Жҥргізілген жҧмысты талдау ҥшін ҧсынылатын сҧрақтар:
Қай тағам ӛнімінің энергетикалық құрамы жоғары болды?
Тағам ӛнімдерімен жасалған тәжірибе негізінде майлар мен кӛміртектердің энергетикалық құндылығы туралы қандай қорытынды жасайсыз?
Тағамның дәміне қарап оның энергетикалық құндылығы туралы қорытынды жасауға болады ма?
Спортпен айналысатын адамдарға қандай тағамдарды кӛбірек пайдалану керек деп кеңес берер едіңіз?
Тест сҧрақтары:
Адам организмінде глюкоза қандай күйде сақталады?
Крахмал
Гликоген
Глицерол
Гуанин
Тӛменде аталған заттардың қайсысы 1 грамы жанғанда энергияның ең кӛп мӛлшері бӛледі?
Кӛміртектер
Қант
Майлар
Протеиндер
Келесі заттардың қайсысы АТФ-ті түзу үшін жасушалармен оңай сіңіріледі?
Кӛмірсулар
Протеиндер
Майлар
ДНҚ
Сарамандық жҧмыс № 8. Дене температурасын реттеу.
Мақсаты: Бұл зерттеудің мақсаты қозғалмайтын ауа және ауа лебінің ықпалы, қолғаппен қорғалып немесе суық суға салу сияқты түрлі жағдайларда тері температурасының ӛзгеруін салыстыру болып табылады.
Ӛзгерістерді ӛлшеу үшін температуралық датчикті колдану.
Графикалық талдау және мәліметтерді салыстыру құралдарын қолдану.
Ӛзгерістердің себептері туралы болжамдар.
Қысқашаақпарат Адам денесі әрбір реакцияның қосалқы ӛнімі ретінде метаболизмдік жылу шығарады. Неғұрлым белсенді болса, соғұрлым ағза да кӛп жылу шағарды. Дене температурасын қалыпты сақтап тұру үшін, метаболизмдік реакциялар арқылы пайда болатын жылуды ағза реттеуі керек. Ағзаның ішкі температурасы тұрақты болуы керек, ӛйткені ферменттер 370С
температурада жақсы жұмыс істейді. Ағза дененің тұрақты ішкі жағдайдайларын сақтап отыру үшін, осы үдерістерді үздіксіз бақылап және реттеп отырады. Бұл күй гомеостаз деп аталады.
Ағзаның дене температурасын максималды тӛзу шектерінде температураны сақтау қабілеті жылу реттеу деп аталады. Кейбір жануарлар, оның ішінде, кӛптеген сүтқоректілер мен құстар эндотермдер болып табылады. Олар дене температурасын іштей реттейді. Олар үйде қажетті температураны сақтап отыратын термостат сияқты. Эндотермдердің биологиялық термостаты дене температурасын қалыпты деңгейде сақтап отырады. Дене температурасы ӛзгерген кезде, рецепторлар ӛзгерістерді қабылдайды да, реттеуді бастайды. Дененің дұрыс температурасын сақтау үшін, сүтқоректілер неғұрлым тӛмен температурада жылуды шығару және сақтай алуы керек. Сондай-ақ, олар неғұрлым жоғары температурада дененің артық жылуын тӛмендетуі керек. Сүтқоректілерде жылу шығару механизмдері бар: дірілдеу, жасушалық метаболизм және қан айналымы. Бұлшық еттердің тез жиырылуы мен дірілдеуі кезінде жылу бӛлінеді. Жасушалық метаболизм жылу шығарады және денені жасушадағы химиялық сияқты бейімделуі, жылуды жануарлардың жылу алмасу элементінен арнайы қан суық аяқ-қол ұштарына барады. Бұл, мысалы, аяқтың немесе қолдың температурасын
сақтап тұрады.
Тым суық немесе тым ыстық температура кезінде сіздің денеңіздегі бірнеше физиологиялық ӛзгерістерді сипаттаңыз.
Неліктен осындай ӛзгерістер болады?
Қандай жағдайда тері тепмературасы кӛбірек ӛзгереді: ауа лебі есіп тұрған қолдың температурасы ма, әлде суық суға салынған қолдың температурасы ма?
Суық суда тұрған қолдың температурасы қаншалықты ӛзгереді? Қолды судан алғаннан кейінгі бірінші минутта ӛзгеріс қаншалықты болады? Орнату Мәліметтер жинау жүйесінде жаңа экспериментті бастаңыз.
Температура датчигін мәліметтер жинау жұйесіне қосыңыз.
Екінші датчикті екінші портқа қосыңыз.
Кестеде у осінде х осіндегі уақытпен салыстырғандағы температураны кӛрсетіңіз.
Үлкен табақты немесе соған ұқсас контейнерді алыңыз. Ол кейінірек мұзға қажет болады.
Датчиктің ұшын алақанның сыртқы жағына бекіту үшін жабысқақ лентаны қолданыңыз.
Басқа температуралық датчикті екінші алақанның сыртқы жағына бекітіңіз.