Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы сараптамалық кеңес туралы ереже орал 2021 «бекітемін»


-қосымша РЕЦЕНЗИЯНЫ ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



бет6/37
Дата18.03.2023
өлшемі90,13 Kb.
#75372
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
3-қосымша


РЕЦЕНЗИЯНЫ ЖАЗУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Рецензия (қарастыру, пікір беру) – бұл жаңа көркем немесе ғылыми туындыны, тәжірибелік-эксперименттік жұмысты, ғылыми жобаларды, оқу, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді, білім беру ұйымдарының материалдарын және т.б. сараптау, сыни талдау, бағалау,одан әрі оларды бекіту, қорғау, жариялау, апробациялау, қорыту және т.б. алдында жұмыстар.


Рецензияда толық және нақты түрде келесілер нақты көрсетілуі тиіс:
1. Жұмыстың өзектілігі (тұжырымдамалар, бағдарламалар, зерттеу немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыс тақырыптары және т.б.) оның жалпы ғылыми және жалпы мемлекеттік басымдықтармен байланысы.
Оның қажеттілігі, өзектілігі, күн қажеттіліктеріне сәйкестігі.
2. Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі:
а) модификациялық: жаңғырту, жоғалған, бірақ белгілі тәсілдемені, әдістемені, технологияны, әзірлемені, жүйені және т. б. қалпына келтіру;
б) комбинаторлық: жаңа сапаға әкелетін түрлі үйлесімдегі белгілі элементтердің интеграциясы;
в) радикалды: жаңа, жаңашыл, бұрын белгісіз нәрсені ойлап табу.
3. Жұмыстың жаңашылдық деңгейі:
3.1. Білім беру жүйесінде аналогтардың болуы немесе болмауы:
а) қала-ауданда;
б) облыста;
в) республикада;
г) шетелде
3.2. Оның тудыратын өзгерістер масштабы (жеке – локальді, дара, бір-бірімен байланыспаған; модульду – бір-бірімен байланысты жекелердің кешені; жүйелі – тұтастай мектепті қамтитын).
4. Жұмыстың ғылымилылығы – оның жаңа білім беру парадигмасының философиясына, әдістемесіне, психологиясына және педагогикалық ғылым мен тәжірибенің соңғы жетістіктеріне сәйкестігі.
Келесілерге бағытталғандық:
а) оқушылардың білімін, білігін, дағдысын қалыптастырып қоймай, оқушылар тұлғасын дамыту және тәрбиелеу;
б) балалардың психофизиологиялық және әлеуметтік денсаулығын сақтау;
в) білім беру процесінің экономикалық, экологиялық, этнопедагогикалық, психологиялық бағыттылығын қамтамасыз ету;
г) білім беру мазмұнының гуманистік, интеграциялық және инновациялық тәсілдерге және т.б. сәйкестігін қамтамасыз ету;
д) ғылыми талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету (мәселенің, ғылыми гипотезаның, мәселені гипотезалық шешудің, ғылыми негізделген зерттеу жүргізудің, зерттеу нәтижелерін зерттеуге дейін алынған деректермен салыстырудың болуы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет