп түсіндіретін биологияның әр түрлі салалардың ӛріс алуымен байланысты болды. Дарвин теориясының негізінде эволюциялық палеонтология, эволюциялық эмбриология т.б. биологиялық пәндер қалыптасып, Дарвин ілімінің дұрыстығы жайында жаңа дәлелдемелер берді. Алайда, эволюциялық идея идеалистік концепциялармен қиян-кескі күресте дамып отырды; биологиядағы реакцияшыл лагерьдің ӛкілдері дарвинизмнің материалистік негіздерін күйретіп биология ғылымын ескі, виталистік және метафизикалық ұғымға қайта оралту үшін талаптанады.
ХІХ ғасырдың ағымдарға қарсы күресте үлкен еңбек сіңірген орыстың аса ірі ғалымдарының бір тобы В.О.Ковалевский, А.О. Ковалевский, И.И. Мечников, И.М. Сеченов, К.А. Тимирязевтер биология ғылымының әр түрлі салаларында Ч.Дарвин ілімін дамытып, ӛздерінің еңбектері арқылы дарвинизмнің іргесін берік қалады.
Жалпы алғанда, эволюциялық ілімінің осы қалыптасуы дәуірінде органикалық дүниенің тарихи даму процесінің бірсыпыра ӛте қажетті заңдылықтары ашылды.
Биологияның, сондай-ақ дарвинизмнің де осы кездегі жаңа даму кезеңі ХХ ғасырдың ортасында басталады. Мұнда, тіршіліктің әр түрлі құбылыстарын зерттеуде жаратылыстық тарихи ғылымдарының тұтас комплекстері ене бастайды. Бірақ соңғы кезге дейін дерлік биологиялық проблемаларды шешуде химиялық және физикалық әдістерді енгізу жұмысы екінші дәрежеде келді. Алайда биолог, химик және физиктердің талаптарын тұтастырып, ӛзара кіріккен идеялар мен әдістер биологияға жанасымды пәндердің (биофизика, биохимия т.б.) шығуына себеп болды. Бұл биологияның жаңа саласы – молекулалық биологияның құрылуына жағдай жасап, генетика саласында үлкен табыстарға жеткізеді. Генетиктер мен экологтардың бірлесе зерттеулерді дарвинизмге ӛте күрделі
проблемалардың бірі – түр және түрдің пайда болу жайындағы мәселенің жаңаша шешілуіне мүмкіндік береді. Адам баласының космосқа ұшуына байланысты биологияның алдына жаңа проблемалар қойылды, ӛзінше ғылыми пән - космостық биология қалыптасты.
Биологиялық кӛлемі зерттеулер және түрлі мамандықтағы табиғат зерттеушілердің жұмысындағы комплекстік осы кездегі жаратылыстанудың философиялық негізі диалектикалық материализм болуына себепкер болды. Бұдан, орта және жоғарғы оқу орындарында биология пәндерінің үлкен тәрбиелік роль атқаратынын, онда эволюциялық ілім заңды кӛрнекті орын алатынын кӛреміз.
Дарвинизм курсы, ғылыми-атеистік тәрбиенің биологиялық іс- әрекеттері биология ғылымының барлық салаларымен тығыз байланысты екенін дарвинизм курсы таныстырады. Дарвин жұмысынан бастап, биологияда ашылған заңдар, тірі организмдер мен тікелей байланысты шаруашылық салаларындағы (ауыл шаруашылғы, медицина, микробиологиялық технология) практикалық жұмыстарға пайдаланып келеді. Қазіргі кезде ӛте күрделі үнемді аппаратуралардың конструкциясын жасау үшін биологиялық структуралар мен ондағы болып жатқан процесстерге инженерлер кӛңіл бӛле бастады. Осы тұрғыдан қарағанда организмдердің эволюциялық процесте болатын бейімділік қасиеттерін (адаптацияны) зерттеудің ерекше практикалық мәні бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет