1-тапсырма. Тапсырма сипаттамасы: • Ғылыми білім саласы: Тірі жүйелер
• Құзіреттілік: құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру
• Мәнмәтін (контекст): жеке
• Танымдық деңгейі: төмен
• Ғылыми білім түрі: процедуралық (рәсімдік) білім
• Жауап формасы: бірнеше дұрыс жауапты таңдау
Самал өз бөлмесін бөлме өсімдіктерімен безендіргісі келді. Ол ата-
анасымен бірге дүкенге келді. Дүкендегі сатушы Самалдың ата-
анасына бөлме өсімдіктерін таңдауға кеңес беру үшін бірнеше
сұрақ қойды.
Тапсырма: Сатушының қай сұрақтары бөлме өсімдіктерінің
тіршілік жағдайына байланысты?Барлық дұрыс жауаптарды
белгілеңіз.
А) Бөлмеде неше терезе бар?
В) Бөлмеге жарық қай жақтан түседі?
С) Бөлме еденінен кілем төселген бе?
D) Өсімдіктер бөлменің қай бөлігіне қойылады?
Е) Терезелер ағаштан жасалған ба, әлде пластиктен бе?
Бағалау жүйесі Балл
Критерий мазмұны
1
А,В,D нұсқалары белгіленеді.
0
Басқа жауаптар