5.3. Сараптамалық кеңестің жауапты хатшысы сараптамалық кеңеске келіп түскен өтінімдер мен материалдарды тіркейді, олардың талаптарға сәйкестігін ресімдеуді тексереді, оларды сарапшыларға береді, олардан Рецензиялар қабылдайды, олардың негізінде сараптамалық кеңес қорытындыларының жобаларын дайындайды, сараптамалық кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастырады, отырыстардың хаттамаларын жүргізеді, сараптамалық кеңес отырыстарының қорытындылары мен хаттамаларынан үзінді көшірмелер дайындайды.
5.4. Сараптамалық кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттері: 5.4.1. Сараптамалық кеңес мүшелері мен сарапшылар сараптамаға түскен материалдар ақпаратының құпиялылығын сақтау үшін дербес жауапты болады. Олар:
- авторлар және материалдардың мазмұны туралы мәліметтер;
- сараптамадан өтудің барлық кезеңдері туралы мәліметтер;
5.4.2. Сарапшылар жұмыс барысында туындаған «мүдделер қақтығысы» жағдайлары туралы сараптамалық кеңестің жауапты хатшысына уақтылы хабарлауға міндетті.
5.4.3 СК мүшелері СК-тен бас тартуға құқылы. Сараптамалық кеңестің өкілеттік мерзімі мен құрамы БҚО ББ шешімімен жылына 1 рет бекітіледі. Сараптамалық кеңестің құрамы мен өкілеттік мерзіміне, оның ішінде кезектен тыс өзгерістер мен толықтыруларды сараптамалық кеңестің төрайымы енгізеді. Сараптамалық кеңестің құрамын жаңа мерзімге бекіту кезінде ауыстыру қарастырылады.
СК мүшелері:
1) объективті, толық және дұрыс мәліметтерді ұсынады;
2) келіп түскен материалды қарауға қатысты деректерді жасыруға жол берілмейді;
3) ғылыми этиканы бұзу фактілеріне мән қояды;
4) шешім қабылдау кезінде қоғамдық пікірдің, тараптардың бірінің немесе үшінші тұлғалардың ықпалынан еркіндік;
5) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
6) қызмет процесінде СК басқа мүшелерінің, педагогтердің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін дөрекі, қорлайтын сөздерді, айыптауларды қолданбайды. Осы тармақта көрсетілген талаптарды сақтамау фактілері анықталған жағдайда, СК мүшесі құрамнан шығарылады.